ВЕРНУТЬСЯ

Жаным-ау,  ғажап  қой  бұл  өмір 
деген!
Мен  мұнша  бүгін 
неге  көңілденем?!
Өмірдің  бар  қызығы 
сенде  екен-ау,
Апырай,  неге  ертерек 
көрінбеп  ең!
Әр  күнім  бір-бір  асу 
белеске  тең,
Көзіме  сан  ғасырды 
елестетем...
Бар  әлем  бізге  қарап  кідіргендей,
Сол  сенің  құдіретің 
емес  пе  екен?!
Күн  көзін  шырқау 
көктен  жер  тіреген,
Қаласаң,
Бар  көңілге  келтірем 
мен...
Кетіпті  адам  біткен 
сұлуланып,
Болар-ау  ол  да  өзіңе  елтігеннен!
Отырсың, -
Отты  жәудір  көзің 
менде.
Бұл  сезім  таныс 
шығар  сезінгенге.
Сондайда  наз  күлкіңді, 
өзге  түгіл,
Қызғанып  кетем  (тәуба!) 
өзімнен  де.
Тұнығын  көңілімнің  шайқамай-ақ,
Жабырқау  жүрген  күнді  қайтем  аяп!
Көзіме  жас  алуым 
содан  шығар...
Оны  сен  қойсаң 
еді  байқамай-ақ.
Санама  бір  ұстамдық 
білмеді  деп,
Сезімнің  соққан  кезде 
дүрмегі  кеп
Көзіне  жас  алса 
адам  қуаныштан, -
Сен  оны  біл  бақыттан  күлгені 
деп.