ВЕРНУТЬСЯ

Ренжи  көрме,  мынау 
сөзім  шыны, -
Сұрасам,  сұраймын  мен  өзімсініп.
Асыққан  алыс  жолдар 
қажытты  ма,
Апыр-ау,  мұнша  неге  жүзің  сынық?
Шаршатып  кеткендей-ақ  бір  күн,  міне...
Шошыттың,  көзіңе  жас 
іркілді  де.
Бас асау  алыс  жолдар 
қажытты  ма,
Жоғалтып  алыпсың  ғой  күлкіңді  де.
Келгенде  демеу  күндер 
аз  ыңғайға
Көңілдің  сырқаты  да 
жазылмай  ма?..
Әзілге  зауқың  жоқ   қой  бұрынғыдай,
Кешегі  жарасымды  назың  қайда?
Жөн  емес  көз жасыңды 
тыймағаның,
Өзіңді  бұйығы  ойға  қима,  жаным!
Білесің, -
сен  күйзелсең,  көріп 
тұрып,
Мен  сенен  мың 
есе  артық  қиналамын...