ВЕРНУТЬСЯ

Беу,  жігіттер,  шайқап 
көрдік  тірлікті
Солқылдатып  сан  кереге-түндікті...
Таңы  күйген  таз 
даладан  су  шықты,
Жаңбыр  тамбас  жонға 
талай  гүл  бітті.
Алқынғанда 
бізбен  бірге  арай  күн
Сыймай  кеттік  ішіне 
хан  сарайдың.
Бермегенін 
тартып  алдық  тағдырдың,
Сыбағасын  қағып  кеттік 
талайдың.
Сайрандаудай 
сайрандадық...
талмадық...
Артымызда  будақ-будақ  шаң  қалып...
Сайрандадық  таңданбасқа  таңданып...
Сайрандадық  алданбасқа  алданып...
Әзәзілдің  бәріне  де  ұнадық,
Ұнағасын,  не  тұрыс 
бар, - құба-құп!
Талай-талай 
биіктерден  биіктеп,
Талай-талай 
аласадан  құладық.
(Рас,  кейде  жөнсіздеу 
де  кетеміз,
Өмір - біреу,
солай  етпей  нетеміз!)
Енді  бүгін  қалта 
толы  валидол,
Табан  тозық,
қызыл  шақа  шекеміз.
Сабыр  қылсаң,  ештеңе 
емес  ол-дағы,
Ақ  таяқтар  қалтырайды 
қолдағы.
Қамал  бұзған  қырық 
жылдың  қызуы -
Солай,  қалқам -
бір  күнгідей  болмады...
Бұл  болмағай  тек 
сенің  де  «Әліппең»,
«Әліппеден»  өкінбеген  ғаріп 
кем.
Жігіт  соры -
әзәзілдің  бәрі  де
Басталды «А» 
деген   бір  әріптен.
Құрбандығын 
тауып  қыздан,  ұлдан 
да,
Мәңгі  майдан  жүріп 
жатыр  бұл  маңда.
Сосын  да «А»-дан  қашық 
жүр,
ол  бір  күні
Өзіңді  әбден  танып 
алмай  тұрғанда.
Берік  сеніп  құрыштай 
өр  талғамға,
Заты  жалған  әзәзілге 
алданба!
Жауыңнан  да  бетер  қашық  жүр,
кенет
Сол  бір «А»-лар  сені 
танып  алғанда!