ВЕРНУТЬСЯ

АЛҒЫ СӨЗ
Табылдым...
Жаңылмапсың,  көреген  күн!
Сен  емей  мың 
сезімге  бөлеген  кім?!
Табылдым...
Қыз  Жібегін  құлай 
сүйген
Мен  бүгін - көк  жорға 
атты  Төлегенмін.
Табылдым...
Қажет  емес  қазына-кен.
Ғұмырдың 
налымаймын  азына  мен.
Өйткені  ақ  Баянын 
құша  алмастан
Арманда  құлап  кеткен 
Қозы  да  мен.
Зырламай  тұрып  алған 
уақыт  бүгін,
Шалқытып  қойды  мені 
жақұт  күнім.
Өйткені  бар  тілегі 
қабыл  болған
Ертегі  адамындай  бақыттымын.