ВЕРНУТЬСЯ

Кездестік  біз,
кездестік  біз  кенеттен,
Жорымаймыз  оны  ешбір 
себеппен.
Мен  тап  болдым 
жол  үстінде  сен 
өткен,
Сен  тап  болдың 
жол  үстінде  мен 
өткен.
Екеуміз  де  келе 
жатып  алаңсыз
Жалт  қарадық  бір-бірімізге 
амалсыз.
Мүмкін,  бір  сәт 
қалармын  мен  жолымнан,
Мүмкін,  бір  сәт 
жолыңыздан  қаларсыз?..
Кетті  кенет  кең 
дүние  теңселіп,
Тұман  басып  қос 
жанар  мен  еңсені.
Рас,  мені  көрмеп 
едің  бұрын-соң,
Бұрын-соңды 
көрмеп  едім  мен 
сені...
Ұмыттырып 
ұлықтаған  бас  қамын,
Бұлт  торлады  қимастықтың 
аспанын.
Беу,  дүние-ай,  көзді 
ашып-жұмғанша
Өртке  оранып,
лаулап  жатты  қас қағым.
Бақыт,  сірә,  жолықпайды 
жай,  тегін,
Бақыт  менің  қартайғанда 
қай  теңім!
Бейтаныспын, -
амалың  жоқ,
қайтесің!
Бейтаныссың, -
амалым  жоқ,
қайтемін!
Қайран  ару,  қала 
көрме  жолыңнан,
Арайланып  ақ  Күн 
тусын  оңыңнан!
...Мені  «Артына  қарамас 
па  екен?»  деп,
Қайта-қайта 
қарай  бердің  соңымнан.
Сені «Артына 
қарамас  па  екен?» 
деп,
Мен  де
ұзақ  қарап  тұрдым 
соңыңнан.