ВЕРНУТЬСЯ

Табиғаттың  үйреткен  тәліміндей
Жарық  күннің  қош 
алып  әмірін  кей,
Өте  сирек  еститін 
бір  үш  сөзге
Сенеміз-ақ  тірліктің  тәңіріндей.
Таныс  олар  ежелден 
қаншаңызға!
Ұмытпайсыз  ажалға  барсаңыз 
да.
Сөз  тегін-ақ  тірлікте,
бірақ, бірақ
Олар  қымбат  ерекше 
баршамызға.
Сезім  биік  болуы 
тілегіңнен
Екенін  де  ежелден 
білемін  мен.
Сосын  да  олар 
сарғайған  сағыныштай
Бір-ақ  рет  шығады 
жүрегіңнен.
Мейлі  дана,  не  көптің  бірісің 
бе,
Тербеп  сезім  ұсағы, 
ірісін  де,
Бір  айта  алмай 
кетуің  әбден  мүмкін
Сол  Үш  Сөзді
көзіңнің  тірісінде.