ВЕРНУТЬСЯ

Отыр мәңгі сұлулық тағында кім?

Отыр  мәңгі  сұлулық 
тағында  кім?
Естіледі  сиқыр  боп  бағыңдағы  үн.
Айдын  көлдің  сен  арғы  жағындасың,
Айдын  көлдің  мен 
бергі  жағындамын.
Өтеді  өмір  жылдардың 
жетегінде,
Қусам  енді  көшіне 

Көшеде бүгін көп сый тұр

Көшеде  бүгін 
көп  сый  тұр
Естіліп  анық 
бар  әні:
Жосылған  көп  қыз
-
Көп  сиқыр
Көзіңді  жұтып 
барады.
Көңілге  әсер 
сыймайды,
Алтын  ба, -
Небір  жарқыл 
бар.
Жаныңды  да  әбден  қинайды
Көлбеңдеп  күміс 
балтырлар.
Күн  көзін 
шалып  құлатып,
Келісті  күрең 
жауырын
Өтеді  көкке 
жыр  атып
Алдыңнан  сенің, 
бауырым!

Тарау-тарау өріміндей бұрымның

Тарау-тарау  өріміндей  бұрымның,
Келе  жатып,
мың  сүрлеуге  ұрындым.
Есімде  жоқ
қалдым  қалай  көз 
жазып,
Шамасы  сен
Күншығысқа  бұрылдың.
Тарау-тарау  өріміндей  бұрымның,
Келе  жатып,
мың  сүрлеуге  ұрындың.
Есіңде  жоқ
қалдың  қалай  көз 
жазып,
Шамасы  мен
Күнбатысқа  бұрылдым.
Құдай  қосса,
құшақтарға  толып  құт,
Жарылқайтын  Тәңір -
жомарт...

Үш сөз

Табиғаттың  үйреткен  тәліміндей
Жарық  күннің  қош 
алып  әмірін  кей,
Өте  сирек  еститін 
бір  үш  сөзге
Сенеміз-ақ  тірліктің  тәңіріндей.
Таныс  олар  ежелден 
қаншаңызға!
Ұмытпайсыз  ажалға  барсаңыз 
да.
Сөз  тегін-ақ  тірлікте,
бірақ, бірақ
Олар  қымбат  ерекше 
баршамызға.
Сезім  биік  болуы 
тілегіңнен
Екенін  де  ежелден 
білемін  мен.
Сосын  да  олар 
сарғайған  сағыныштай

Парызың ғой басқа қонған бақтай бір

Парызың  ғой  басқа  қонған  бақтай 
бір,
Шамаң  келсе,  парызыңды 
ақтай  жүр!
Сақтау  үшін  өмірімді 
менің,
тек
Әуелі  өз  өміріңді 
сақтай  біл!
Сенің  ғана  үстіңде 
бар  тілегім
Таба  алатын  сырқатымның 
бір  емін.
Екеумізге  ортақ  бұл 
бір  құпия,
Білесің  сен,
оны  мен  де 
білемін.
Дегенменен  бір  сөз 
айтсам,  мойыма!
Нелер 
келіп-кетпей  жатыр  ойыңа!

Страницы