ВЕРНУТЬСЯ

Тасқын  тулап  таудан 
ба,  әлден  құздан 
ба,
Тұнып  тұрған  тоғаныңды 
бұзғанда
Ырым  болсын  жақсылыққа 
беймәлім,
Менен  жұтым  жұпарыңды 
қызғанба!
Бәстескенде 
жігіт  емен  боркемік,
Өскен  жоқпын  ақ 
уызды  жорта  еміп.
Сай  сүйегім  сына 
сықырлағанша,
Ал  еріндер  кетсін, 
мейлі,  өртеніп.
Сына,  сына  төзімімді 
тауысып,
Табысқанша  бір  ғажаппен 
қауышып.
Жүрек  болса,  кеуделерге 
сыймасын,
Жатсын  кезек  саған-маған 
ауысып.
Ал  сәтіңде  төзім 
мүлде  қалмаған
Жотам  төзбес  салмағыңды 
сал  маған.
Қауіптенбе,
әдетте,  жер  сілкінген
Жерге
көмек  тез  жетеді 
Алладан.