ВЕРНУТЬСЯ

Ындын құрып, өзегі әбден талғанда,
Жалқау бабам жалбаң қағып барды аңға,
Көрді - ағашты сағалаған бұғы бар,
Көрді - суды елік ішкен аңғарда.
Көрді тасты - қанағанда аяғы,
Көрді сазды - былғанғанда таяғы, -
Бабам менің аң іздесе аңырып,
Байтақ әлем байтақ қойнын жаяды.
Бабам менің алба - жұлба балағы,
Шың басына шүйлігіпті садағы,
Құлады елік, сондағы атқан жебесі
Зымыран боп айға зулап барады.
Қайран бабам, қарын садақ талдырған,
Артқа мезгіл көне елес қып қалдырған,
Асыраған адамзаттың ақылын
Айналайын сенің қызыл қарныңнан.
                                                          1964.