ВЕРНУТЬСЯ

О,  ғажап-ай!
Тыңда,  мейлің  тыңдама!
Отырғаным  жоқ  түсініп 
дымға  да.
Телевизор  ашсам  бүгін, -
танголар,
Радио  қоссам, -
танго  мұнда  да.
Тыңдамауға  көріп  ем  сәл  тырысып,
Маңайымда  жүрді  сиқыр 
нұр  ұшып.
Қай-қайдағы 
оралды  да  ойыма,
Кетті  денем  бір 
суынып,  бір  ысып.
Себебі  бар  ыситын 
да  тоңатын,
Түсініксіз  шығар  мүмкін, о 
да  тым.
Біздің  жастық  вальстармен 
басталып,
Танголармен  тәмамдалған  болатын.
Уақыт  қазір  тұрған 
кезде  шыңытып
Білсем  де  мен 
кім  ұтылды,  кім  ұтып,
Ұмытқаным  жоқ  билеуін 
тангоның,
Танго  бірақ  кетті 
мені  ұмытып.
Шауып  жүріп  жұмыспенен, 
үйменен
Шағымда  да  өкшем 
жерге  тимеген
Билеп  берер  едім-ау 
бір,
тек  қазір
Қыздар  қайда  сол 
тангоны  билеген?..
Соның  бәрін  қайталар 
ем  әлі  мен...
Жастық  шақты  оралтар 
өз  мәнімен.
Болса,  шіркін,  менің 
сиқыр  таяғым!
(Әттең,  оны  жоғалтып 
тек  алып  ем!)