ВЕРНУТЬСЯ

 
  Ел. 1999 жыл. 
Әкем іздеп келген ел.
Күнге сені тең көрем!
Өзге жерде өмір бар,
Елде өлгенді жөн көрер.
Көгінде Күн. Дөңгелер.
Оған не бар тең келер.
Айдай әсем жеңгелер.
Әлі ақ көшің жөнделер.
Ауырғанда жүрегім
Лебізі еді емдеген.
Ел, көп білесің сен менен.
Алқара аспан тамсанам.
Сағыныштан сал санам.
Жұлдыздайын самсаған.
Дала мұңды, таң самал,
Әлдиіңе салшы анам...