ВЕРНУТЬСЯ

Парызың  ғой  басқа  қонған  бақтай 
бір,
Шамаң  келсе,  парызыңды 
ақтай  жүр!
Сақтау  үшін  өмірімді 
менің,
тек
Әуелі  өз  өміріңді 
сақтай  біл!
Сенің  ғана  үстіңде 
бар  тілегім
Таба  алатын  сырқатымның 
бір  емін.
Екеумізге  ортақ  бұл 
бір  құпия,
Білесің  сен,
оны  мен  де 
білемін.
Дегенменен  бір  сөз 
айтсам,  мойыма!
Нелер 
келіп-кетпей  жатыр  ойыңа!
Сен  уәдеңді  ұмытқан 
кей  күндері
Тарамайды  ішкен  асым 
бойыма.
Шатастырмай 
білем  алыс-жақынды,
Тірі  жүрсем,
жей  қоймаспын  ақыңды.
Ақымаққа  сенеді  тек  ақымақ,
Ақылдыға  сенеді  тек  ақылды.
Ауыр-жеңіл  сәттерімді  өлшеп 
тек
Жүргендер  бар:
«Жалаң  тәнін  көрсек!» 
деп.
Қажетіңе  алсаң  мені,
бүтін  ал,
Иесіз  елдей  иеленбе 
бөлшектеп!