ВЕРНУТЬСЯ

Ұрандадық

Ұрандадық,
ұнадық,
Ұғыстық  та...
Ұғыстық  та, -
бел  будық  туыстыққа...
«Махаббатқа  адалдық -
ерлік»
және
«Мәңгілік - ол» 
дедік,
сол -
дұрыстық  па?
Айбаттастық,
айтыстық,
ұрыстық  та...
Бел  кеткенше  тірестік,
тұрыстық  та...
Махаббатпен  бір  жүреді 
опасыздық!
«Ол  да - мәңгі»  дедік,
сол -
дұрыстық  па?!

Жер көр мені

Қамап  жүрген  сәтінде 
ағаңды  мұң,
Білдіргендей 
армандар  амандығын,
Қатар  жүріп  жиырма 
жыл
ойда  жоқта,
Тұңғыш  тіктеп  қарадың 
маған  бүгін.
Нөсер  жауып  өткендей 
аймақ-қырды
Көк  пенен  жер  гүл  атып, 
жайнап  тұрды.
Үндемедің...
бірақ  та  жәудіреген
Қос  жанарың  өзіңдей 
сайрап  тұрды.
Үндемедің...
басымды  айналдырып,
Үндемедім...
төзімім - айлам  құрып.

Тасқын тулап таудан ба, әлден құздан ба

Тасқын  тулап  таудан 
ба,  әлден  құздан 
ба,
Тұнып  тұрған  тоғаныңды 
бұзғанда
Ырым  болсын  жақсылыққа 
беймәлім,
Менен  жұтым  жұпарыңды 
қызғанба!
Бәстескенде 
жігіт  емен  боркемік,
Өскен  жоқпын  ақ 
уызды  жорта  еміп.
Сай  сүйегім  сына 
сықырлағанша,
Ал  еріндер  кетсін, 
мейлі,  өртеніп.
Сына,  сына  төзімімді 
тауысып,
Табысқанша  бір  ғажаппен 
қауышып.

«САЛТАНАТ» увертюрасы

Кездестік  біз,
кездестік  біз  кенеттен,
Жорымаймыз  оны  ешбір 
себеппен.
Мен  тап  болдым 
жол  үстінде  сен 
өткен,
Сен  тап  болдың 
жол  үстінде  мен 
өткен.
Екеуміз  де  келе 
жатып  алаңсыз
Жалт  қарадық  бір-бірімізге 
амалсыз.
Мүмкін,  бір  сәт 
қалармын  мен  жолымнан,
Мүмкін,  бір  сәт 
жолыңыздан  қаларсыз?..
Кетті  кенет  кең 
дүние  теңселіп,
Тұман  басып  қос 

Бірінші диолог

- Мен саған 
кездеспесем  қайтер  едің?
- Жазғырман   қиын  сауал 
сұрады  деп,
Бақыттың  біз  білмейтін 
тұрағы  көп.
Ойлар  ем  махаббаттан 
емес,  өмір
Тек  қана  сағыныштан 
тұрады  деп.
- Тағы   мың  жыл 
кешіксем  қайтер  едің?
- Ел   шарлап  өтсін 
жылым  түзде менің,
Жаныма  алданыш  күн 
іздемедім.
Егер  мен  мың 
жыл  өмір  сүрер 
болсам,
Өзіңді  тура  мың 
жыл  іздер  едім.

Страницы