ВЕРНУТЬСЯ

Отырғанда үйінде бір ағаның

Отырғанда  үйінде 
бір  ағаның
Ойлап  жатпай 
сөзіңнің,  сірә,  мәнін,
Есіңде  ме 
сыбырлап:
- Біз   бақытты
Боламыз  ба, 
айтшы? - деп  сұрағаның.
Үлкен  үміт 
артқанда  келешекке
Қуанышқа  мас 
болдық  демесек  те,
Кетеді  екен  бір  сәтке  бала 
болып,
О, ғажап-ай,  тісқақты  ересек 
те.
«Ойланды!»  деп  тұрдың 
мен  күлмегенсін,
Әдемі  сөз  қайдан 
тез  тілге  келсін!

Еңсем түсіп, таянғандай тығырық

Еңсем  түсіп,
таянғандай  тығырық
Жатыр  едім  жай  тұмаудан  жығылып,
«Шіркін,  қандай  жігіт 
едің!»  дедің  сен...
Шарпып  өтті  белгісіз 
бір  жылылық.
«Кейде  қиыр  шалғайлардан 
жол  түсіп,
Бөктер  толы  бөкендерім 
орғысып,
Саған  жетіп,
басатын-ды  шөлдерін».
Деп  едің  сен...
кетті  мені  шөл  қысып.
«Ол  күндерің  қалды 
деме  жырақта,
Сіңір  созып,  бой  түзесең  бір 
апта,

Танго

О,  ғажап-ай!
Тыңда,  мейлің  тыңдама!
Отырғаным  жоқ  түсініп 
дымға  да.
Телевизор  ашсам  бүгін, -
танголар,
Радио  қоссам, -
танго  мұнда  да.
Тыңдамауға  көріп  ем  сәл  тырысып,
Маңайымда  жүрді  сиқыр 
нұр  ұшып.
Қай-қайдағы 
оралды  да  ойыма,
Кетті  денем  бір 
суынып,  бір  ысып.
Себебі  бар  ыситын 
да  тоңатын,
Түсініксіз  шығар  мүмкін, о 
да  тым.

Тағы аударып уақыттың бір парағын

Тағы  аударып  уақыттың 
бір  парағын,
Неге  маған  күдіктене 
қарадың?
Мен  отырмын   жасырған 
боп
кеше  кеш
Шеге  жыртқан  шалбарымның 
балағын.
Қою  түннен  қалмағандай 
ес  мүлде,
Мұндай  сынды  бұрын 
бастан  кештің  бе?
Бір  қызығы:
екеуміз  де  тіріміз,
Осыны  айтсаң  сенбес 
еді  ешкім  де.
Бір  дыбыс  та  қиялымды  бұзбайды.
Қасымда - қыз,
қаным  қалай  қызбайды?!

50 мен ??

Еркін  түскен  жекпе-жек 
пышағына
Тірлігімнің 
болды  ірі,  ұсағы 
да.
Атан  бөксе,  аршын 
төс  түндер  әлі
Алқынып  кеп  құлайды 
құшағыма.
Алшысынан  түскендей  жолым 
бүгін,
Енді  менің  қағады 
қолымды  кім?
Маздап  жанып  жатамын 
намыспен  бір
Қызыл  шақа  шоғындай 
тобылғының.
Сыртқа  шаша  бермеуші 
ем  сырымды  ұдай,
Қазір   күнім - түлкі  де,  түнім
- құмай.
Бір  сәт  үшін 

Страницы