ВЕРНУТЬСЯ

Қамап  жүрген  сәтінде 
ағаңды  мұң,
Білдіргендей 
армандар  амандығын,
Қатар  жүріп  жиырма 
жыл
ойда  жоқта,
Тұңғыш  тіктеп  қарадың 
маған  бүгін.
Нөсер  жауып  өткендей 
аймақ-қырды
Көк  пенен  жер  гүл  атып, 
жайнап  тұрды.
Үндемедің...
бірақ  та  жәудіреген
Қос  жанарың  өзіңдей 
сайрап  тұрды.
Үндемедің...
басымды  айналдырып,
Үндемедім...
төзімім - айлам  құрып.
Сездің  бе  екен, 
білмеймін,  сол  сәтте 
бір
Көңілімде  жатқанын  майдан 
жүріп.
Тыныштығын  өзінің  шайқарда 
адам
Бір  тәуекел  тапса 
еді-ау  байқалмаған.
Құрып  кетсін  бұл 
тірлік,
жылап  жатып,
Түсінде  де: «Сүйем!»  деп 
айта  алмаған!
Жетім  лақтай  қор 
болған  бөктердегі
Мынау  қу  бас 
не  сұмдық  өткермеді!
Соның  үшін,  ездігім 
үшін  бүгін
Жек  көр  мені,
өлердей  жек  көр 
мені!
Есе  даулап,  ешкімді 
басынбаған,
Басынбаған - бірақ 
та  бас ұрмаған.
Жан-дүнием  дір  етсін,
жек  көр  мені
Сорлылығын 
ешкімнен  жасырмаған.
Ышқынғандай  өмірім  өткелдері
Демім  бітіп  жүретін 
көптен  бері.
Осыған-ақ  көрінсін,
әз  әкеңнің
Алажағы 
кеткендей  жек  көр 
мені.
Көңілімнің  жүзіне  жыр  аңсаған
Бір-ақ  түкір!
(О, тоба, тұрам  соған!)
Бірақ  мені  жек  көру  үшін 
бақи
Мәңгілік  те
жетпейтін  шығар  саған...
Көз жас  неткен  мұншама 
кермек  еді?!
Оған  қанша  жыл  күлкі  ермегелі.
Мен  жұбансын  десең 
сен,
сол  бір  сөзді
Өзің  айт  та,  қолыңнан  жерле 
мені!
Хош,  қарағым!
Өзіне  ғашық  қылып,
Жендет  уақыт  барады 
асықтырып.
Мен  өтірік  айтпаймын
қара  жерді -
Өзім  жатар  моламды 
басып  тұрып.