ВЕРНУТЬСЯ

 
    Қайта түсіп келеді күз де міне, 
Жан ауырып жапырақ 
үзгеніне.
Сені іздеген ешқайсысы жоқ сияқты,
Сенің көңілің құлазып, 
іздеді не?
Ән тыңдадым... сезімді тілімдеді,
Үлпәтін-ай халқымның тіліндегі.
...Ірімін бе, мен көптің бірімін бе
Өз елімде жүргенде білінбеді.
...Ән тыңдадым, сезімді ол тілімдеді...