ВЕРНУТЬСЯ

 
   Жақсы сөз, сенің жалғыз тыңдауда емің. 
Тыңдаса сымбатты да, сындарлы едің.
Ұшқан құс саған деймін ұқсайды ма-
Төбемнен ағып өткен жылдар легін?
Бүтіндей көріне ме сыртың әлі?
Жазылмай жүрегімнің жыр тұмары.
Болмысым жалғыз емес сияқтанып
Кеудемде әлдене мұң бұлқынады.
Өрекпіп көз алдымда түн тұнады.
Қиялым қыл бұрау сап қырқылады.
Жаратылыс . Ол саған бағынбайды
Қанымда атой салып жұлқынады.
Жанымды сенген өлең емдейді ме?
Әлде ол... ол да маған сенбейді ме?
Шешілмеген жұмбағым, 
тұп-тұнық ой,
Шөпілдеген сырына шөлдейді де.
.. Жақсы сөз, сенің жалғыз тыңдауда емің.
Тыңдаса сымбатты да, сындарлы едің.
Ұшқан құс саған деймін ұқсайды ма-
Төбемнен ағып өткен жылдар легін?