ВЕРНУТЬСЯ

Ешкім  ешбір  құпиясын 
білмейтін,
Білмегесін  кейде  орынсыз 
тілдейтін,
Өміріңнің  тең  жартысын 
өрт  қылған
Киелі  бір  мезгілің 
бар  түн  дейтін.
Жұрт  кеңесін  көкірегіңе 
құйып  ап,
Жүрсең  де  әр кез 
ақ  уыздай  ұйып-ақ,
Жарық  күнде  жарқыраған 
тірліктен
Қараңғыда  көз ілу  де  қиын-ақ.
Түнделетіп  құмартсаң  ау  сүзгің  кеп,
Ойлама  сен:
«Ұяттан  қара  үздім!» 
деп.
Ең  қиын  да  ең  қауіпті 
бір  шаруа
Өз-өзіңді  ұстау  екен 
тізгіндеп.
Үйренгенбіз  мың  сүрініп, 
мың  құлап,
(Сонша  жеңіл  азап 
та  емес  бұл 
бірақ!)
Сосын,  сосын...
қыран  болып  бірауық,
Жемтігіңе  құлайсың  бір  құлдырап.
Жоғары  ұстап,
жоғалтпасаң  нарқыңды,
Жаңылмасаң  әдетіңнен  әр  күнгі,
Бір  бекетке  аман-есен 
жетесің
Төгіп-шашпай 
еркек  деген  маркіңді.