ВЕРНУТЬСЯ

 
   Бұлттар, мені биікке алып ұшшы. 
Өксік буды жүректі жалынышты.
Түпсіз көкке қараймын, қайда қоям
Тыншытпаған бір сәтке сағынышты.
Ақ қар, мені ақ шыңға алып ұшшы.
Жердегі тіршіліктен жаңылыстым,
Буға, суға айналып кетсем екен.
Алып ұшшы еліне ақ ырыс, Күн.
Айға сіңілі болайын, Күнге құрбы.
Бойымызға сіңіріп бірге нұрды.
Жұлдыз болып қарайын тас төбеден,
Білдірмейін мен зорға жүргенімді.
Бұлттар, мені биікке алып ұшшы.