ВЕРНУТЬСЯ

Қандай жомарт, қайран туған ел деген

Қандай  жомарт,  қайран 
туған  ел  деген!
Бір  той  үсті 
кең  ауылды  кернеген.
Тербетіп  ең
әткеншекте  отырып,
Сәбиімді  дүниеге  келмеген.
Кімнің  көркі  озған 
менің  гүлімнен!
Қайран  қалып  жанарыңа 
үңілген
Отырған-ды
есін  жиып  кете 
алмай.
Соны  қайта  көрдім 
анық  бүгін  мен
Бір  ай  бұрын  өзім  туған 
күнімнен.
Періштелер  лебін  қуып 
ызғардың,
Отау  үйге  іздеп 

Құмай тағдыр озсын мейлі, озбасын!

Құмай  тағдыр  озсын 
мейлі,  озбасын! -
Ойлайды  әркім  жұрттан 
бұрын  өз  басын.
Шамаң  жетсе,  шүкірлік 
қыл  барына,
Етегіңе  төгілмейді  көз жасың.
Ізет  емес,  істің 
бәрі  жең  түрген,
Мұрат  емес,  жетім 
ойлар  тентірген.
Өзің  ғана  жаза 
аласың  өзіңді
Жолай  ілескен  ұсақ-түйек 
дертіңнен.
Осы  жолда  төзімің 
тек  тозбасын!
«Иншаллаһтан» 
бастап  үйрен  сөз 
басын.

Ұмыту

Мінезімді  құптай  қоймай 
шабан  бұл,
Әзілменен  күлуші  едің 
маған  кіл.
Енді  бүгін  екеумізге 
байқатпай,
Жеткен  болды  ұмытшақтық 
саған  бір.
Бір  нәрсені  түсіргендей 
сен  еске
Кенет  мені  шақырып 
бір  кеңеске,
Таңдандырып  сыр  ашқаның, 
жарқыным,
Шынында  да,  кеше  ғана
емес  пе?
«Талып  жеткен  ізіменен 
жұлдыздың
Талай  мені  төсегімнен 
тұрғыздың.
Жек  көремін  сені...

Күміс көйлек үстіңдегі кигенің...

Күміс  көйлек  үстіңдегі 
кигенің...
Сәтін  салды, -
мен  де  бүгін  үйдемін.
Үлбіреген  саусағыңнан  ұстадым,
Бірақ  күміс  көйлегіңе 
тимедім.
Күміс  пе  бұл,  әлде  жанған 
алау  ма?
От  тимегей  үстімдегі 
жамауға.
Бұрын-соңды  күміс  көйлек 
көрмеген
Қорқады  екен  күмісіңе 
қарауға.
Ұзақ  тұрып,  таңдануым 
жеткенсін,
(Күмістеген 
сенен  өзге  жоқ  көршім!)
Күміс  көйлек  ішіндегі

Дұрыстықтың ақыры

Тұлғасы  бар  табиғат 
дара  пішкен,
Дара  пішкен  ғажайып 
қара  күштен.
Жын-ойнақтың 
ішінде  жүріп  те  ол
Жан  емес-ті  бір  жұтым  арақ 
ішкен.
Шығарардай  бір  өзі  ғашық  атын
Жұмыстан  ол  тек  үйге  асығатын.
Алғанда  да  айлығын
әйелінен
Жан  емес-ті  бір  теңге  жасыратын.
Әдет  тауып  кей-кейде 
бүлікшілік,
Мінезінен  көрген  жоқ 
ілік  шығып.
Ең  болмаса,
жастықпен  байқамай  ол

Страницы