ВЕРНУТЬСЯ

Күміс  көйлек  үстіңдегі 
кигенің...
Сәтін  салды, -
мен  де  бүгін  үйдемін.
Үлбіреген  саусағыңнан  ұстадым,
Бірақ  күміс  көйлегіңе 
тимедім.
Күміс  пе  бұл,  әлде  жанған 
алау  ма?
От  тимегей  үстімдегі 
жамауға.
Бұрын-соңды  күміс  көйлек 
көрмеген
Қорқады  екен  күмісіңе 
қарауға.
Ұзақ  тұрып,  таңдануым 
жеткенсін,
(Күмістеген 
сенен  өзге  жоқ  көршім!)
Күміс  көйлек  ішіндегі
өзің  де
Қалай,  қалай  күміс 
болып   кеткенсің?
Шын  сөзімді  көрмек 
едім  дәлелдеп,
Есімді  алды  арбаған 
бір  әлем  кеп.
Бұртидың  сен:
«Сырты  күміс  болғанмен,
Ішіндегі - кәдімгі  жай  әйел!» 
деп.