Әбділда Тәжібаевқа
Дайындаған жырға тілін -
Дарияның жағасында.
Ақмешіт пен Алматының
Ізі жатыр арасында,
Ұлы жырдан
тамыр өріп,
Ұлы Сырдан
қанып ішкен.
Өлең жазған еміреніп,
Мөлдір-мөлдір
сағынышпен.
Жүрегінен
мұң кетпеген -
Жұртын сүйген, төзім берген.
Жан рухын суреттеген
Жарқын-жарқын сезімдермен.
Ұлан бақыт
аңсаттырған -
Нұрлы күндер болды қандай!
Жылап жатып қаусап тұрған -
Мұңды күндер болды қандай!
Өрге тартса қоңыр көшің,
Даңқ тұғыры
- қия беткей!
Дауыл жықпай ғұмыр
кешу -
Қиын болар қияметтей!
Күрделі - өмір өрнектері.
Өткерген-ді халқым бәрін.
Сексен жылда көрмеп пе еді
Сан тереңнің тартылғанын?
Берді тағдыр белестерін,
Тиді қиын сұрақ
оған.
Қалу керек емес пе еді
Құлагерлер құламаған?!
Жанған жылдар елестері -
Шындық, күрес, айтыспенен.
...Қалу керек емес пе еді
Бәйтеректер жай түспеген?!
Ғұмыр керек тұлғалы ерге,
Ақын кем бе кемеңгерден -
Дәуір бойы туған елге
Алтын жаңбыр өлең берген?!
Ашар адам парасатын,
Жасар жаңа аңызды өзі.
Гүл мен құрмет
жарасатын
Әкеміздің - абыз кезі!
Сұңқар үнмен түлеп ұштық,
Іңкәр едік сазға мұндай.
Жырлары әлі -
Жүрегі
ыстық
Жас ақынның жазғанындай!
Жыр - жанында, жүрегінде.
Сұрар
бата, дұға кімнен?
Неткен бақыт бұл
емірде
Өз шыңына шыға білген?!
Жабыққанда дауа дерсің,
Жан нұрына шарпылған жыр.
Жарық түнде жауа берсін
Ақ қағазға алтын жаңбыр!
- 158 просмотров