ВЕРНУТЬСЯ

Көгершінім

Көгершінім,
бүгін  маған  қолың 
бер!
Мөңкіп  кетсін  маңып 
жүрген  көңілдер.
Тұрмыс  қуса, -
арқаланып  ауыр  бар,
Маған  келсең, -
желдей  ұшып  жеңіл 
кел!
Маған  келсең, -
ақ  нұр  болсын 
айналаң,
Бақытты  елдей  балауса 
бел  жайлаған.
Өзіңнен  де  бұрын 
жетсін
наз  күлкің
Сымдай  қыпша  беліне 
гүл  байлаған.
Бұлбұл  құстай  тіршілікке 
таң  қалып,

Мелодрамма

Күнім  сөніп  тұрса 
да  көктен  күлген,
Жоқ  өзіңе  бір 
мысқал  өкпем  мүлдем.
Сәл  кідірші!
Ендігі  қас қағым  сәт
Қымбат  бола  қоймас-ақ 
өткен  күннен.
Сәл  кідірші!
Тіл  қатшы  не 
десең  де!
Сұмдық  болды-ау  бас 
аман,  ел  есенде!
Тек  тіл  қатшы!
Өзің  біл:
табаласаң,
Жебесең де, еңсемнен демесең 
де.
Бірге  туып,  жандардай 
өскен  егіз
Бір ілесіп ек өмірлік 

Алыс жол қажытты ма?

Ренжи  көрме,  мынау 
сөзім  шыны, -
Сұрасам,  сұраймын  мен  өзімсініп.
Асыққан  алыс  жолдар 
қажытты  ма,
Апыр-ау,  мұнша  неге  жүзің  сынық?
Шаршатып  кеткендей-ақ  бір  күн,  міне...
Шошыттың,  көзіңе  жас 
іркілді  де.
Бас асау  алыс  жолдар 
қажытты  ма,
Жоғалтып  алыпсың  ғой  күлкіңді  де.
Келгенде  демеу  күндер 
аз  ыңғайға
Көңілдің  сырқаты  да 
жазылмай  ма?..
Әзілге  зауқың  жоқ   қой  бұрынғыдай,

Көз жас пен күлкі

Жаным-ау,  ғажап  қой  бұл  өмір 
деген!
Мен  мұнша  бүгін 
неге  көңілденем?!
Өмірдің  бар  қызығы 
сенде  екен-ау,
Апырай,  неге  ертерек 
көрінбеп  ең!
Әр  күнім  бір-бір  асу 
белеске  тең,
Көзіме  сан  ғасырды 
елестетем...
Бар  әлем  бізге  қарап  кідіргендей,
Сол  сенің  құдіретің 
емес  пе  екен?!
Күн  көзін  шырқау 
көктен  жер  тіреген,
Қаласаң,
Бар  көңілге  келтірем 
мен...

Ах, жеңгесі!

Ах,  жеңгесі!
Ох,  жеңгесі!
Жеңгесі!
Денем дел-сал,
бір  нәрсе  етіп 
емдеші!
Көп  нәрседен  хабары 
жоқ  қайныңның
Қартайғанда  кіре  бастады 
енді  есі.
Қартайғанда  кіре  бастады 
енді  есі,
Бүгін  оның  жоқ  ақылдан  теңдесі.
Кім-кімді  де  кекілінен 
жел  ескен
Күнде  алдынан  қарсы 
алмайды  жеңгесі.
Не  амал  бар үркек 
көңіл  сенбесе?
Аппақ  бауыр  сазан 
едің  сен  кеше.

Страницы