ВЕРНУТЬСЯ

Көңілге көк сүңгідей бойлап қайғы,
Алаңсыз асыр салып ойнатпайды,
Біз тұрмыз көз алмай сол көріністен
Ақ балдақ ақ балық боп ойнақтайды.
Бүгін тым азан - қазан қараша үй жаң,
Жиылдық опыр - топыр қара сирақ.
Бір тентек бетін басып өкіреді,
Әкеге тіл қатпайды ана сыйлап.
Ақ балдақ ақ сазандай ойнақтайды,
Ойпырмай, осындайда ой қаптайды.
Көбіміз телміреміз көзді сатып,
Көңілге көк сүңгідей бойлап қайғы.
Көңілге көк сүңгідей бойлап қайғы,
Алаңсыз асыр салып ойнатпайды,
Біз тұрмыз көз алмай сол көріністен
Ақ балдақ ақ балық боп ойнақтайды.
Мынау бір біз көрмеген бөтен сабақ,
Апырау, осы шығар төтенше бақ,
Пәтшағар, арманың жоқ, бақырып бақ,
Жатыр ғой бөтен емес, әкең сабап.
                                                           1960.