ВЕРНУТЬСЯ

Періште сенім

АЛҒЫ СӨЗ
Табылдым...
Жаңылмапсың,  көреген  күн!
Сен  емей  мың 
сезімге  бөлеген  кім?!
Табылдым...
Қыз  Жібегін  құлай 
сүйген
Мен  бүгін - көк  жорға 
атты  Төлегенмін.
Табылдым...
Қажет  емес  қазына-кен.
Ғұмырдың 
налымаймын  азына  мен.
Өйткені  ақ  Баянын 
құша  алмастан
Арманда  құлап  кеткен 
Қозы  да  мен.
Зырламай  тұрып  алған 
уақыт  бүгін,

Ешкім ешбір құпиясын білмейтін

Ешкім  ешбір  құпиясын 
білмейтін,
Білмегесін  кейде  орынсыз 
тілдейтін,
Өміріңнің  тең  жартысын 
өрт  қылған
Киелі  бір  мезгілің 
бар  түн  дейтін.
Жұрт  кеңесін  көкірегіңе 
құйып  ап,
Жүрсең  де  әр кез 
ақ  уыздай  ұйып-ақ,
Жарық  күнде  жарқыраған 
тірліктен
Қараңғыда  көз ілу  де  қиын-ақ.
Түнделетіп  құмартсаң  ау  сүзгің  кеп,
Ойлама  сен:
«Ұяттан  қара  үздім!» 
деп.

Шағын әңгіме

Әзіл  емес,
тек  шындық 
қайта  мұнда.
Көзім  анық 
жетпесе  айтамын  ба?
Қыдырысқа  шықсақ 
біз,
маңайда  сен
Жататынын  не 
болып  байқадың  ба?
Байқау  қайда!..
Емес  бұл 
білмегенің, -
Сезімтал  ғой  қыз  қылық 
гүл  дегенің.
Тілегім  сол -
бақыттан  жерге  сыймай,
Көз  алдымда  жүрші 
тек  күнде  менің!
Ал  көшеден  байқадың 
мәнді  нені?
Бір  қуантар  жөнің 

Қайта оралтып сол күндерді аңсаған

Қайта  оралтып  сол  күндерді  аңсаған,
Түсімде  де
күй  ойнатып,
ән  салам.
Берсең  қазір  маған 
шыбын  жаныңды,
Өз  жанымды  берер 
едім  мен  саған.
Дос  көрінген  дұшпаныма 
өкпем  кем,
Аман  қалдым  тек 
сабырым  жеткеннен.
Соған  куә -
тістеніп   мен  жүрмін-ау
Бұлбұл  түндер,  гүлгүл 
күндер  кеткенмен.
Тұрмағасын  дүркін-дүркін  тілдесіп,
Жүрмегесін  хабар  салып, 
із  кесіп,

Соңғы хат

Жалықтым  айнала  бос  өгей  үннен,
Сен  бір  сыр  төкші  күміс 
көмейіңнен.
О  бастан  тәңірімдей 
тыңдаушы  едім,
Ойланбай  бұл  жолы 
да  сенейін  мен.
Достарда 
болмайды  ғой  бүкпе 
деген.
Жүректе  сезім  бар 
ма  жіктемеген?
Бәрін  айт, -
шаршайтындай  ақиқатқа
Осалдық  көз  жұмғанша 
күтпе  менен!
«Не  жазам?» деме  сәлем 
жолдағанда,
Оңай  деп  ойлап 
па  едің  ол  маған  да!

Страницы