ВЕРНУТЬСЯ

Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен,Күнім,Денсаулықтан төмен тұр  өмірдегі теңдігім.Бүйірімнен түртеді сол ақауым кейбірде,Жарытымсыз бір сәтті іске келе қалса кергігім... Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен, күнім,Мұқалғам жоқ, әйтсе де,Болар ма солп ерлпігім...Әйтседағы есем бар содан кеткен өмірге,Сен болмасаң,Толтырар ол есемді енді кім... Сұрайтыным сондықтан –Күнім менің, ауырма!Тоңдырмайтын боранда, әл бермейтін дауылдаСерік болсын өзіңе денсаулық пен өр талапБелдерінде өмірдің, арман-тілек тауында.Көрсеңдағы өмірдің қанша, суық, ыстығынКөлеңкем боп қалма сен,Менен биік ұш, күнім.Қадамыңды нық бассаң алаңдамай, сенімменҚуат алам мен содан,Сонда мен де күштімін. Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен, күнім,Анаң жайлы жадағай болмас бірақ сенде ұғым.Сене күтер үмітім ортайтпайды еш меніңБір өзіңмен толтырам істерімнің кемдігін. Сен жылтасың жанымды, жылытса егер Жерді-Күн,Сен – бақытым, қызығым,Сен – аналық теңдегін.Өмірім де ертеңгі, үмітім де өзіңсің-Әрқашан да ұш биік, денің сау боп, сен, күнім!