ВЕРНУТЬСЯ

      Тұрғанда
ұйқы-тұйқы ақ самайым,

Мен қалай,Әбе, сені жат санайын.

Абыржып асаңды ұстап отырғаның,

Ашулы Грозный патшадайын.

Сөйлесең,Бурадайын лықсып-тасып,

Жаралы жауынгердей сылтып басып,

Әбігер боп жүргенің қашан көрсем,

Жырдағы жалғандықпен мылтықтасып.

Бой түзеп,Босқа кетпей сауықпенен,

Боз қырау босағасын тауыпты өлең.

Жаман жыр жазғанымда

Ақ таяғың -Арқамда ойнай ма деп қауіптенем...

Туады, туады әлі
нағыз ақын,

Нағыз ақын бал мен у тамызатын.

Жесірдің айырылмас сырласы боп,

Жендеттің көзінен жас ағызатын.

Туады, туады әлі нағыз ақын!

Жыр сөздері жай болып атылғанда,

Атылғанда, аспаннан оқылғанда,

Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,

Жанар пайда болады соқырларға.