ВЕРНУТЬСЯ

Еркін  түскен  жекпе-жек 
пышағына
Тірлігімнің 
болды  ірі,  ұсағы 
да.
Атан  бөксе,  аршын 
төс  түндер  әлі
Алқынып  кеп  құлайды 
құшағыма.
Алшысынан  түскендей  жолым 
бүгін,
Енді  менің  қағады 
қолымды  кім?
Маздап  жанып  жатамын 
намыспен  бір
Қызыл  шақа  шоғындай 
тобылғының.
Сыртқа  шаша  бермеуші 
ем  сырымды  ұдай,
Қазір   күнім - түлкі  де,  түнім
- құмай.
Бір  сәт  үшін 
жарты  күн  ой 
кешемін,
Оттан  көйлек  кию  жоқ  бұрынғыдай.
Қазір  жиі  гүл  шоғын  құшпайды 
арман,
Кептер  көңіл  елпілдеп 
ұшпайды  алдан.
Ақ  балтырлар  алыстан 
бұлдырайды
Естеліктей  қағазға  түспей 
қалған.
Жылдар  мені  қойған 
ба  білікті  етіп,
Білікті  етіп - өзіне  күдікті 
етіп,
Қос  бұрымдар  жоғалды 
қос  сүрлеудей
Жан  баспаған  нуларға 
сіңіп  кеткен.
Қажеті  не  сылтаудың, 
дәлелдердің,
Бұл  шындыққа  өзім 
де  әрең  келдім.
Бұрынғыдай  басым  да 
айналмайды
Ашық  қалса  омырауы 
әйелдердің.
Мінез  де  жоқ  бұрынғы  өртке 
бейім,
Баяулатты  көңіл  де  төкпе  күйін.
Жасырмаймын - қиындау 
тұтанамын,
Бір  тәуірі - сөнбеймін  көпке 
дейін.
Оқтау түзу 
жолдар  да  бұруланып,
Сағынышқа 
жылдарым  жүр  уланып.
Ерлер,  сірә,  қартайған 
сайын,  сұмдық
Кетеді  екен  қыз-қырқын 
сұлуланып...
Іс-тірліктің  қақым  жоқ  ұсағына
Іліксем  де  намыстың 
пышағына.
Атан  бөксе,  аршын 
төс  бір  түн  тағы
Құлап  түсті  секемшіл 
құшағыма...
(Сан  жолыққан  сәтте 
де  орайым  кем
Көрмеп  едім  қоштасып 
ағайынмен.
Бүгін  тірі  қалмаспын...
сәл  кідірші,
Бір  саптаяқ  у 
ішіп  алайын  мен!)