ВЕРНУТЬСЯ

 
    Сырыңды айтар жалғыз жан таппадың ба? 
Жиі-жиі батасың бақта мұңға.
Қолтығыңнан демесін өлең сенің,
Қиянат көрген сол бір шақтарыңда.
Ақылың жетер еді бір адамға,
Әсершіл көпшілікке ұнаған ба?!
Алматының ішінен жол таппайсың,
Мән беріп анаған да, мынаған да.
Құбылып санаңдағы құлынды үнің,
Айтқанына жүгінгін бұрынғының,
Жалынды-ақ сөздер айтып жұбатар ем,
Баянына көз жетсе бүгінгінің...