ВЕРНУТЬСЯ

 
     Шет жер де болар азға сын, 
Білесің атың озбасын.
...Көзімді көкке қадаймын
Көрсетпейін деп көз жасым.
Күн қызыл болып батар-ды,
Не деп қарайды жат әлгі?
Алқара көк те аманат,
Дуалы ауыздан бата алдым.
...Қайсысын айтайын ұлық түн?
Азабы көп-ті сынықтың.
Бейберекет  өтті
күндерім-
Бекерге өмір сүріппін.
...Нешесі бүгін маусымның?
Даусының өзі ән сындым.
Талмаурап барып атты таң
Таңды күтуден таусылдым.
Таба алмай Жерден тұрақты
Қояды көңілім сұрақты:
«Сабылтып бітті армандар,
Жеті рет талдар бүр атты...»
Шет жер де болар азға сын,
Білесің атың озбасын.
...Көзімді көкке қадаймын
Көрсетпейін деп көз жасым.