ВЕРНУТЬСЯ

Артың - жол, артың - даңғыл, 
алдың - соқпақ,

Сен қашан ұзақ жолда қалдың тоқтап,

Қарыса көңіліңді күдік демі,

Жаныңа жақсы үміттен алдың шоқ сап.

Адамзат, өтті - ау күнің қол жетпеумен,

Тұрды арман мұнартып тек "кел, жет" деумен,

Жаңалық сәби болып жаралып ап,

Жүрісті үйреніпті еңбектеуден.

Адамзат, содан қанша дөңесті астың,

Өткенді сен асқан сан белес жапты.

Киіп ап көзілдірік оқымасаң,

Есіңе түспейтұғын елес қапты.

Жүрмей тек таң атқызып, күн кеш қылып,

Арманды алақанмен үйлестіріп

Өтсек те, барса келмес керуені

Бізді де кетер бір күн мінгестіріп.

Тербетсе бізді де жер бесігіне ап,

Қаларын дүниенің несі құлап

Білмеймін.

Білемін тек бізді өткенде

Тұрмасын артқы ұрпақтың "екілік" ап.