ВЕРНУТЬСЯ

 
  Өзінен ғана табылған барлық керегі, 
Атайбоз бидің елі еді.
Ескілік жол мен ескі ғылым еді қорегі,
Жақыпбай молда төрі еді.
Иірімі терең Иіркөл орта мектебі
Ғалымдар шыққан, ізгілік еді-ұстаным.
Таубай қыстауы, түндерде сонау беттегі
Көрік  басуымен әйгілі
ме үйі ұстаның?
Түмен әулие, Мөрәлі ауылы болғалы-
Тани ма қазір жарты әлем?
Өлеңнен басқа қолымнан келмей қойғаны,
Өзіңе сый ғып тартар ем!