ВЕРНУТЬСЯ

Ботакөз дәурен

1.
Еш  нәрсеге  зауқым 
жоқ  бүгін  менің!
Болмаса  да  бұл 
менің  түңілгенім,
Болмаса  да  бұл 
менің  бүгілгенім...
Еш  нәрсеге
зауқым  жоқ
бүгін  менің!
Бір  ғана  жай 
менің  тек  өкінерім:
Келер  күнге  жол 
тартып  отыр  едім,
Бір-ақ  сәтте  өткендей 
жойқын  дауыл
Елсіз  қалды  ер  көңіл  көкірегім.
Осындай  жай,  Гүлім-ау,
сенсең,  міне,
Бір  зіл  басып 

Қуып жүрген қиял-арман түлкісін

Қуып  жүрген  қиял-арман 
түлкісін
Мендей  болар  сені  аңсаған  бір 
кісің.
Тірліктің  бар  азабына 
мақұлмын
Ақ  жүзіңде  ойнаған 
бір  күлкі  үшін.
Топырағымнан
момын...
әрі  батылмын.
Сен  дегенде  сабыры 
жоқ  ақылдың.
Ақ  жүзіңде  ойнаған 
бір  күлкі  үшін
Мақшар  барып  қайтуға 
да  бақылмын.
 

Сарбаз көңіл алдамайды сенгенін

- Сарбаз  көңіл  алдамайды 
сенгенін,
Күміс  қанат  періштемсің 
сен  менің! -
Дегенімде  шошып  кетіп...
ал  сосын
Имандай  шын  сөзіме 
де  сенбедің.
- Көңіл  сонда  нөсер 
де  еді,  сел 
де  еді,
Афродита  құшқан  десін 
ел  мені -
Дегенімде
имандай  шын  сөзімді,
Ең  болмаса,  тыңдағың 
да  келмеді.
- Мен  танитын  ажар 
да  сен,  сән 
де  сен,
Тірлік  жайнап  кетеді 
сен  сәндесең.

Тосын шығар батылдығым бүгінгі

Тосын  шығар  батылдығым 
бүгінгі,
Тосындығы  сәл  кештеу 
тек  білінді.
Бір  құмарлық  үзіп 
кетті  шынжырын
Жасыра  алмай  менің  әлсіздігімді.
«Бір  шиқылы  қалмай 
шыбын  жанның  да, -
Қорқып  едім: жасық   тартып 
қалдым  ба?»
Жоқ!
Тәуекел!
Құмарлықтан  жығылып...
Ұятты  болам  бүгін 
сенің  алдыңда.
Сәтті-сәтсіз  күндерді  еске 
жиі  алып,
Намысшылдың 
екпіндейтін  сыйы  анық.

Әр кезеңдер

«Сен  жалғызсың,
мен  сен  үшін 
жалғызбын.
Жеттім  саған  белін 
басып  сан  құздың.
Шаңырағым - патшалығым 
баянды,
Ханымыңа  хан  сарайын 
салғыздың.
Қызығады  қазір  бізге 
жас-кәрің,
Бір  сөздің  де  ақтармаймыз  астарын.
Ортаймайды  бақытым  тек  өзіңмен,
Менің  жалғыз  арқа  сүйер  асқарым!
Сен  жалғызсың,
мен  сен  үшін 
жалғызбын.
Таптым  сені  белін 
басып  сан  құздың.

Страницы