ВЕРНУТЬСЯ

Еңсем  түсіп,
таянғандай  тығырық
Жатыр  едім  жай  тұмаудан  жығылып,
«Шіркін,  қандай  жігіт 
едің!»  дедің  сен...
Шарпып  өтті  белгісіз 
бір  жылылық.
«Кейде  қиыр  шалғайлардан 
жол  түсіп,
Бөктер  толы  бөкендерім 
орғысып,
Саған  жетіп,
басатын-ды  шөлдерін».
Деп  едің  сен...
кетті  мені  шөл  қысып.
«Ол  күндерің  қалды 
деме  жырақта,
Сіңір  созып,  бой  түзесең  бір 
апта,
Қайтадан  бір  түлейсің-ау!» 
дедің  сен...
Өтірік  қой!
Ұнап-ақ  тұр  бірақ 
та.