ВЕРНУТЬСЯ

Отырғанда  үйінде 
бір  ағаның
Ойлап  жатпай 
сөзіңнің,  сірә,  мәнін,
Есіңде  ме 
сыбырлап:
- Біз   бақытты
Боламыз  ба, 
айтшы? - деп  сұрағаның.
Үлкен  үміт 
артқанда  келешекке
Қуанышқа  мас 
болдық  демесек  те,
Кетеді  екен  бір  сәтке  бала 
болып,
О, ғажап-ай,  тісқақты  ересек 
те.
«Ойланды!»  деп  тұрдың 
мен  күлмегенсін,
Әдемі  сөз  қайдан 
тез  тілге  келсін!
Өтірікті  айтпай-ақ  қалған 
едім,
Өзің  күткен  шындықты 
білмегесін.
Қиындыққа, 
білмеймін,  бекембіз  бе?
Бұйыра  ма  мәңгі 
бір  мекен  бізге?
Жауабын  да  соңынан 
берейінші,
Сол «соңынан»  бұйырса  екеумізге.