ВЕРНУТЬСЯ

Апырай, ә! Күні кеше бала едік,
Ана сүтін апыл - құпыл шала еміп,
Асығып ек - есеюге, өмірге!..
Өмір, міне, не сыйлады - көрдің бе?!
Асан Қайғы желмаясы ізіңдей,
Шимай сүрлеу маңдайымнан үзілмей.
Барған сайын келе жатыр жиілеп,
Ара - тұра соны ойласам - күйінем:
Апырай, ә! Күні кеше бала едік,
Ана сүтін апыл - құпыл шала еміп,
Асығып ек - есеюге, өмірге!..
Өмір, міне, не сыйлады - көрдің бе?!
Тірлік шіркін бастап барып қиырға,
Кете барды маңдайымды шиырлап...
Әжім сызған сол «нотаның» біл әнін,
Ойнап көрші, ойлап көрші: ол - уәйім...
Қайран маңдай құм жолындай бытпылдық,
Сызған оны атылас арман, шыт шындық.
«Қалайша, ақын өмір жолы бытпылдық,
Қалайша өмір - атылас арман, шыт шындық?!»
- Деп шүйлігіп жүрегіңді шымшылар,
Қаламақы қайғы болған сыншылар.
Жоқ, өтірік! Бұл өмірде, бұл маңда
Адам дейтін мына біздер тұрғанда
Ғаламатты самсатсақ та қаншалық,
Алтын тулы арман тұрар жар салып.
Сол арманның ала алғанша қамалын,
Алша мойының талша болар, қарағым.
Қиын майдан картасындай өңкей шимай қаптаған
Ию - қию әжімі мол маңдай барға мақтанам...
                        
                                               1961.