ВЕРНУТЬСЯ

     Әбілмәжін Жумабаевқа

     Жүр едім айыға алмай көптен бері,

Қандай күш айықтырып кеткен мені?!

Жаураған жауқазын ем бөктердегі,

Жып-жылы қайдан соқты көктем лебі?!

Ұмыт боп ұнатқаным, жек көргенім,

Қауіппен күн мен түнді өткергемін...

Бұзаудын, тіліндей-ақ ала қағаз,

Ағадан ұшып жеткен кептер ме едің?!

Оңалмай
жүргенімде ісім көптен,

Шағымда сағым
сынып, күшім кеткен,

Ағаның қарлығашы
інісіне

Ақ қанат періште
боп ұшып жеткен.

Ағажан, жылы
сөзің - дәрі маған.

(Дәрігердің
шипасы дарымаған!)

Ағажан, жан
екенсің жаның адал!

Ит екем ақ-қараны танымаған...

Жақсы менен жаманның арасында,

Жаным менің жәй таппай таласуда...

Ағажан, «Бәрінен де айық!» депсің,

Айығамын, ағажан, нанасың ба?..