ВЕРНУТЬСЯ

 
    Көрінбедің деп жазғырма, 
Мезгілі кеткен наздың да.
Батқан да Күнге сыр айттым,
Айта алмаған соң азғынға.
Өзімді-өзім тұтаттым,
Өзімді-өзім жұтаттым.
Қыс сезіп қалдым тамызда
Сары шашын көріп бұтақтың.
Мәскеуде ерек шетен гүл.
Несіне бәрін етем мұң?
Еркелеп тұрмын аспанға,
Еңсеңді, Күнім, көтергін!