ВЕРНУТЬСЯ

       Ақынды ақын оятпаса, болмайды,

Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы.

Ақынды ақын
сүйемесе, болмайды,

Ақынды ақын күйелесе,
ол - қайғы.

Ақынға ақын
басынан-ақ жуық-ты,

Барлық ақын бір
анадан туыпты.

Ақынға ақын адал
болсын әмәнда,

Ақынға ақын арам болса, жаман да...

Ақынға ақын, ете
көрме пенделік!

Ақын, ақын!
Пенделікті жөнделік!