ВЕРНУТЬСЯ

Көшеде  бүгін 
көп  сый  тұр
Естіліп  анық 
бар  әні:
Жосылған  көп  қыз
-
Көп  сиқыр
Көзіңді  жұтып 
барады.
Көңілге  әсер 
сыймайды,
Алтын  ба, -
Небір  жарқыл 
бар.
Жаныңды  да  әбден  қинайды
Көлбеңдеп  күміс 
балтырлар.
Күн  көзін 
шалып  құлатып,
Келісті  күрең 
жауырын
Өтеді  көкке 
жыр  атып
Алдыңнан  сенің, 
бауырым!
Таңданту  үшін 
жаралып,
Талдырып  салса,
Сенбей  көр!
Өтеді-ай  қарап  қадалып
Секірген  тентек 
кеуделер...
Осындай  бір  сәт  жеткенсін
Төзімге  де 
енді  тоясың...
Айналып  басың 
кеткенсін
Көзіңді  жұма  қоясың.
Сенсеңдер,
осы  расым,
Байқаңдар  бірің,
мыңың  кеп!
Өзің  де 
сосын  тұрасың
Зорыққан  аттай  дірілдеп.