ВЕРНУТЬСЯ

Көзіңді жеп, көп оқыма сен мені!

Көзіңді  жеп,  көп  оқыма  сен 
мені!
Бір  ағаңмын  аман  жүрген  елдегі.
Жылына  бір  хабар 
жетсе,
ол - саған
Ұшып  жеткен  меруерт 
мұң  мендегі.
Аштым  бүгін  көңілдегі 
көмбені,
Көмбе,  сірә,  ажалымнан 
кем  бе  еді!
Ол - таңдаулы,
«тал  бойында  бір 
мін  жоқ»
Саған  деген  сұлу 
сезім  мендегі.
Үміт  еттім,
сол  боп  көңіл 
сенгені,
Сенімді  деп  сөкпе 
асығыс   сен  мені!

Қалааралық қоңырау

Бұл  сөзімнен  кемсіткен 
бір  ұқпа  сын!
Білсең  де  сен  уәдесін  ол  жұтпасын,
Айлық  жерге  жол  түскендей
шақ  тұрып,
Әрең  алдың  телефонның 
тұтқасын.
Талай  күткен  күн 
демей,  не  түн 
демей,
Талай  күткен  азап 
демей,  мін  демей
Қоңырауың  еді  бұрын 
бұл  сенің...
Ұзақ  тұрдың  неге  бүгін  үндемей?
Ұзақ  тұрдың  бір 
суынып,  бір  ысып,
Ашуыңды «ас 
етуге»  тырысып.

"А"-дан басталатын әзәзілдер

Беу,  жігіттер,  шайқап 
көрдік  тірлікті
Солқылдатып  сан  кереге-түндікті...
Таңы  күйген  таз 
даладан  су  шықты,
Жаңбыр  тамбас  жонға 
талай  гүл  бітті.
Алқынғанда 
бізбен  бірге  арай  күн
Сыймай  кеттік  ішіне 
хан  сарайдың.
Бермегенін 
тартып  алдық  тағдырдың,
Сыбағасын  қағып  кеттік 
талайдың.
Сайрандаудай 
сайрандадық...
талмадық...
Артымызда  будақ-будақ  шаң  қалып...

Ақылдың ақысы

Түсінбедім,
шын  айтам,  түсінбедім,
Қайда  болдың, - жоқ  онда 
ісім  менің.
Ойласаң  сен,
ұялмай,  түн  суытып,
Ашатындай  есігін  кісің 
бе  едім?
«Өңім...»  дедің,
ал  сосын «Түсім...»  дедің,
Қайтарардай  ағат  бір 
ісің  кегін.
Бірақ  соның  бәрінен 
мен  ештеңе
Түсінбедім,  шын  айтам, 
түсінбедім.
Жараспайды  әйелге   анайылық,
Тұрсың  мұны,  білмеймін, 
қалай  ұғып.

Дейін және кейін

Құла  түзде  пері 
аунап,  шайтан  босқан
Бір  жаңа  өнер  үйреніп
«сайқал»  достан,
Жынды  да  емес, 
сау  да  емес  дәуренім-ай
Тұңғыш  рет  бәйгеге 
байтал  қосқан!
Қалай  шаптым? -
Шаптым  ба,  шаппадым 
ба?
Не  іздедім? -
Таптым  ба,  таппадым 
ба?
Періште  мен  періні 
қатар  көрдім
Алаңғасар,  аңқаулау  ақ  таңымда.
Не  істедім? -
Тұрдым  ба,  құладым 
ба?
Не  сезіндім? -

Страницы