ВЕРНУТЬСЯ

Күнім  сөніп  тұрса 
да  көктен  күлген,
Жоқ  өзіңе  бір 
мысқал  өкпем  мүлдем.
Сәл  кідірші!
Ендігі  қас қағым  сәт
Қымбат  бола  қоймас-ақ 
өткен  күннен.
Сәл  кідірші!
Тіл  қатшы  не 
десең  де!
Сұмдық  болды-ау  бас 
аман,  ел  есенде!
Тек  тіл  қатшы!
Өзің  біл:
табаласаң,
Жебесең де, еңсемнен демесең 
де.
Бірге  туып,  жандардай 
өскен  егіз
Бір ілесіп ек өмірлік 
көшке де  біз.
Жаумыз  ба  енді?
Жарастық  қалмаса  да,
Жоқ  еді  ғой  қан  шашқан 
ештеңеміз.
Ал  жарайды,
көп менің  ағаттығым.
Соның  бәрін  қайтесің 
санап  бүгін?
Түн  төрінен  оянған 
бір  долы  күш
Кері  бұрып  жіберді 
сағат  тілін.
Байқап  қалып,  сен 
оны  кешірмедің.
Кешірместей  мен  сонша 
кесір  ме  едім?
Анық  кесір  болсам-ау,
ақ  жіп  аттап,
Мен неге ессіз шағымда-ақ 
есірмедім?
Жүгіргенде 
етегіме  оралып  мың
Жеткен  жерден  бақ 
емес, сор  алыппын.
Үйден  гүл  боп 
кетіп  ем,
сенің, міне,
Бетіңе енді шіркеу 
боп  оралыппын.
Аулақпын  мен  «Аққұспын 
бүгін»  деуден,
Көтеріп  тұр  бар 
кінә  жүгін  кеудем.
Кешіріп  ап  аттаншы 
аттансаң  да,
Аттансаң  да  аттаншы 
күлімдеумен.
Басым   қатты.
Жөн бе еді қойғаным 
да?
Бұлай  болар  деп, 
сірә,  ойладым  ба?!
Тіпті  қолды  бір сілтеп 
мен  байғұсқа,
Не  қала  сал...
өзіңнің  ойнағыңда.
Сезім  құрып  қалмаса, 
сана  құрып,
Қылғындырып 
барады  жала - құрық.
Сеніміңнің  көз  жұмбас 
серігіндей
Көлеңкеңді  жүргізші  пана  қылып.
Бас артық  сөз  айтпайын 
күптілікпен,
Көтерейін  қайыспай  жүкті 
іліккен.
Арысым-ау,
сен  үшін
тек  сен  үшін
Барша  жанды  күтейін 
тік  тұрып  мен.
Кейде  ілгері  жүретін, 
кейде  кейін
Шаруаны  да  жайлайын 
үйге  дейін.
Ардағым-ау,
сен үшін,
тек сен үшін
Сенсең,  сиыр  сауып 
та  үйренейін.
Не  батыл  бір  тәуекелге  ерейін 
бе?
Өссін  сенің  мұратың, 
мерейің  де.
Сосын,  сосын...
өзіңе,
тек  өзіңе
Алты-жеті  ұл  тауып 
берейін  бе?..
Неге  үнсізсің?
Не  керек  мұнан 
артық?
Маған  қанша  тұрасың 
шыдам  артып?
Шыққандай  ем
тылсым  бір  тұңғиықтан.
Тағы  бірі?..
Барады  бұ  да 
тартып.
Шаршадым  мен.
Тек  кінә  қойма 
маған!
Үміттерім  аз  емес 
тойламаған.
Бірақ  тілек  аттайтын 
қаталдықты
Көрінер  деп  сен 
болып...
ойламағам...
Енді,  міне,  алқымға 
тақалды  мұң.
Оған  тура  қарауға 
бата  алды  кім!
Кейін,  кейін  түбіңе 
жетпегей  тек
Сенің  мынау  қарасұр 
қаталдығың!