ВЕРНУТЬСЯ

 
    Суретші, қырғыз қызы Күлнар Рысбекке 
Сан ойдың теріп маржанын
Ойғаны ою-тұнып тұр!
Дос етіп, таңдап алғаным,
Айтылған сырға құлып - біл.
Саусақтарынан тамған бал
Төрткүл әлемге жайылды!
Бұғы Ана сынды қайырлы,
Сағынғанындай айылды.
Шығыстың Күнін аңсадым...
Күлнәрмен күлдім, ұмыттым.
Жаны бір кәусар, таң сәрі-
Суреткер қызы ол түріктің!