ВЕРНУТЬСЯ

Бар деумен бас ұрмадым мынада асыл,
Әлденеге жатпадым кінәласып.
Көзің салғын біз жаққа, ей, Мәңгілік!
Жапырағы өлер тал құлағасын.
Қуаныштан көргенім құрау ғана.
Сый дегенім сый емес , сылау бала.
Қор болады жүрегім, лүпілі оның
Сағынатын жан таппай жылауға да.
Жалғыз-жалғыз жаратқан рабайда,
Көңіл, шіркін ,тасыса құламай ма?
Көзім шалды шындықты өлім бетті,
Күң қайда, Күні қайда,Күнә қайда?..