ВЕРНУТЬСЯ

Қатынасатын адамдар:
Фру Элене Алвинг, капитан және камергер Алвингінің жесірі.
Освальд Алвинг, оның ұлы, суретші.
Пастор Мандерс.
Ағаш ұстасы Энгстран.
Регина Энгсгран, фру Алвингтің қолында өскен қыз.
Оқиға батыс Норвегиядағы жан-жағын құз қоршаған үлкен көлдің жағасында, фру Алвингтің мекен-жайында өтеді.


І перде


Бақшаға шыға берісгегі кең бөлме; сол жақ қабырғада - бір есік, оң жақ қабырғада -- екі есік. Бөлменің қақ ортасында шыр айнала орыпдықтар қойылған дөңгелек стол; стол үстінде - кітаптар мен газет-журналдар. Алдынғы жақта - терезе, оның қасында әйел адамның жұмыс столы мен диван қойылған. Бөлменің түп жағы бөлмеден гөрі тарлау шынылы оранжереяға ұласады. Оранжереяның оң жақ қабырғасында баққа шығатын есік бар. Шыны қабырғадан теңіз жағалауының жаңбырлы күнгі сұрқай ландшафы көрініп тұрады. Баққа барар есіктің алдында ағаш шебері Энгстран тұр. Сол аяғын сылтып басады. Етігінің табанына қап-қалың ағаш ұлтан қағылған. Қолында гүлге су құятын құмыра ұстаған Регина оның жолын кес-кестейді.

РЕГИНА. (Тұншыққан дауыспен). Тоқта. Үсті-басың су-су боп, қайда барасың?
ЭНГСТРАН. Жаңбыр да - құдіреттің рақымы ғой, қызым.
РЕГИНА. Аспаннан суды осынша саулатып қойған құдай емес, сайтан шығар.
ЭНГСТРАН. О жасаған, не деп тұрсың, Регина! (Ақсаңдай басып, екі-үш адым ілгері аттайды). Менің өзінде бір ауыз сөзім бар еді.
РЕГИНА. Тасырламай, тоқта әрі. Анда жас мырза ұйықтап жатыр.
ЭНГСТРАН. Құдайдың тапа-тал түсіндегі қайдағы ұйқы?
РЕГИНА. Ондағы сенің шаруаң қанша?
ЭНГСТРАН. Бұл тірлікте пенде пақырды аздырып бағар әзәзіл кеп, қызым... Кеше ішкенмен, бүгін сары ала таңнан тұрып, жұмысыма шықтым.
РЕПИНА, Жә, доғар енді. Бар жөнел, сенімен мылжыңдасып тұрар уақытым жоқ.
ЭНГСТРАН. Неге қашқақтай бересін?
РЕГИНА. Біреу-міреу сенің мына тұрысынды көрсе, ұятқа қалмаймын ба? Бар енді, жөнел, жолыңнан қалма.
ЭНГСТРАН. (Жақындай түсіп). Жоқ, әуелі өзіңмен ақылдасып алмай, кетпеймін. Түс қайта мекгептегі жұмысым бітеді, сосын түнделетіп пароходқа отырып, үйге қайтам.
РЕГИНА. (Сыздатып). Жолың болсын!
ЭНГСТРАН. Рахмет, қызым. Ертең әлгі приюттің ашылатын күні, ондай шаруа ішімдіксіз өтпейді. Тойға кідірсем, біреу-міреудің көзіне түсіп, Якоб Энгстран маскүнем екен деп жүрер, сондықтан бүгін кетем.
РЕГИНА. Е!
ЭНГСГРАН. Ертең мұнда қандай-қандай мәртебелі мырзалардың жиналатынып бір сайтанның өзі білсін. Қаладан пастор Мандерс те келеді деген хабар бар.
РЕГИНА. Ол бүгін келмекші.
ЭНГСТРАН. Көрдің бе! Ендеше, одан өзім туралы жаман сөз естігім келмейді.
РЕГИНА. Е, солай де!
ЭНГСТРАН. Неге тақалдың?
РЕГИНА. (Оның жүзіне тесіле қарап). Сондағы айтпағың не, тағы да пастор Мандерстың шамына тимексің бе?
ЭНГСТРАН. Тсс... Қайдағыны қайдан айтасың? Пастор Мандерстың шамына тиіп, мені жын ұрып па? Одан ешқандай жамандық көргенім жоқ. Мен бүгін түнде үйге қайтам. Соған өзіңмен сөйлескелі келдім.
РЕГИНА. Маған да сол бұл арадан тезірек кеткенің жақсы.
ЭНГСТРАН. Мен үйге сені де ала кетейін деп ем.
РЕГИНА. (Таңырқап). Мені ме? Не айтып тұрсың өзің?
ЭНГСТРАН. Үйге жүрмейсің бе?
РЕГИНА (Ашуланып). Ол айтқаның бола қоймас!
ЭНГСТРАН, Көрерсің де білерсің, алып кетем.
РЕГИНА, Көрсек, көрерміз. Мен осында өстім, тәрбиелендім, осы үйдің туған қызындай боп бауыр басып кеттім, енді саған еріп, қайдағы бір сасық қапасқа барып қамалып, маған не көрініпті? Тыру!
ЭНГСТРАН. Қап мынаны-ай! Сен енді туған әкеңнің бегінен алайып дедің бе, қызым?
РЕГИНА. (Міңгірлеп). Қыз қылып, қарқ қылғансың.
ЭНГСТРАН. Қайдағыны ұмытпайды екенсің...
РЕГИНА. Маған талай тілің тиген, сенен естімеген балағатым жоқ шығар... Ғі, dоnс, (французша - фу, ұят-ай!)
ЭНГСТРАН. Тап. Мына айтып тұрған балағатың менің аузымнан ешқашан шығып көрген емес.
РЕГИНА. Жә, қойшы, сенің маған айтпаған селекет сөзің қалды дейсің бе?
ЭНГСТРАН. Айтсам, арақ ішіп алғанда, мастықпен айтқан шығармын. Бірақ, қызым, бәріміз де жұмырбасты пендеміз. Ондай-ондай бола береді.
РЕГИНА. (Жиренішпен). Ой!
ЭНГСТРАН. Оның үстіне, шешең де кісінің жынына тиіп, сөйлемесіңе қоймайтын. О да қит етсең, маңына жолатпай: "Жоғал әрі, мен үш жыл Русенволда камергер Альвингтың қызметшісі болдым," - деп тұмсығын көкке кетеретін. (Күліп). О пақыр өзі қызметші боп жүргенде капитанның камергерге көтерілгенін зор дәреже тұтушы еді.
РЕГИНА. Анам байғұстың да ажалына жеткен сен болатынсың.
ЭНГСТРАН. (Теңселіп). Иә, әйтеуір, бәріне кінәлі менмін ғой.
РЕГИНА. Ой! Анау аяғына да қарамайды өзі.
ЭНГСТРАН. Не дейсің. қызым?
РЕГИНА. Ріеd dе моntоn!
ЭНГСТРАН. Бұнның не, ағылшынша ма?
РЕГИНА. Иә.
ЭНГСТРАН. Бұл үйде үйренбеген өнерің қалмапты. Енді соның бәрі қажетке асқалы түр, Регина. .
РЕГИНА. (Біраз үндемей тұрып). Менің саған қалада керегім қанша!
ЭНГСТРАН. Кісі әкесіне осындай да сұрақ қоя ма? Тігерге тұяқ жаңғыз перзентім емесің бе? Әкеңнің, міне, соқа басы сорайып жалғыз қалғанын көрмей тұрмысың?
РЕГИНА. Ондай бос мылжынды қойып, шынынды айт; мен неге қажет боп қалдым?
ЭНГСТРАН. Мен бір жаңа іс бастасам ба деген ойға кеп жүрмін.
РЕГИНА. Әй, сенің бастамаған ісің бар ма, тағы да бір түкке аспайтып бос әуре шығар.
ЭНГСТРАН. Осы жолы іске аспаса, көрерсің, Регина. ! Қап, мына сайтанның сапалағын-ай!
РЕГИНА. Ауызыңнан ақ ит кіріп, қара ит шығады ғой. Абайлап сейле, шаңыраққа қара!
ЭНГСТРАН. Тс... Мен мына мектепте жұмыс істеп жүріп, біраз қаражат жиып алдым. Саған соны айтқалы келдім.
РЕГИНА. Жақсы бопты? Сонда не демексің?
ЭНГСТРАН. Ол ақшаны мынандай елсіз түпкірде қайда жұмсайсың?
РЕГИНА. Иә, айта бер,
ЭНГСТРАН. Мен ол қаражатқа шаш етектен табыс түсіретін бір шаруа бастамақпын. Мәселен, теңізшілер тамақтанатын трактир ашам.
РЕПИНА, Тфу!
ЭНГСТРАН. Трактир болғанда қаңдай? Әлгі матрос шошқалар араққа тойып ап, астаң-кестеңін шығаратын сасық шошала емес. Менің трактиріме капитандар мен штурмандардан басқаға, нағыз төрелерден басқаға бас сұқтырмаймын.
РЕГИНА Мен онда...
ЭНГСТРАН. Көмектесер ме едің? Қара қызмет істемейсің. Не кием, не ішем десеңде, еркінде. Тек сауда қылғаңда қасымда тұрсаң болғаны!
РЕГИНА. Жарайды, айта бер.
ЭНГСТРАН. Бұндай шаруадан әйелсіз ештеңе шықпайтыны белгілі сірә. Кешқұрым меймандарға көніл кетеру керек... Ән-күй, би, сауық-сайран дегендей, тағысын тағылар дегендей. Теңізшілер өмірде көрмегені жоқ өңшең бір ақ қаптал жаңдар екенін өзің білесің ғой. (Жақындай түсіп). Регина., ақымақ болма, өз бағынды өзің байлама? бұл жерде сен не бітіресің? Бай ханымның оқу оқытқаныпан не пәтуа? Естігенім өтірік болмаса, сені жаңа приютке қызметші қылмақ көрінеді. Одан не өнеді? Бар ғұмырың қайдағы бір жалаңаяқтарға бақырып-шақырумен өткен!
РЕГИНА. Жоқ, менің ойлағанымдай болса, онда.. Иә, онда бірдеңе шығады. Мүмкін, бірдеме шығар?
ЭНГСТРАН. Нені айтасың?
РЕГИНА. Жоқ, сенің шаруаңды айтын тұрғам жоқ. Иә, көп ақша жидың ба?
ЭНГСТРАН. Сол, жеті жүз-сегіз жүз крон шамасында.
РЕГИНА. Біраз бар екен.
ЭНГСТРАН. Иә, бір іс бастауға жетерліктей ақша.
РЕГИНА. Шетінен маған азғантай ақша беру ойыңда жоқ па?
ЭНГСТРАН. Жоқ, ондай ойым жоқ.
РЕГИНА. Ең болмаса, көйлек тікгіретін мата альгп бермейсің бе?
ЭНГСТРАН. Менімен бірге қалаға жүр, көйлекке кенде қылмаймып.
РЕГИНА. Кдлаға барғым келсе, сенсіз де барар ем ғой.
ЭНГСТРАН. Дегенмен, қамқор әкенің аялы алақанына жүргенге не жетсін! Мен тіпті, кіші Гавань көшесінен жап-жақсы үй де тауып қойдым. Ақысы да көп емес, сол үйден теңізшілерге трактир ашамыз.
РЕГИНА, Мен сенің қолыңа өлсем де бармаймын. Бар, жөнел.
ЭНГСТРАН. Онда мұндағыдай қу тізеңді құшақтап отырмас едің. Менін ойлап жүргенім, бір сенің жайың, қызым. Тек шаруанды білсең болғаны. Мынаңдай ажар-көрікпен екі жылдың ішінде...
РЕГИНА. Иә?
ЭНГСТРАН. Иә. Бір азғантай уақыт өтер-өтпесте дүрдей бір штурман, не капитан құшағыңа өзі кеп кірер еді.
РЕГИНА: Ондайларыңа пысқырсам не дейсің. Теңіздегілер тұрмыс құруға олақ келеді.
ЭНГСТРАН. Не дейсің?
РЕГИНА. Оларды білеміз ғой. Теңізшіге күйеуге шыққанша, теңізге кетіп өлген дұрыс.
ЭНГСТРАН. Күйеуге шықпай-ақ қой, бірақ олардан онсызда аз пайда таппайсың. (Дауысын бәсеңдетіп.). Анау әлгі яхта мініп келетін ағылшын анаңа үш жүз специйдалерді саудыратып бере салды емес пе?! Анаң байғұс сенен ажарлы болмайтын.
РЕГИНА. Жоғал! Жоғал дегесін жоғал!
ЭНГСТРАН. Жә,жә! Өзіннің тіпті сабайтын түрің бар ғой.
РЕГИНА. Иә. Анама енді тілің тигізіп көр ,тура тұмсығыңды бұзайын. Жөнел! (Кеудесінен әпереді). Есікті тарсылдатпа? Жас мырза оянып кетеді.
ЭНГСТРАН. Ояна берсін. Жас мырза, жас мырза деп жал-пылдай қалыпсың. (Даусып бәсеңдетіп). Хе-хе... Араңызда бірдеме болып қойғаннан сау ма өзі?
РЕГИНА. Жоғал! Көрінбе көзіме! Көкіме неме! Қайда барасың? Әне пастор келеді. Анау қара сатыны көрдің бе, содан түс!
ЭНГСТРАН. (Оңға бұрылып). Жарайды, жарайды, Пастормен сөйлесіп көрші өзің, адам әкесімен қалай сөйлесуі керек дер екен. Ит болсам да, әкең емеспін бе? Әкең екендігімді қажет болса, шіркеу кітабынан да тауып берем. (Екінші есіктен шығады, артынша-ақ Регина. ол есікті бекітіп тастайды).
Регина асып-сасып айнаға қаранып, үсті-басын жөндейді, галстугін түзетеді, Сосын гүлдердің қасына барып, күйбеңдей береді. Бас жақ есіктен үстінде палыпо, қолымда зонт, иығына жол дорба асынған пастор Мандерс кіреді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Саламат па, йомфру Энгстран.
РЕГИНА. (Жүзі жайраңдап). Саламатсыз ба, пастор мырза? Кеменін келіп қала қойғаны ма?
ПАСТОР МАНДЕРС. Осы келген бойым. (Бөлмеге өтеді). Бұл арада ауа райы тым бұзылыңқырап тұр екен.
РЕГИНА. (Соңына ілесіп). Егістігі, бақшасы бар кісілерге жаңбырдың жауғаны жақсы емес пе, пастор мырза.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, ол айтқаныңыз рас. Бірақ, қалада тұратып біздер ол жағын көп ойлай бермейміз ғой. (Палыпосын шешуге ыңғлайланды).
РЕГИНА. Рұқсат етіңіз, мен шешіндірейін. (Пальпосын шешіндіріп жатып). Ой, малмандай болып қалыпты. Апарып іліп келейін, кепсін. Шатырыңыз да сорғалап тұр. Мұны да кешірейін. (Заттарды алып оң жақ есікке кіреді).
Пастор Мандерс иығындағы жол дорбасын алып, қажағымен бірге орындықты қояды, Регина. оралады.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ту, тәйірі, баспанаға жетіп, көзім ашылды ғой. Иә, мұндағы жағдайыңыз қалай? Меніңше, риза шығарсыз.
РЕГИНА. Иә, сізге көп-көп рахмет.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ертеңгі салтанаттын жабдығы шаршатқан жоқ па?
РЕГИНА. Иә, шаруа бастан асып кетті, қол тимейді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Фру Алвинг үйде шығар!
РЕГИНА. Үйде, жоғарыдағы бөлмеде жас мырзаға шоколад қайнатып жатыр.
ПАСТОР МАНДЕРС. Айтпақшы, пристань басында Освальд келді деп естідім бе осы?
РЕГИНА. Келгеніне үш күн болды. Біз оны келсе бүгіндері келер деп күтіп жүр едік.
ПАСТОР МАНДЕРС. Менің ойымша, оның денсаулығы онша жаман болмас.
РЕГИНА. Рахмет, жаман емес. Тек жол жүріп біраз шаршапты, жол бойы поездан түспеген керінеді. Осы жаңа бір әзірде ғана көзі ілініп еді, оянып кетер, жайырақ сөйлесейік.
ПАСТОР МАНДЕРС. Жарайды, жайырақ сөйлессек, жайырақ сөйлесейік.
РЕГИНА. (Креслоны столға жақындатып). Пастор мырза, отырыңыз, тынығыңыз.
Регина аяғының астына орындық кояды
РЕГИНА. Енді ынғайлы болды ма?!
ПАСТОР МАНДЕРС. Рахмет, рахмет, өте жақсы! (Жүзіне тесіле қарап). Білесіз бе, йомфру Энгсгран, менің соңғы көргенімнен бері сіздің бойыңыз біраз өсіпті.
РЕГИНА. Солай ма ? Ал фру Алвинг толысып барасың дейді.
ПЛСТОР МАНДЕРС. Толыстыңыз дей ме? Иә, аздап толысқаныңыз рас, бірақ өте жарасымды.
РЕГИНА. Ханымға хабарлайын ба?
ПАСТОР МАНДЕРС. Рахмет, қажегі жоқ, асығатын не бар, балам. Кәне, айтыңызшы, сүйкті Регина, әкеңіз мұнда қалай тұрып жатыр?
РЕГИНА. Рахмет, пастор мырза, жаман емес.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ол соңғы рет қалаға барғанында маған келіп жолығып еді.
РЕГИНА. Солай ма, ол сізбен сөйлессе, төбесі көкке жеткендей қуанып қалады, пастор мырза.
ПАСТОР МАНДЕРС: Сіз мында оған үзбей барып тұратын шығарсыз.
РЕГИНА. Иә, қолым тигенде, соғып тұрам.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіздің әкеңіз, йомфру Энгстран, тап онша түзы ауыр адам емес. Оған біраз рухани көмек керек.
РЕГИНА. Иә, оныңыз рас.
ПАСТОР МАНДЕРС. Оның қасында ақыл айтып, жөн көрсетіп отыраіын бір адам болғаны жөн. Ол өзі әткен жолы келгенде соңдай бір сыр айгып еді.
РЕГИНА. Иә, онысын маған айтқан сияқты. Бірақ, мені фру Алвинг жібере қояр ма екен. Оның үстіне жаңа приют ашылғасып, шаруа тіпті көбейеді. Бар жақсылығын аямай, бағып-қаққан ақпейіл адаммен қоштасуға өзімнің де тәуекелім тұрар емес.
ПАСТОР МАНДЕРС. Бірақ, балам, перзентік парызыңды қайтесің? Әрине, әуелі ханымның ризашылығып алған дұрыс.
РЕГИНА. Солайы солай ғөй, бірақ менің жасымдағы бой жеткенге әйелі жоқ, салтаң бас еркек адаммен бір үйде тұрған қалай болар екен?
ПАСТОР МАНДЕРС. Не деп тұрсыз, балам, ол өзіңнің туған әкең емес пе?
РЕГИНА. Дегенмен де, жақсы үй, инабатты адам болса бір жөн...
ПАСТОР МАНДЕРС. Бірақ, қымбатты Регина...
РЕГИНА. Ондай адамға қыз да болар едің, жақсы көрер де едің, сыйлар да едің...
ПАСТОР МАНДЕРС. Бірақ, балам-ау, енді ...
РЕГИНА. Оңдай адам кез болса, қалаға түк ойланбастан қуана-қуана кетер ем. Мұнда өмір сондай сұрқай, соңдай көңілсіз. Жаңғыз адамның жағдайы қандай болатъшып өзіңіз де білесіз. Мен жұмыстан қашпаймын, қандай шаруада да тындырымды болуға тырысам. Пастор мырза, маған қолайлы орын естіген жеріңіз жоқ па?
ПАСТОР МАНДЕРС. Мен бе? Жоқ, оңдай орып естігем жоқ.
РЕГИНА. Қымбатты пастор мырза, көп-көп өтінем, бір қолайлы орын көзіңізге түссе, мені ұмытпассыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Орнынан тұрып). Жақсы, жақсы, йомфру Энгстран.
РЕГИНА. Өйткені, мен...
ПАСТОР МАНДЕРС, Сіз фру Алвингті шақырып жібермес пе екенсіз?
РЕГИНА. Ол қазір келеді. Пастор мырза.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Ол солға бұрылып, верандаға жете беріп тоқтайды, екі қолы артында, баққа көз тастайды. Сосын қайтадан столға кеп, бір кітапты алып, сыртына үңіледі, шаңданып, екіншісін алады). Гм. Солай деңіз!
Сол жақтағы есіктен фру Алвинг шығады. Оның артынша Регина оң жақтағы бірінші есікке өтіп кетеді.
ФРУ АЛВИНГ. (Қолын ұсынып). Қош келіңіз, пастор мырза!
ПАСТОР МАНДЕРС. Сәламатсыз ба, фру Алвинг! Міне, мен уәдемде тұрып, шақырған уақытыңызда келдім.
ФРУ АЛВИНГ. Сіз қашанда уақытында келетін ұқыпты адамсыз ғой.
ПАСТОР МАНДЕРС. Шынымды айтсам, әлгі бір мүше қылған әрқилы комиссиялар мен басқармалардың ырду-дырдуынан уақыт тауып, жырылып шығу да оңайға түскен жоқ.
ФРУ АЛВИНГ. Онда сіздің бұл келісіңізге тіптен қарыздармыз. Мұндағы шаруалар түске дейін бітеді. Чемоданыңыз қайда?
ПАСТОР МАНДЕРС. Мен заттарымды агентке қалдырып кеттім. Сонда қонбақшымын.
ФРУ АЛВИНГ: (Езуіне күлкі үйіріп). Бұл жолы біздің үйге түнеуге батылыңыз жетпейді ме?
ПАСТОР МАНДЕРС. Жоға, фру Алвинг. Ықыласыңызға рахмет, бірақ бұрынғы әдетім бойынша агентке түнегенім дұрыс шығар. Әрі ыңғайлы, әрі пристаньға жақын.
ФРУ АЛВИНГ. Өзіңіз біліңіз. Бірақ, меніңше, сіз бен біздей достасқан адамдарға сөз ере қояр дейсіз бе?
ПАСТОР МАНДЕРС. Тәңірім-ай, сіздің әзіліңіз қалмайды-ау. Бірақ, бүгін көңілді болатын да ретіңіз бар. Біріншіден, ертең - той, екіншіден Освальд үйге оралыпты,
ФРУ АЛВИНГ. Иә, оныңыз рас, қуанышымда шек жоқ. Ол екі жыл бойы сыртта жүрді ғой. Ал, биыл бүкіл қысты осында өткізем деп уәде берді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Солай ма? Онысы ете дұрыс болған екен. Қанша дегенмен ол үшін Рим мен Париждегі өмір мұндағыдан әлдеқайда қызғылықты шығар.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, оныңыз рас, бірақ мұнда анасы бар емес пе? Айналайын, балақайым-ай, қанша айтқанмен, анасын қимайды ғой.
ПАСТОР МАНДЕРС. Алыста оның үстіне өнер төнірегінде жүріп, тас бауыр жат боп кетсе, қасіреттің ең үлкені сол болар еді.
ФРУ АЛВИНГ. Әрине, айтары бар ма? Бірақ, одан ондай қылық шықпайды. Қазір көрейік, сіз оны таныр ма екенсіз, танымас па екенсіз. Ол үстіңгі бөлмеде диванда тынығып жатыр, ұйқыдан тұрғасын осында келеді. Кәні, берірек кеп отырыңыз, қымбатты пастор.
ПАСТОР МАНДЕРС. Рахмет. Демек, қазір-ақ көре бересіз бе?
ФРУ АЛВИНГ. Иә.Иә. (Столға отырады)
ПАСТОР МАНДЕРС. Жақсы. Ендеше, мінеки... (Дорбасынан папка алып, столдың щрсы бетіне барып отырды). Ең алдымен... (Мүдіріп). Айтыңызшы, мына бір кітаптар мұнда қайдан тап болған?
ФРУ АДВИНГ: Ә, бұл кітаптарды айтасыз ба, менің оқып жүрген кітаптарым ғой.
ПАСТОР МАНДЕРС: Сіз де осындай кітап оқисыз ба?
ФРУ АЛБИНГ: Әрине.
ПАСТОР МАНДЕРС: Мұндай кітаптарды оқып не қызық, не қуаныш табасыз.
ФРУ АЛВИНГ.: Мен өзім осыларды оқығанда бір түрлі жаным жай тапқаидай жадырап қалам.
ПАСТОР МАНДЕРС: Ғажап екен! Ол қалайша!
ФРУ АЛВИНГ: Иә, еггкені кітаптардан ез басыма келіп жүрген талай ойға дәлелдейек тапқандаймын. Адам танғалатын бір нәрсе, пастор Мандерс, бұл кітаптарда шын мәыінде алып-жұлып бара жатқан тап онша жаңа ештеңе жоқ, бәрі де адамдардың көпшілігі білетін белгілі жағдайлар. Бірақ, соған жұрттың бәр-бәрі назар тоқтатып, ой түйе бермейді, көбіне-көп елемеуге, ескермеуге тырысады.
ПАСТОР МАНДЕРС. О тоба? Сіз шынында да жұрттың көбі солай ғой деп ойлайсыз ба?
ФРУ АЛВИНГ. Иә, имандай шыным.
ПАСТОР МАНДЕРС. Қалайша, мына біздер олай емеспіз ғой, біздің мындағы жұрт тап сондай ма?
ФРУ АЛВИНГ. Таңданатын несі бар, біздің жұрт та тап сондай.
ПАСТОР МАНДЕРС. Қайранмын!
ФРУ АЛВИНГ. Шынына келгенде, бұл кітаптарда пікірлерді жоққа шығаратындай. Қандай дәлелдеріңіз бар?
ПАСТОР МАНДЕРС: Делел дейсіз бе? Сонда мынандай-мынандай шығарманы мақтаумен менің де шұғылдануым қажет пе?
ФРУ АЛВИНГ: Ендеше сіз бұл кітаптарды оқымай тұрып қалай жоққа шығармақсыз.
ПАСТОР МАНДЕРС: Өздерін оқымасам, бұл шығармалар жайлы жазылған басқа шығармаларды оқығам. Ұнатпауға делелім әбден жеткілікті.
ФРУ АЛВИНГ: Бірақ, сонда сіздің өз пікіріңіз болмай ма?
ПАСТОР МАНДЕРС: Сүйікті фру Алвинг! Өмірдің көп жағдаяттарында біздерге өзіміздің емес, өзгелердің пікіріне иек артуға тура келеді. Бұл дүниенің қашанғы әдеті осы, және өзі тап онша жаман да әдет емес. Әйтпесе, бұл қоғамның күні не болатыны кім біліпті?
ФРУ АЛБИНГ. Иә. Иә. Сіздің тап бұл айтып тұрғаныңыздың жаны бар.
ПАСТОР МАНДЕРС: Мен, алайда мұндай кітаптар кісіні қызықтырмайды деуден атымен аулақпын. Оның үстіне сіздің өз балаңызды жіберген анау орталық жақтағы осы заманғы ағымдармен таныспақ болған ниетіңізде тұрған ерсі ештеңе жоқ деп білем. Бірақ...
ФРУ АЛВИНГ. Иә...
ПАСТОР МАНДЕРС. Бірақ, фру Алвинг, кісі деген мұндай жағдайларды жұртқа жая бермес болар. Сіздің мына төрт қабырғаңыздың ішінде не ойлап, не оқитыныңызда кім-көрінгеннің шаруасы қанша?
ФРУ АЛВИНГ. Дұрыс айтасыз. Мен де солай ойлаймын.
ПАСТОР МАНДЕРС. Оның үстіне сіз енді, меніңше, бұрын діни жағынан басқа көзқараста жүрген көзіңізде бел шешіп кіріскен приюттің жағдайын да естен шығармауға тиістісіз.
ФРУ АЛБИНГ. Иә,иә, бұныңызға түгел қосылам. Алайда, біз сол приют...
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, сол приют жайын сөйлесейік деп отырмыз. Ендеше, абай болыңыз, қымбатты фру Алвинг. Кәне, өз ісімізге кірісейік. (Папканы ашып, ішінен қағаздар шығарады.). Міне, көрдіңіз бе?
ФРУ АЛВИНГ. Құжаттар ма?
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, мінекей. Бәрі де реттелді. Бұның бәрін уақытылы тәртіпке келтіріп алу, шынын айтқанда, онша оңайға түскен жоқ. Кей ретте жұрттың бермесін тартып алуға тура келді. Өкімет орындары мұндай шешімдерді бекітуге келгенде жоқтан өзгеге жармасып бағады. Бірақ, міне, бәрін де жайғастырдым. (Қағаздарды ақтарып). Мынау сіздің Русенволл әулетіне қарайтып Сульвик қонысын жаңа салған құрылыстарымен, мектебімен, мұғалімдерге салынған үймен, мұнарасымен бірге жегімдерге бергеніңіз жөніндегі қағаз. Ал мынау қаржы қорын белгілеу туралы шарт пен жаңа приюттің бекітілген жарғысы. Көріп тұрсыз ба? "Капитан Алвинг атындағы балалар приюттің жарғысы".
ФРУАЛВИНГ. (Қағазға тесіле қарап). Уһ, ақыры бәрі реттелді ме?
ПАСТОР МАНДЕРС. Мен камергерден гөрі капитан қарапайымырақ қой деп, соны алдым.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, иә, сіздің айтқаныңыз болсын.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ал мынау сақтық кассасының кітапшасы, одан түскен пайыздар приюттің күнделігі шығындарына жұмсалады.
ФРУ АЛВИНГ. Рахмет. Бірақ, мұны өзіңіз ұстаңыз, сол дұрыс болар.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ендеше өте жақсы. Менің ойымша, ақшаны әзірге сақтық кассасында қалдырғанымыз жоқ. Түсімі шамалы - бар болғаны төрт-ақ пайыз, оның үстіне ақшаны қайтып алардан жарты жыл бұрын хабарлайсыздар деп шарт қойды. Алайда, артынан біреу-міреуге көп түсім түсіретіндей қарыз берудің реті келіп жатса, ол туралы уаққытында ақылдасып шешерміз.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, қымбатты пастор Мандерс, ол жағына өзіңіз жетігірексіз ғой.
ПАСТОР МАНДЕРС. Мен ондай оңтайлы адам табылып жатса, қапы қалмауға тырысам. Менің сізден сұрайын деген тағы бір сұрағым бар еді.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, ол не?
ПАСТОР МАНДЕРС. Приютке салынған құрылыс-жайларды қамсыздандырамыз ба, әлде...
ФРУ АЛВИНГ. Әрине, қамсыздандыру керек.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ендеше, бұл туралы жақсылап ақылдасып алайық.
ФРУ АЛВИНГ. Мен құрылыстарды да, барлық бұйымдарды да, астықты да, жанды инвентарьды да - түп-түгел қамсыздандырам.
ПАСТОР МАНДЕРС. Дұрыс. Оның бәрі сіздің меншігіңіз. Сіздің орыныңызда мен болсам да, тап солай еткен болар ем. Бірақ, бұл шаруада бір гәп боп тұрғаны. Приют аса қасиетті биік мақсатқа арналған...
ФРУ АЛВЙНГ. Иә, иә, оныңыз рас, дегенмен...
ПАСТОР МАНДЕРС. Менің өз басыма салсаңыз, кездейсоқ жағдайлардан алдын-ала қамданғанның ешқандай ұяты жоқ деп білем.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, шынында да, солай емес пе?
ПАСТОР МАНДЕРС. Алайда, бұл мәселеге осы араның халқы қалай қарар екен? Оларды менен гөрі сіз жақсырақ білесіз ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Халық дейсіз бе...
ПАСТОР МАНДЕРС. Біздің бұл қылығымызды айып санап ғайбаттап жүретін беделді-беделді адамдар шығып қалып жүрмей ме?
ФРУ АЛВИНГ. Сіздің сонда беделді адамдар деп тұрғаныңыз кімдер?
ПАСТОР МАНДЕРС. Менің айтып тұрғаным пікірлерімен санаспасқа болмайтып, қауымға ықпалы күптті, аузы дуалы ауқатты адамдар.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, ондай-ондай бір-екі адам табылса, табылып та қалар; олардың бұны айып керуі де мүмкін, тек егер...
ПАСТОР МАНДЕРС. Міне, көрдіңіз бе? Ал, қалада ондай алазуыздар тіпті көп. Біз сияқты дін адамдарының төңірегінде кімдер жүрегінін өзіңіз жақсы білесіз. Олардың біздің бұл қылығымызды құдайға сенбейтіндер ғана істейтін күпіршілік санап, сырт айналып кетуі оп-оңай...
ФРУ АЛВИНГ. Бірақ, сіз өз басыңыз, қымбатты пастор, жақсы білесіз ғөй...
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, білуін білермін-ау. Бұның өте қажет шаруа екеніне дауым жоқ. Алайда, ертең жұрттың аузына қақпақ болу да қиын, олар біздің бұл ниетімізді теріске жорып, көлденең сөз тудырады да, мына ісімізге қырсығын тигізеді.
ФРУ АЛВИНГ, Ендеше, амал қайсы...
ПАСТОР МАНДЕРС. Сонымен қатар, менің де өз басыма төнгелі тұрған қаупті ескермеуге жағдайым жоқ. Қала әкімдері приютке айрықша назар аударып отыр. Ол тек бұл араның ғана емес, қаланың да жарлы-жақыбайларына баспана болмақшы. Сізге бұл ақылды айтып жүргенде мен, жаңа мекеменің құжаттарын жиыстырып жүрген де мен, сондықтан шіркеуге сенетіндер, ең алдымен, менің басыма әңгір таяқ ойнатады-ау дегенде қаупым бар.
ФРУ АЛВИНГ, Ендеше, сізде басыңызды мұнша қатерге тігіудің қажеті жоқ екен.
ПАСТОР МАНДЕРС. Газет-журналдарға маған лағнат жаудырып бағатын мақалалардың қардай жауатынын былай қойғанда...
ФРУ АЛВИНГ. Жарайды, қымбатты пастор Мандерс. Жағдай әбден түсінікті болды.
ПАСТОР МАНДЕРС. Демек, сіз қамсыздандырмайсыз ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Иә. Ол ойымнан айныдым.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Орындықты шалқайтып). Жаман айтпай, жақсы жоқ, кездейсоқ апаттарға тап боп жүрсек, қайтеміз? Ондай жағдайда шығындарды сіз өтейсіз бе?
ФРУ АЛВИНГ. Жоқ, турасын айтайын, ол жауапкершілікті өз мойныма ала алмаймын.
ПАСТОР МАНДЕРС. Біліп қойыңыз, Фру Алвинг, ендеше бұл жағдайды да ойланбасқа болмайды, оның да жауапкершілігі біздің мойнымызда.
ФРУ АЛВИНГ, Ендеше, өзіңіз айтыңыз, бұның бұдан басқа қаңдай амалы бар?
ПАСТОР МАНДЕРС. Бар гәптің өзі сонда боп түр гай, бұдан басқа ешқандай амалы жок,. Біз қайтсек те, шіркеуге келетіндерді түңілтіп алмауға тшспіз. Сол үшінде соңымызға сөз ертпеуге тырысқанымыз жөн.
ФРУ АЛВИНГ. Ең алдымен, бұндай істен дін адамы сіздің аулақ жүргеніңіз дұрыс.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, мен бірақ мұндай игі мақсаттағы мекеме кездейсоқ пәле-жәлеге душар бола қоймас, оған құдайдың бір өзі жар болады деп сенемін.
ФРУ АЛВИНГ. Соныңызға мен де қосылам, пастор Мандерс.
ПАСТОР МАНДЕРС. Демек, бұл әңгімені осымен доғарамыз ғой?
ФРУ АЛВИНГ. Иә, әлбетте.
ПАСТОР МАНДЕРС. Жақсы. Сіздің айтқаныңыз болсын. (Жазып). Ендеше, қамсыздандырмай-ақ қояйық.
ФРУ АЛВИНГ. Бірақ, бір ғажабы, сіздің бұл жайда бүгін әңгіме қылғаныңызға қайранмын.
ПАСТОР МАНДЕРС. Бұл туралы сізбен ақылдасуға көптен оқталып жүр едім.
ФРУ АЛВИНГ. Кеше осы арада өрт шыға жаздап қалды.
ПАСТОР МАНДЕРС. Өрт дейсің бе?
ФРУ АЛВИНГ. Иә. Тап, онша қорқатындай ештеңе болған жоқ. Ұстаханада ағаштың жаңқаларына от тиіпті.
ПАСТОР МАНДЕРС. Энгстран емес пе?
ФРУ АДБИНГ. Иә. Ол темекі тартып тұрып, аңдаусыз жаңқаға от түсіріп алыпты.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ол өзі әр нәрсені бір ойлап ауаланып жүретін неме еді, қайта осы күні жөнделіп келеді деп естідім ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Не дейсіз? Оны кімнен естідіңіз?
ПАСТОР МАҢДНРС. Өзі айтты. Оның үстіне, жұмысқа онша тындырымсыз көрінбейді.
ФРУ АЛВИНГ. Ішпей жүрсе, ісіне тындырымды екені рас.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, ішу деген де бір сұмырай індетке айналып барады. Бірақ, ол мүгедектігіме күйініп ішем дейді. Жуырда қалаға соққанында маған жолығып еді, әңгімесі сай-сүйегімді сырқыратты. Осы арадан қызмет тауып бергеніме, Регинаның қасына орналастырғаныма көп-көп рахмет айтты.
ФРУ АЛВИНГ. Бірақ, сол екеуі көп онша кездесе бермейтін сияқты.
ПАСТОР МАНДЕРС. Қалайша, күнде кездесіп тұрамыз деп өз аузынан айтты ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Мүмкін, кездессе кездесетін шығар, кім біліпті.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ол бас-көз боп отыратып жақын адам болмаса, бет-алды лағып кетуі мүмкін дәйексіз адам көрінеді. Тұла бойындағы кісі түшынатын жаңғыз мінезі де - сол бар кемшілігін жасырмай айтатыны. Кейінгі кездескенде ол маған бір мүдәсін айтып еді. Фру Алвинг, ол Регинаны өз қасына алғысы келеді.
ФРУ АЛВИНГ. (Орнынан ұшып тұрып). Регинаны дейсіз бе?
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз сонша карсы болмай-ақ қойыңыз.
ФРУ АЛВИНГ. Жоқ, бұл айтқаныңызды орындай алмаймын. Оның үстіне, Регинаны приютке қызметке орналастырмақ ойым бар.
ПАСТОР МАНДЕРС. Бірақ, енді өзіңіз ойлап көріңізші, ол қанша дегенмен, әкесі ғой.
ФРУ АЛБИНГ. Оның қандай әке екенін жақсы білеміз. Ол мен тұрғанда қыздан алты көш аулақ жүретін шығар.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Ол да орнынан тұрып). Алайда, қымбатты фру Алвинг, бүйтіп абыржып қайтесіз. Сіздің ағаш ұстасы Энгстранды тап осынша жек көретініңіз өте өкінішті екен. Сіз тіпті шошып кеттіңіз ғой.
ФРУ АЛВИНГ. (Сабасына түсіп). Регинаны баққан-қаққан мен, қайткен күнде де қасымнан жібермеймін. (Құлақ түріп). Жә, қойдық бұл әңгімені, қымбатты пастор.
МАНДЕРС. (Жүзі жадырып). Естідіңіз бе? Освальд келеді. Енді бұл жайындағы әңгімені доғарайық.
Освальд Алвинг, үстінде жұқа палыпо, қолыпда қалпақ, аузында ұзын түбір трубка, сол жақ есіктен шығады.
ОСВАЛЬД (Есік алдына кідіріп). Ғафу етіңіз, мен сіздерді кеңседе отырған шығар деп ойлап ем. (Жақындай түсіп). Саламатсыз ба, пастор мырза!
ПАСТОР МАНДЕРС. (Айран-асыр қап). А!.. Міне, тамаша!
ФРУ АЛБИНГ. Ал, қалай екен, пастор Мандерс?
ПАСТОР МАНДЕРС. Қазір айтам... Жоқ, жоқ, апыр-ау, бұл өңім бе, түсім бе?
ОСВАЛЬД. Иә, алдыңызда тұрған сол баяғы өзіңіз білетін адасқан ұл, пастор мырза.
ПАСТОР МАНДЕРС. Бірақ, менің қымбатты жас досым-ау...
ОСВАЛЬД. Иә, сіз менің үйге қайтып келгеніме таңданып тұрсыз ғой деймін.
ФРУ АЛВИНГ. Освальд сіздің баяғыда суретші болам дегеніне қарсы шығып, бата бермей қойғаныңызды айтып тұр.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, адам әуелі қай нәрсеге де күмәнмен қарайды бірақ артынан қанша дегенмен... (Освальдтың қолын қысып), Жә, қош келіпсіз, қош келіпсіз. Бірақ, қымбатты Освальд... Сізді осылай өзімсіне сөйлесем, айып көрмейсіз бе?
ОСВАЛЬД. Әрине, оқасы жоқ.
ПАСТОР МАНДЕРС. Жақсы. Ендеше айтарым мынау, қымбатты Освальд - мен күллі суретшілер қауымын жек көруден аулақпын. Олардың арасында да иманы түзу инабатты жандар болады деп білем.
ОСВАЛЬД. Сөз бар ма оған!
ФРУ АЛВИНГ. (Жадырап). Мен сондай жанына да, тәніне де ақау түсірмеген рухани тап-таза бір періште суретшіні білем. Ол, міне, алдыңызда тұр, пастор Мандерс!
ОСВАЛЬД. (Бөлмені кезе бастайды). Жарайды, мама, бұл әңгімені қозғай беріп қайтеміз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, оныңыз рас. Соңғы жылдары атыңыз шыға бастады. Газеттер сізді ауыздарына жиі алатын және мақтап жазатын болыпты. Тек кейінгі кезде олар сіз туралы көп үндемей барады.
ОСВАЛЬД. (Гүлдің жаиына барып). Кейінгі кезде жартымды ештеңе бітіре қойған жоқпын.
ФРУ АЛБИНГ. Суретшіге де демалыс керек қой.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, түсінікті мәселе. Үлкен шығармаға кірісер алдында күш жиып, әбден әзірленіп алған әбден дұрыс болады.
ОСВАЛЬД. Мама, түскі тамақ әзір ме екен?
ФРУ АЛВИНГ. Жарты сағаттан кейін дайын болады. Құдайға шүкір, баламның тамаққа тәбеті жақсы.
ПАСТОР МАНДЕРС. Темекіні де аз тартатын түрі көрінбейді,
ОСВАЛЬД. Жоғарыдағы бөлмеден әкемнің трубкасын тауып алдым, мынау сол.
ПАСТОР МАНДЕРС. Әй, бәсе!
ФРУ АЛВИНГ. Оның несіне таңырқадыңыз?
ПАСТОР МАНДЕРС. Освальд жаңа трубка тартып кіріп келгенде, тап баяғы әкесі кіріп келе жатыр ма екен деп қалып ем.
ОСВАЛЬД. Шынында да ұңсаймын ба?
ФРУ АЛВИНГ. Сіз де айта береді екенсіз. Освальд әкесінен гөрі маған тартқан ғой.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, сізге тартқаны рас, бірақ, аузы, ерні әкесінен айнымайды. Әсіресе, темекі тартқаны тап әкесі.
ФРУ АЛВИНГ. Мен ондай ұқсастықты көре алмай тұрмын. Қайта ауызы мен еріні пасторға тартқан сияқты.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, иә. Менің қол астымдағылардың кейбіреуінің аузы мен ерні осы сияқты боп келетіні рас.
ФРУ АЛВИНГ. Бірақ, балам, трубканды таста. Мен бөлмеде темекі тартқаңды ұнатпаймын.
ОСВАЛЬД. Болсын. Мен тек баяғы бала кезімде темекі тартқан трубкам болғасын, қызығып кетіппін.
ФРУ АЛВИНГ. Бала кезімде дейсің бе?
ОСВАЛЬД. Иә, мен онда тіпті кішкентай кезім. Бірде кешқұрым әкемнің бөлмесіне барсам, ол әлденеге көңілденіп, жарқылдап отыр екен...
ФРУ АЛВИНГ. Ол кездегі нәрселер сенің есіңде қала қойды дейсің бе?
ОСВАЛЬД. Жоқ, жоқ, әлі есімде. Мені тізесіне мінгізді де, "мә, тарт" деп трубкасын ұсынды. "Тарт, балақай, жақсылап сор", - деп қыстап қояды. Мен қашан боп-боз боп, әлім құрып, маңдайымнан суық тер бұрқ еткенше сора бердім. Ол қарқылдал күліп, мәз болды.
ПАСТОР МАНДЕРС. Гм... Онысы қызық екен.
ФРУ АЛВИНГ. Освальдтың бұл айтып тұрғаны түсі шығар.
ОСВАЛЬД. Жоқ, мама, түсім емес, өңім. Сен ұмытып қалғансың ба, үстімізге кіріп кеп, мені өз бөлмеңе алып кеткенің. Қайда! Менің басым айналып, жүрегім айнып, қатты қысылдым. Сен сонда жылағансың. Папамның ондай-ондай қалжыңдары болушы еді ғой.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ол жас кезінде өте қалжыңбас болатын.
ОСВАЛЬД. Бірақ, аз ғұмырының ішінде талай-талай жақсы істер тындырды. Жұртқа пайдасын аз тигізген жоқ. Жасқа қойғанда, әлі талай жасар еді ғой.
ПАСТОР МАНДЕРС. Оныңыз рас, сіз аса инабатты, қайраткер адамның ұлысыз, қымбатты Освальд Алвинг. Сізге оның өнегесі зор қажыр, қайрат қосады деп сенемін.
ОСВАЛЬД. Иә, солай болуға тиісті.
ПАСТОР МАНДЕРС. Оның есімін құрметпен еске алатын мына бір оқиғаның тұсында үйге келгеніңіз қандай тамаша болған.
ОСВАЛЬД. Өйтпеске қақым бар ма?
ФРУ АЛВИНГ. Бәрінен де, бұ жолы үйде ұзақ кідіруге уәде бергенін айтсаңызшы.
ПАСТОР МАНДЕРС. Мен сізді бүкіл қысты осында өткізеді деп естідім бе осы.
ОСВАЛЬД. Иә, мен осында біраз болатын шығармын, пастор мырза. Шіркін, өз үйіңе келгенде бір аунап-қунап қалады екенсің-ау!
ФРУ АЛВИНГ. (Жадырап). Шынында да, солай емес пе?
ПАСТОР МАНДЕРС. (Елжірей қарап). Сіз ұяңыздан ұшып кеттіңіз ғой, қымбатты Освальд!
ОСВАЛЬД. Иә, кейде тіпті үйімнен өте ерте кетіп қалғаныма өкінетін сияқтымын.
ФРУ АЛВИНГ. Сен секілді дені сау балаға қайта сол жақсы. Әсіресе, жаңғыз бала папасы мен мамасының қасында өссе, нағыз есірген ерке боп кетеді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ол енді аса даулы мәселе, фру Алвинг. Сәби үшін туған үйге не жетсін!
ОСВАЛЬД. Пастордың бұл сөзіне мен де қосылам.
ПАСТОР МАНДЕРС. Мәселен, сіздің ұлыңызды алайық. Көзінше айтқанымыз айып болмас. Ерте кеткеннен не жақсылық тапты? Жасы жиырма алты-жиырма жетіге келді, бірақ нағыз от басының қызығын әлі күнге көрген жоқ.
ОСВАЛЬД. Ғафу етіңіз, пастор мырза, қате айтасыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Солай ма? Мен сізді тек суретшілер ортасынан өзге өмірді көрген жоқ қой деп ойлаушы ем.
ОСВАЛЬД. Оныңыз рас.
ПАСТОР МАНДЕРС. Оның ішінде де тек жастармен ғана араласып тұратын шығарсыз.
ОСВАЛЬД. Ол да рас.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ендеше, меніңше, олардың көбінің өз түтінін түтетіп, үйлі-баранды боп кетуге қаражаті жетпейді.
ОСВАЛЬД. Иә, пастор мырза, үй болуға көбінің қаражаты жетпейтіні рас.
ПАСТОР МАНДЕРС, Міне, міне, менің де айтып тұрғаным сол ғой.
ОСВАЛЬД. Одан бірақ, олар от басының жылуынан атымен бейхабар екен деген сөз шықпаса керек. Кейбірінің тап-тұйнақтай үйі-күйі, жарастықты тұрмысы бар.
Бұл әңгімені қинала тыңдап отырған фру Алвинг үнсіз бас изейді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Мен ондай бойдақ тіршілік, салт тұрмысты айтып тұрғаным жоқ. Мен отбасы деп өз жар, өз балаларының қасыңда күбірісін-күпсіп отыратын үйлі-баранды тіршілікті айтамын.
ОСВАЛЬД. Иә, менің де айтып түрғаным сол. Өз балаларының қасындағы, балаларыңның анасының қасындағы өмір.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Шошынып). О, тәңірім, не айтып тұрсыз!
ОСВАЛЬД. Неге шошындыңыз?
ПАСТОР МАНДЕРС. Балаларының анасымен бірге тұрады дегеніңіз не сөз?
ОСВАЛЬД. Сонда сіз олардың балаларының анасын қаңғыртып тастап кеткенін қалайсыз ба?
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіздің айтып тұрғаныңыз жұрт әлгі "жабайы" неке деп ататын заңсыз неке, некесіз тұрмыс қой?
ОСВАЛЬД. Мен өз басым олардан жабайлық, тағылық санайтындай іштеңе байқамадым.
ПАСТОР МАНДЕРС. Тәрбие көрген жас жігіт пен қыздың көрер көзге жұрттан ұялмай, некесіз тұрмыс құруға келісім бергендері лайық нәрсе ме?
ОСВАЛЬД. Сонда олардың не істеуі керек? Қалтасында көк тиынсыз жас суретші, жарлы қыз... Үйленуге қаржылары жоқ. Сонда бұдан басқа амалдары қайсы?
ПАСТОР МАНДЕРС. Не істеуі керек дейсіз бе! Не істеулері керек екенін айтамын, Алвинг мырза. О бастан бір-бірінен аулақ жүрсін. Міне, олардың амалы осы!
ОСВАЛЬД. Ондай ақылыңызға бірін-бірі өліп-өшіп сүйетін жалынды жастар құлақ аса қояр ма екен?
ФРУ АЛВИНГ. Әрине, құлақ аспайды.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ендеше, оңдай бұзықтыққа өкімет неге жол береді? Көре тұрып, тиым салмайтыны қалай? (Фру Алвингтің алдына барып). Міне, сіздің ұлыңыздың мінез-құлқына көп күмәнданатын себебім де осы ғой. Осындай арсыздық пен айуандық жайлаған және ондайға ешкім ашынбайтын боп еттері үйреніп кеткен жерде.
ОСВАЛЬД. Сөзіңіз аузыңызда, пастор мырза. Мен жексенбі күндері әлгі сіз айтқандай "бұзық" бір-екі семьяға үзбей барып тұрдым...
ПАСТОР МАНДЕРС. Жексенбі сайын ба?
ОСВАЛЬД. Иә, енді басқа күндері көңіл кетеруге уақыт бар ма! Мен сонда адамгершілікке жатапайтын айуандық көрмек түгілі бір ауыз дөрекі сөз естіп көрген емеспін. Жоқ, сіз маған суреткерлер арасында пәлен жерде пәлен күн, пәлен уақытта адамгершілікке жат мінез көрдің деп айып таға алмайсыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Әрине, тәңір жарылқасын, айта алмаймын.
ОСВАЛЬД. Ендеше, мені тыңдаңыз. Сіз айтып тұрған жат мінез, жат қылықты қайта осында өнегелі күйеу, көргенді әке, инабатты адам саналып журген кейбір қадірлі жерлестеріміздің суретшілердін қарапайым кабактарына қонаққа барған кездерінде көреміз. Не бір сөлекет сөздерді де сондайда естиміз. Біз өңіміз түгілі түсімізде көрмеген сұмдықтар да солардың аузынан шығады.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз біздің қадірлі жерлестеріміз туралы мұндай ғайбат айтуға қалайша дәтіңіз барады?
ОСВАЛЬД. Ендеше, сол қадірлі жерлестеріңіздің шетелден оралғанда талай-талай адамшылыққа жатпайтын сұмдықтар туралы не сұрқия хабар айтып келгендерін естімеп пе едіңіз?
ПАСТОР МАНДЕРС. Әлбетте, естігем.
ФРУ АЛВИНГ. Мен де естігем.
ОСВАЛЬД. Естісеңіз, солардың сөзіне өз әулие көріп сенесіз ғой. Олардың арасында дүниені құртқан нағыз сұрқиялар толып жатыр. (Басын ұстап). О! Соншама азат та жарқын әсем өмір туралы осынша былапытты беттері шімірікпей солар қалай айтады екен!
ФРУ АЛВИНГ. Абыржымашы, Освальд... Саған абыржуға болмайды ғой.
ОСВАЛЬД. Иә, оныңыз рас. Маған абыржыған пайдалы емес. Осының бәрі шаршағандықтын қырсығы. Мен түскі тамаққа дейін таза ауаға шығып келейін. Ғафу етіңіз, пастор мырза. Артық кеткен жерім болса - кешірерсіз. (Оң жоқтағы екінші есіктен шығып кетеді).
ФРУ АЛВИНГ. Байғұс-ай!
ПАСТОР МАНДЕРС. Айтса айтқандай. Қандай күйге жеткен десеңізші!
Фру Алвинг үнсіз, оның жүзіне тесіле қарайды. Әрлі-берлі сенделіп жүріп.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ол өзін адасқан ұлмын деді-ау жаңа! Бай-бай-ай!
Фру Алвинг әлі үнсіз телміріп тұр.
ПАСТОР МАНДЕРС. Бұған сіз не айтасыз?
ФРУ АЛВИНГ. Менің айтарым, Освальдтың айтып тұрғанының бәрі рас.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Кілт кідіріп). Рас дейсіз бе? Сіз қалай-қалай тез өзгеріп кеткенсіз?
ФРУ АЛВИНГ. Пастор мырза, мынау жападан-жалғыз тіршілігімде мен де тап осындай пікірге әлдеқашан келген едім. Бірақ, соның бәрін ашып айтуға батылым бармайтын. Енді менің сол күдігімді ұлым айтып тұр.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз, фру Алвинг, шынында да кісі аяйтындай хәлге жетіпсіз. Ендеше, бетіңізге айтайын. Мен енді сізбен өзіңіздің және күйеуіңіздің ескі досы, ақылшы-жанашырыңыз ретіңде емес, өміріңіздің сонау бір ессіз жылдарындағыдай дін адамы - рухани әкеңіз ретінде сөйлескелі тұрмын.
ФРУ АЛВИНГ. Сонда маған менің рухани әкем не айтпақшы?
ПАСТОР МАНДЕРС. Ең алдымен есіңізден шығып бара жатқан бір жайды жадыңызға салғым келеді. Ертең сіздің күйеуңіздің қайтыс болғанына аттай он жыл толады. Марқұмның құрметіне ескерткіш ашылады. Жиналған жұртқа айтарымды ертең айтармын, бүгін мені тек сіз ғана тыңдаңыз!
ФРУ АЛВИНГ. Жақсы, пастор мырза, құлағым сізде!
ПАСТОР МАНДЕРС. Үйленгеніңізге бір жыл толмай жатып, аяқ астынан әзәзіл иектеп, азып кете жаздағаныңыз есіңізде бар ма? Үйіңізден безіп, күйіңізден безіп, күйеуіңізден безіп, иә, ол қанша жалынып-жалбарынса да құлақ аспай, қашып кеткеніңізді ұмытпаған шығарсыз.
ФРУ АЛВИНГ. Ал, сіз менің алғаш тұрмысқа шыққан жылы қандай бақытсыздыққа душар бомғанымды ұмытып қалдыңыз ба?
ПАСТОР МАНДЕРС. Қайдағы кесепаттың бәрі кісінің осы қара жердің үстіңде жүріп-ақ қарқ болғысы келетін орынсыз қанағатсыздығынан өрбиді ғой. Мына біз, тәңрінің жұмырбасты пенделері, бақыт талап етуге, бақ тілеуге қандай ғана қақымыз бар? Жоқ, фру Алвинг, біз әуелі парызымызды дұрыс атқарып алайық. Таңдап қосылып, тар төсекте табысқан ақ некелі жарыңыздың алдында ақтық деміңіз біткенше адал болу сіздің парызыңыз емес пе?
ФРУ АЛВИНГ. Алвингтің де сол уақытта қайдағы бір жын ойнақтың соңында жүргенін сіз жақсы білетін едіңіз ғой.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, мен сол жылдары оның артынан қандай өсек ергенін әбден жақсы білем. Жұрттың айтқаны рас болса, марқұмның жас шағыңдағы ондай-ондайын мен де мақұлдамаймын. Бірақ, еркекке әйел қазы бопты дегенді кім естіген. Тәңіріңіз салғанына шыдап, өз міндетіңізді біліп, жүре беруіңіз керек еді. Ал, сіз бұрқан-талқан боп тулап шықтыңыз. Сүрінген күйеуіңізді қолтығынан демеудің орнына, тағдырдың тәлкегіне тастадыңыз, өзіңіздің абыройыңызды да, өзгелердің абыройын да айрандай төге жаздадыңыз.
ФРУ АЛВИНГ. Өзгелеріңіз кімдер? Ойлап тұрғаныңыз соншама көп кісі емес еді ғой. Өзгенің де деңіз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, маған кеп паналағаныңыз сіздің тарапыңыздан кеткен үлкен әбестік болды.
ФРУ АЛВИНГ. Дін адамына, біздің үйдің дос кісісіне барып паналасам, оның не айыбы бар екен?
ПАСТОР МАНДЕРС. Әйтеуір, жасаған жар болып, әзәзілдің айтқанына көнбедім... әйтпегенде сіздің сол тұстағы кейбір ессіз дәмеңізге берілсем, мен сізді қайтадан құдайдың ақ жолына түсіріп, ақ некелі жарыңызға, ақ некелі төсегіңізге қайтара алмай қалуым да мүмкін еді ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, пастор Мандерс, бұл айтқаныңыз рас. Ол тек сіздің арқаңыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Мені қойшы, мен жаратқанның еркінен шыға алам ба? Мен тек бір сіз үшін, сіздің болашағыңыз үшін парызыңызды ұмытпауға көндіргем жоқ па? Шынында да, менің айтқанымның бәрі келді емес пе? Алвинг инабатты күйеуге жараспайтын жағымсыз қылықтарының бәрін тастап, соңғы демі таусылғанша өзіңізбен тұз-дәмі жарасып өтті. Онысын былай қойғанда, өз өлкесін көркейтуге қаншама еңбек сіңірді десеңізші! Сондай игі істерге сізді де араластырып, зор абырой алып берді. Сіз де оғаи қолғабысыңызды аяған жоқсыз. Оны біз жақсы білеміз, фру Алвинг. Ол үшін сізді қанша мақтасақ та жарасады. Бірақ, бұл арада сіздің өміріңізде өткен екінші бір үлкен оқиғаны айтпасқа тағы болмайды.
ФРУ АЛВИНГ. Оныңыз не оқиға?
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз бір кезде өзіңіздің зайыптық парызыңызды таптағаныңыз сияқты кейін аналық парызыңызды аяққа басып тағы шықтыңыз,
ФРУ АЛВИНГ. А!
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз ылғы өркөкіректіктің тауқыметін тартумен келесіз. Сіздің қалайтыныңыз - тізгін үзген еркіндік, бағынуға қаныңыз қарсы. Сіз ешқандай парыз, міндет, борыш дегендер болмаса екен дейсіз. Сіз, құлды бір оны орындау-орындамау өз еркіңіздегі дүниедей, адам атаулының қай-қайсысына да ерекше қасиетті ұлы парыздарды аяқ асты қылдыңыз. Оған түк арланған да жоқсыз, қиналған да жоқсыз. Ерлі-зайыпты өмірді ауырсынып едіңіз - күйеуіңізді тастай қаштыңыз, ана болғанды ауырсынып едіңіз - өз сәбиіңізден өзіңіз бездіңіз.
ФРУ АЛВИНГ. Бұныңыз шын, оным рас.
ПАСТОР МАНДЕРС. Міне, енді, соныңыздың қырсығынан өз балаңызға өзіңіз жат болып тұрсыз.
ФРУ АЛВИНГ. Жоқ, жоқ, жалған айтасыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Рас. Оның бөтөн болмаған несі қалды? Қандай кісі боп шыққанын жаңа көрмедіңіз бе? Ойлап көріңізші өзіңіз, фру Алвинг. Сіз күйеуіңіздің алдында күнәкар екеніңізді өзіңіз де сезіп, бүгін міне, ескерткіш орнатып отырсыз. Ендеше, балаңыздың алдыңдағы күнәңызды да мойындаңыз. Бәлкім, оны ақиқат жолына түсіруге әлі де кеш емес шығар. Оны әзәзіл жолынан, азғыңдаудан өзіңіз құтқарыңыз. Иә. (Сұқ қолын көтеріп). Сіз шынында да күнәһар анасыз. Оны ашып айтуды өзіме парыз санаймын.
Үнсіздік.
ФРУ АЛВИНГ. (Жайбарақат қалыпта). Сүйтіп сіз, пастор мырза, ертең күйеуімнің ескерткішіне жиналған жұртқа сөз сейлейсіз ғой. Мен ертең сейлемеймін. Сондықтан, бүгін сізбен бір-екі ауыз сөзім бар, әңгімені жаңа өзіңіз бастап тұрсыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Әрине, ақталатын себептеріңіз болса ақылдасқаныңыз әбден дұрыс.
ФРУ АЛВИНГ. Жоқ. Ақталайын деп тұрған мен жоқ. Мен тек көңілімдегі бірер ойымды айтқым келеді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ашыңыз.
ФРУ АЛБИНГ. Сіздің жаңағы, өз сөзіңізбен айтқанда, мені дұрыс жолға түсіргеннен кейінгі мен туралы, менің күйеуім туралы, біздің ерлі-зайыпты өміріміз туралы айтып тұрғаныңыздың бәрі де - өз көзіңізбен көрмеген, жұрттан естіген қаңқу әңгіме. Сіз бұрын бұл үйдің досы, ат құрғатпай келіп тұратын қадірлі қонағы болғанмен, әлгі оқиғадан кейін төбе көрсетуден қалғансыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, ол оқиғадан кейін іле-шала қаланы тастап, осында көшіп кеттіңіздер ғой.
ФРУ АЛБИНГ. Иә, сіз мұнда күйеуім тіріде бір рет бас сұққан жоқсыз. Кейін мынау приюттің шаруасы шыққан соң, іс бабымен келіп-кетіп жүруге мәжбүр болдыңыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Ынғайсызданып). Бұл айтып тұрғаныңыз өкпеңіз болса, менің де жағдайымды ойласаңызшы.
ФРУ АЛВИНГ. Халық алдындағы абырой-атағыңызды айтасыз ғой. Оныңыз рас. Мен күйеуінен қашып кеткен күнәһар әйелмін. Мендей жады иектегендерден аулақ жүргеніңіз әбден дұрыс.
ПАСТОР МАНДЕРС. Қымбатты... фру Алвинг, сіз тіптен әсірелеңкіреп жібердіңіз-ау.
ФРУ АЛВИНГ. Ол да мүмкін. Бірақ, менің айтпағым - сіздің менің отбасымдағы өмірім туралы пікіріңіз жұрттың алып-қашты әңгімесінің төңірегінен көп ұзап шыға алмапты.
ПАСТОР МАНДЕРС. Жарайды, солай-ақ болсын, оңда не тұр?
ФРУ АЛВИНГ. Ендеше, Мандерс, нағыз шындықты мен айтамын, сен тыңда. Мен мұны өзіңізден басқа ешкімге айтпаспын деп, іштей берген антым бар еді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, шынында қалай болды екен, айта беріңіз.
ФРУ АЛВИНГ. Менің күйеуім күллі өмірін қалай бейбаспақ өткізсе, сол қалпында бұл дүниеден кетті.
ПАСТОР МАҢДБРС. (Орындығының арқалығына жармасып). Сіз не деп тұрсыз?
ФРУ АЛВИНГ. Некеміз қиылған соң, біз он тоғыз жыл бірге өмір сүрдік. Сол он тоғыз жыл бойына ол сіз алғаш некемізді қиғанда қандай бейбастақ болса, сол қалпы, өз нәпсісіне өзі құл болумен өмірден өтті.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз енді жастық шақтағы ондай-ондай дұрыс жолдан жаңсақ басқан жаңылыс қадамдарды, азын-аулақ көлденең жүріс, көз таса қылықтарын бейбастақты қоспаңыз.
ФРУ АЛВИНГ. Біздің үйдің дәрігерінің айтуынша, тап солай!
ПАСТОР МАНДЕРС. Мен сізге қайран қалып тұрмын.
ФРУ АЛВИНГ. Қайран қалатын ештеңе жоқ.
ПАСТОР МАНДЕРС. Тіпті түсінсем не дейсің... Сонда сіздің ұзақ жыл бірге отасқан некелі өміріңіз әншейін жалған пердемен көлкештеп қойған көлгірлік қана болғаны ма?
ФРУ АЛВИНГ. Дәл. солай. Мұны сіз біліп айттыңыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Тап мына сөзіңізге мен шамалы да сене алатын емеспін. Тіпті миым жетпейді... Тап солай бола қоюы мүмкін емес! Жұрт нағып ол туралы ләм мим ештеңе сезбейді?
ФРУ АЛВИНГ. Жұрт біліп қоймасын деп, менің сол күні-түні көрмеген азабым қалды ма екен? Освальд туғанда Алвинг бір аз ғана уақыт өз басына өзі ие боп, дұрыс жүрді де, көп ұзамай бұрынғы әуеніне қайта басты. Мен баламның әкесін қандай азғын адам екенін жұрт біліп қала ма деп, бұрынғыдан бетер жанталасып бақтым. Ол өзі көрген жұрттың көзі сүйінетіндей келбетті кісі болғанын сіз де білесіз ғой. Тап сондай инабатты адам азғындыққа барады деп кім ойлай қойсын! Ол не істесе де, жұрт алдында абыройын төкпейтін адам еді. Жарайды, Мандерс, сіз енді не де болса, оның жәйін түгел біліп алыңыз. Мен сізге оның азғындай-азғындай неге жеткенін де айтамын.
ПАСТОР МАНДЕРС. Әлгі айтып отырғаныңыздан да өткен ол не сұмдық?
ФРУ АЛВИНГ. Әуелі оның үйден тысқары жерде не істеп-не қоятынын көрсем де, көрмеген боп жүре бердім. Бірақ, ол азғындығын осы үйдің ішіне де істей бастағанын көргенде, шыдай алмадым.
ПАСТОР МАНДЕРС. Тәңірім-ау, не деп барасыз!
ФРУ АЛВИНГ. Иә, оның ол кәсібі көп ұзамай осы үйге де жетті. Әне, анау (Қолымен оң жақтағы бірінші есікті нұсқап). Асханада алғаш рет үстінен шықтым. Әлдене алайын деп асханаға бардым да, ұмытып есігін жаппаппын. Кенет қызметші қыздың сол бойда гүлге су құйғалы верандаға шыққанын көзім шалды,
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә...
ФРУ АЛВИНГ. Көп ұзамай Алвинг те артынан ілесе сонда кіріп, қызға әлдене деп тіл қатқанын естідім. (Осқырына күліп). Ох, ет-жүрегімді тіліп-тіліп түскен сол бір сұрқия сөздер әлі күнге есімде. Қызметші қыздың: "Жіберіңізші деймін, камергер мырза, жіберіңізіші енді", - деп жалына сыбырлағаны құлағымнан кетер емес.
ПАСТОР МАНДЕРС. Неткен ессіздік еді, Фру Алвинг, бұнысы әншейін ұшқалақтық қой! Сеніңіз!
ФРУ АЛВИНГ. Иә, ондай ұшқалықтықтың арты неге әкеліп соғатынына кейін көзім жетті. Камергер ақыры қызды дегеніне көндіріп тынды... Және олардың ол қатынасының соңы із-түзсіз кеткен жоқ, пастор Мандерс.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Айран-асыр қап). Соның бәрі осы үйдің ішінде болды ма? О тоба-ой!
ФРУ АЛБИНГ. Бұл үйде менің шекпеген азабым жоқ шығар! Басы ауған жаққа кетіп қалмасын деп, түні бойы соның бөлмесінде өзімен бірге арақ та іштім. Екеуден-екеу оңаша отырып арақ ішіп, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шыққан былапыт әңгімесін тыңдап, ең соңында айқай-төбелеспен төсегіне әрең-әрең сүйреп апарып салып, талай таңды көзімнен атқыздым.
ПАСТОР МАНДЕРС. Соның бәріне қалай шыдағансыз?
ФРУ АЛВИНГ. Шыдамағанда қайтейін, кішкене сәбиім үшін бәріне де төзуге тырыстым. Бірақ, әлгі масқараны, қызметші қызбен көзіме шөп салғанын көргенде, мен де бір нар тәуекелге бел будым. Бар билікті өз қолыма алып, осы үйге өзім қожа болдым. Енді ол қаралай қуысты боп маған қарсы қыңқ етер дәрмені қалмады. Освальдты басқа жаққа жібергенім де сол тұс. Оның жасы жетіге жетті, есі кірді, әрнәрсені білгісі кеп, сұрай бастады. Мен енді одан әрі шыдай алмадым, Мандерс. Маған балам осы үйдегі жексұрындықтың сасық ауасына тұншығып қалатындай көрінді. Көзін аулақ қылуға асықтым. Ұлымның әкесі тірі кезде, бұл үйге неге соқпағанына енді өзіңіз де түсінген шығарсыз. Бұның бәрі маған қандай азапқа түскенін ешкім білмейді.

ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, мұныңыз, шынында да, тауқымет екен.
ФРУ АЛВИНГ. Егер қол қусырып қарап отырсам, бұл қорлыққа шыдай алмас та едім. Жаралы көңілімді жұмыспен жұбаттым. Жұрттың әлі күнге Алвингке жерімізді қеңейтіп, топырағын тыңайтып, баптап, жаңалық енгізді деп айран-асыр қап. Администрации Президента жүргені - сол тындырған шаруа ғой деп пе едіңіз! Күні бойы диванда жаншылып жатып, ескі календарьды әрі-бері ақтарғаннан басқа оның қолынан не келуші еді. Жоқ, басын бастағасын, мен сізге енді бәрін де айтып берейін. Мен оны көңілінің қошы барда әлгіндей пайдалы іске жұмылдырдым, ал енді ол қайтадан араққа салынып кеткен кездерінде бар ауыртпалықты өз мойныма алдым.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ендеше ондай адамға қалайша ескерткіш орнатпақшысыз.
ФРУ АЛВИНГ. Оның да себебі бар.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ол не себеп?
ФРУ АЛБИНГ, Мен әрдайым ақиқат нәрсе жұртқа белгілі болмай қоймайды деп ойлаймын. Енді, міне, приют жұрттын әлгі мен туралы бейпіл әңгімелерін бекерге шығарады.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, оныңыз рас.
ФРУ АЛВИНГ. Тағы бір ойым тағы бар. Мен Освальд солешқандай мұра алмай-ақ қойса деп ем әкесінен.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз сонда приютті Алвингтің қаражатына салдырдыңыз ба?
ФРУ АЛВИНГ. Иә. Мен жыл сайын баяғыда лейтен Алвингтің бағы гүрлеп тұрған кездегі дәулеті қандай болса, тап сондай мөлшерге жеткенше жыл ма жылғы түсімнін шетінен қаражат жидым.
ПАСТОР МАНДЕРС. Енді түсінікті болды.
ФРУ АЛБИНГ. Ол мені де тап осынша ақшаға қолына түсірген-ді. Мен енді сол ақшаның Освальдтың қолына өткенін қаламаймын. Балама мұраға тек өз табысымды ғана қалдырам.
Оңжақтағы есіктен Освальд Алвинг кірді, үстіндегі пальтосы мен қалпағын шешіп тастапты. Фру Алвинг алдынан шығады.
ФРУ АЛВИНГ. Серуендеп болдың ба, балам?
ОСВАЛЬД. Иә. Мынандай лайсаң жаңбырда серуендеп не оңдырасың. Шамасы, қазір тамақтанатын шығармыз. Ең дұрысы сол болар.
РЕГИНА. (Асханадан пакет алып шығады). Ханым, сізге келіпті. (Береді).
ФРУ АЛВИНГ. (Пасторға). Ертеңгі салтанатта айтылатын кантата шығар.
ПАСТОР МАНДЕРС. Гм.
РЕГИНА. Тамақ әзір.
ФРУ АЛВИНГ. Өте жақсы. Қазір барамыз. (Пакетті ашады).
РЕГИНА. (Освальдқа). Алвинг мырза, сіз портвейннің қызылын қалайсыз ба, әлде ағын ашайық па?
ОСВАЛЬД. Екеуі де болсын, йомфру Энгстран.
РЕГИНА. Віен... Жарайды, Алвинг мырза. (Асханаға кетеді).
ОСВАЛЬД. Барып, бөтелке ашып берейін. (Ол да асханаға кіреді, есік ашық қалады).
ФРУ АЛВИНГ. (Пакетті ашып). Иә, бұл шынында да ертеңгі салтанатқа арналған кантата боп шықты, пастор Мандерс.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Қолын тарақтап), Апырай, мен ертең жұрттың алдында дәтім барып қалай сөйлер екенмін!
ФРУ АЛВИНГ. Әйтеуір, бір орайын келтірерсіз.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Асханадағылар естіп қоймасын дегендей, ақырын). Күнәһарды мадақтаған күпіршілік болып жүре ме деп қорқам.
ФРУ АЛВИНГ. Иә. Бірақ, енді мынау азап комедия осымен біржолата тынады. Бүрсі күннен бастап марқұмды мүлде есімнен шығарам. Енді бұл үйде тек балам екеуіміз ғана қаламыз.
Асханадан орындықтардың тарсылы, артынша Регинаның "Освальд! Есің дұрыс па? Жағаласпа деймін!" деп сыбырлағаны естіледі.
ФРУ АЛВИНГ. (Фру Алвинг дір ете қалады). А! (Жартылай ашық есік жаққа жалт қарайды).
Асханадан әуелі Освальдтың жөткірінгені, сосын ыңылдап әндеткені, ақырында тарс етіп ашылғап бөтелке дыбысы естіледі.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Ызамен). Бұнысы не тағы, фру Алвинг!
ФРУ АЛВИНГ. (Қарлыққан дауыспен). Көзіме қос көрінгеннен сау ма! Тағы да сол верандада, тағы да сол сайқал екеу... Көрлерінен қайта шыққан сол екеу...
ПАСТОР МАНДЕРС. Не деп тұрсыз? Регина ма? Әлгі соның даусы ма?
ФРУ АЛВИНГ. Иә. Жүріңіз. Тісіңізден шықпасын. (Пасторды қолтықтап, теңселе басып, асханаға беттейді.)

 

 
ІІ перде

 

Сол бөлме. Сыртта бұрынғы ландшафт, бұрынғы қою тұман. Асханадан фру Алвинг пен пастор Мандерс шығады.
ФРУ АЛВИНГ. (Есік алдында). Освальд, сен бізбен бірге жүрмейсің бе?
ОСВАЛЬД. (Асхананың ішінен). Жоқ, рахмет, мен біраз серуендеп қайтақпын.
ФРУ АЛВИНГ. Серуендесең, серуендеп қайт. Сыртта жауын да басылған екен. (Асхананың есігін жауып, алдынғы бөлменің есігіне барады.) Регина!
РЕГИНА. (Алдынғы бөлмеден). Не қажет еді, ханым?
ФРУ АЛВИНГ. Кір жуатын бөлмеге барып, венок әзірлеуге көмектес.
РЕГИНА. Жарайды, ханым.
Фру Алвинг Регинаның кеткеніне көзі жетженде барып, есікті жабады.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ол ана жақта, ести қоймайтын шығар.
ФРУ АЛВИНГ. Есік жабық, естімейді. Қазір ол кетеді ғой.
ПАСТОР МАНДЕРС. Мен әлгі сөзіңізден кейін әлі есімді жия алатын емеспін. Тағам жақсы әзірленген екен. Бірақ, дастархан басында тамағымнан қалайша ас өткеніне әлі қайранмын.
ФРУ АЛВИНГ. (Әрлі-берлі сенделіп жүріп). Мен де солай. Енді не істеу керек?
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, соны айтсаңызшы. Мен бұндай шаруаға тәжірибесізбін ғой, не істеу керек екенін өзім де біліп тұрғам жоқ.
ФРУ АЛВИНГ. Мен бірақ іс насырға шаба қойған жоқ қой деп ойлаймын.
ПАСТОР МАНДЕРС. Одан құдай сақтасын. Бірақ, екеуінің арасында ыңғайсыз бірдеңе бары көрініп тұр.
ФРУ АЛВИНГ. Көрерсіз де білерсіз, осының бәрі - Освальдтың әншейін қылжағы.
ПАСТОР МАНДЕРС. Мұндай мәселе шорқақпын деп жаңа айттым ғой, алайда осында бір келіссіз нәрсе барына еш күмәнім жоқ.
ФРУ АЛБИНГ. Не де болса, ол қызды бұдан әрі бұл үйде ұстауға болмайтыны түсінікті болды.
ПАСТОР МАНДЕРС. Дұрыс айтасыз.
ФРУ АЛВИНГ. Бірақ, сонда ол байғұс қайда бармақшы?
ПАСТОР МАНДЕРС. Туған әкесінің үйі тұрғанда қайда баратын еді?
ФРУ АЛВИНГ. Сіз де айтады екенсіз,
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, әлгі Энгстранның... Бірақ, тәңірім-ау, енді... Дегенмен ханым ол туралы ойыңыздың қате боп шығу мүмкін деп күмәнданбайсыз ба?
ФРУ АЛВИНГ. Оған ешқаңдай күмәніңіз болмасын. Иоханна маған бәрін өзі мойыңдаған. Алвинг те өтірік дей алмады. Сосын бұл жайды жұрт біліп қалмасын деп, жасыруға мәжбүр болдық.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, оның енді одан басқа амалы бар ма?
ФРУ АЛВИНГ. Қызметші қызға бұның бәрін тісіңнен шығарма деп ауыз бастырыққа қарайған ақша беріп, қызметтен босаттық. Ол ар жағының орайып өзі тапты, қалаға барды да, бір кездегі танысы ағаш ұстасы Энгстранмен қарым-қатынасын қайта жалғастырды. Ол оған жазда бір шетелдік жігіт қайықпен келіп, көңіл тату болып, қарайған ақша беріп кетті деп, қаражаты барын сездірсе керек. Екеуі көп ұзамай некеге отырды. Некесін өзіңіз қиғансыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Солай ма еді... Иә, бір күні Энгстран менің жеңілтектігімнен қалыңдығым абыройсыздыққа ұшырап қалды, тезірек некемізді қия көріңіз деп жалынып-жалпайып келгені алі есімде.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, оған бар кінәні өз мойнына алуға тура келді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Бірақ, сонда олар мені алдаған боп шықты-ау! Мен бұндай қылықты басқадан күтсем де, тап Якоб Энгстраннан күткен жоқ едім. Жарайды, бұндай арсыздьны үшін оған жазасын әлі-ақ тартқызармын. Ақшаға бола арын сату деген не сұмдық! Ол қыздың соншама қанша қаражаты бар еді өзі?
ФРУ АЛВИНГ. Үш жүз специй-далері бар-тын.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сонда әлгі неме үш жүз далерге бола азғын әйелмен некеге отырып жүр ме?
ФРУ АЛВИНГ. Сіз ендеше мен туралы не айтасыз? Мен де азғын еркекпен некеге отырдым ғой!
ПАСТОР МАНДЕРС. О, тәңірім! Не айтып тұрсыз? Азғын еркек дейсіз бе?
ФРУ АЛВИНГ. Сонда, сіздіңше, Алвинг маған некелескен кезінде Энгстранға некелескен Иоханнадан гөрі ақ некеге лайықтырақ, етегіне намаз оқыған бейкүнә адам болғаны ма?
ПАСТОР МАНДЕРС. Ол екеуінің арасы жер мен көктей ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Жер мен көктей ештеңе де жоқ. Көп болса, қаражаттары әр түрлі шығар. Біреуінің бар болғаны үш жүз далері болса, екіншісі атадан қалған мол дәулетке шолпып жүрген-ді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Қалайша ауызыңыз барып, теңгерместі теңгеріп, салыстырмасты салыстырып тұрсыз. Сіз тұрмысқа жүрегіңіздің қалауымен, жақын тумаластарыңыздың ақылымен шықтыңыз ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Мен сізді сол жылдары мені: жүрегімнің кімді қалайтынын түсінетін шығар деп ойлаушы ем.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Түсін суытып). Мен ондай сырды түсінсем, сіздің күйеуіңіздің үйінде күн сайын қонақ боп жүрмес едім ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Не де болса, ол кезде өз жүрегімнің айтқанына құлақ аспағаным айдан-анық нәрсе.
ПАСТОР МАНДЕРС. Бірақ, жақындарыңыздың көңілін жыққан жоқсыз, анаңыздың, екі апаңыздың айтқанын тыңдадыңыз.
ФРУ АЛВИНГ. Оныңыз рас. Менің тағдырымды сол үшеуі шешті. Олар мұндай дәулетті адамның ұсынысын аяқ асты қылу ақымақтық болады деп қояр да қоймады. Енді, міне, анам пақыр қайта тірілсе, сол некенің артының немен тынғанын өз көзімен көрер еді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Артының не болатынына алдын-ала кім тон піше алады. Бірақ, әйтеуір, сіздердің некеңізде заңға қайшы ештеңе жоқ.
ФРУ АЛВИНГ. (Терезе алдына барып). Жер бетіндегі кесепат атаулы, осы бір заң-закүн, тәр-тәртіп деген қырсық сөздердің кесірінен болып жатқан жоқ па!
ПАСТОР МАНДЕРС. Фру Алвинг, бұныңыз - күпіршілік.
ФРУ АЛВИНГ. Күпіршілік болса, күпіршілік шығар. Алайда мен ендігәрі кісіні аяқ-қолынан бірдей матап тастаған қасаң-қайыс қағидалардың айтқанына көніп, алдағанына жүре алмаймын. Маған еркіндік керек!
ПАСТОР МАНДЕРС. Сондағы айтпағыңыз не?
ФРУ АЛВИНГ. Маған о бастан Алвингтің күлді-көмек өмірін көлкештеудің қажеті жоқ еді. Бірақ, мен ол кезде өзімнің дәрменсіздігімнен, қорқақтығымнан соның бәрін қорғаштап бақтым. Өйткені, өз бетімде де шіркеу барды. Содан қорықтым.
ПАСТОР МАНДЕРС. Қорықтым дейсіз бе?
ФРУ АЛВИНГ. Иә, егер жұрт оның азғындыққа түсіп жүргенін білсе, азбағанда қайтсын, анадай тапа-тал түсте күйеуін тастап кеткен опасыз әйелмен қайтып отассын деп айтады ғой деп қуыстандым.

ПАСТОР МАНДЕРС. Олай ойлауыңызға да бірталай себеп бар емес пе?
ФРУ АЛВИНГ. Егер менің орнымда менен гөрі жібі түзу басқа біреу болғанда Освальдты шақырып алып: "Сенің әкең етек қуған азғын", - деп әлдеқашан ашып айтар еді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Жә, жә, қойыңыз.
ФРУ АЛВИНГ. Жаңағы сіз естіген әңгіменің бәрін алдымен соған айтар еді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ханым, сіздің мына сөзіңіз менің шамыма тиіп тұр.
ФРУ АЛВИНГ. Рас. Бұл сөздер сіз түгілі, менің өз құлағыма түрпідей тиеді. Менің қорқатыным да сол ғой.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз неге өзіңіздің тікелей борышыңызды қорқақтық деп ұғасыз. Балаларды ата-анасын тірісінде сыйлауға, өлгенінде аруағын құрметтеуге үйрету кашаннан бері айып саналатын болып еді!
ФРУ АЛВИНГ. Біз ондай жалпы қағида, жадағай пәтуаны қайтеміз. Өзіңіз айтыңызшы: сонда Освальда, камергер Алвингті өліп-өшіп сыйлап, аруағын құрметтеуге тиісті ме?
ПАСТОР МАНДЕРС. Сонда сіздің аналық жүрегіңіз өз ұлыңызға барша асыл мұрат, абзал қасиет атаулыдан құр алақан қал демекші ме?
ФРУ АЛВИНГ. Ал ақиқатты қайда қоясыз?
ПАСТОР МАНДЕРС. Ендеше мұрат-мақсатты қайда қоймақсыз!
ФРУ АЛВИНГ. Мұрат-мақсат! Баяғыдан бері менің аузыма құм құйып келген де сол сөздер!
ПАСТОР МАНДЕРС. Ол ұғымдармен ойнауға болмайды, фру Алвинг, ол үшін тартар жаза да оп-оңай емес. Әсіресе, Освальдпен бұл туралы абайлап сөйлесіңіз. Оның бү дүниеде ардақтап, құрмет тұтып жатқан нәрсесі тап онша көп көрінбейді. Әлгі әңгімесінен, шүкір, әйтеуір, әкесінің аруағын сыйлайтыны сезілді. Ол ұғымына ақау сап қайтесіз!
ФРУ АЛВИНГ. Оныңыз рас.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ұлыңыздың әкесі жөніндегі ондай ұғымын қалыптастырған да өзіңіз шығарсыз.
ФРУ АЛВИНГ. Сол әлгі парызыңызды ойлап және басқа да себептермен мен оған әкесі жайлы құдайдың жоқ өтірігін құлағына құйып бақтым. Соным неткен қорқақтық, неткен бекершілік болған!
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз ұлыңыздың көңіліне жақсы пиғыл, жақсы қиял орнатсаңыз, ол үшін өкінбей-ақ қойыңыз, ханым.
ФРУ АЛВИНГ. Оның арты жақсылыққа соға ма, жамандыққа соға ма -көре жатармыз. Алайда, әлгі Регина. екеуінің арасындағы әуре-сарсанды аяқсыз қалдырмаймын. Бейшара қызды бақытсыздыққа ұшыратпаймын.
ПАСТОР МАНДЕРС. О не дегеніңіз! Оның бетін әрмен қылсын.
ФРУ АЛВИНГ. Бірақ, мен ұлымның соған ықыласы шындап құлап жүрмесін деп қорқам.
ПАСТОР МАНДЕРС. Атай көрмеңіз, түге...
ФРУ АЛВИНГ. Бірақ, олай болуы мүмкін емес. Регина ондай қыз емес.
ПАСТОР МАНДЕРС. Егер алда-жалда алдыңғы айтқаныңыздай боп шығып жүрсе, қайтер едіңіз.
ФРУ АЛВИНГ. Онда ма, тап мендей дәрменсіз қорқақ біреу болмаса, сол қызға үйлен немесе басқаша орайын келтіріңдер, бірақ бір-біріңді әуре-сарсаңға салмаңдар деген болар еді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Құдай сақтасын! Сонда ол екеуі заңды некеге қалай отырмақшы? Мынауыңыз бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген сұмдық екен!
ФРУ АЛВИНГ. Солай дейсіз бе? Алайда, пастор Мандерс, құдайшылығыңызды айтыңызшы, осы төңіректе туысқан бола тұра, ерлі-зайыпты тұрмыс құрып жүргендер бұдан бұрын аз ба еді?
ПАСТОР МАНДЕРС. Мына сөзіңізге түсінсем не дейсіз?
ФРУ АЛВИНГ. Дұрыстап ойласаңыз, түсінесіз.
ПАСТОР МАНДЕРС, Соңда, сіз солай боп шығуы мүмкін дегіңіз келе ме... Әрине, ерлі-зайыты тұрмыстың бәр-бәрінің ойдагыдай тап-таза кіршіксіз бола бермейтіні рас. Бірақ, сіздің емеурін білдіріп тұрған нәрсеңіз - ол әлі ешкім сезбеген анық-қанығы белгісіз жағдай ғой. Ана басыңызбен, көре тұрып, өз ұлыңызды қалайша батпаққа итермексіз.
ФРУ АЛВИНГ, Ондай ойдан мен де аулақпын. Менің де қалайтыным - екеуінің бастары қосылмағаны. Әлгі айтқаныңыздың бәгін әрі қылсын. О не дегеніңіз!
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, сіз жаңа өзіңіз айтқандай ондай нәрседен қорқатын көрінесіз, Ал, егер қорықпасаңыз, бұдан асқан сұмдық болар ма! О жасаған, пендеден бәрін жады иектеген бе немене!
ФРУ АЛВИНГ. Түптеп келгенде, бәріміз де сол бір күнәһар қарым-қатынастан өніп-өрбіген жоқ па едік. Мынау дүниеде ондай тәртіп орнатқан кім деп ойлайсыз, пастор МАНДЕРС?
ПАСТОР МАНДЕРС. Мен сізбен Бұндай бұзақы сауалдар төңірегінде тәжікелесіп отырар жайып жоқ. Сіздің көңіліңізге әлдеқашан күпірлік ұялапты. Әлде бұ да, әлгі өзіңіз айтқаңдай, қорқақтығыңыздың бір түрі ме?
ФРУ АЛВИНГ. Ендеше, бұл жайында менің не ойлайтынымды егжей-тегжейлі естіп алыңыз. Мен қорықсам - мені өкшелеп қуып, жүрген өткен күннің қайдағы бір қатерлі елестерінен қорқам, олардан қашсам да, құтыла алар емеспін.
ПАСТОР МАНДЕРС. Қалай дедіңіз?
ФРУ АЛВИНГ. Бір үрейлі елестен құтыла алмай жүрмін деймін. Жаңа асханадан Регина. мен Освальдтың дыбысын естігенде ана дүниеден елгі екеуі қайта тіріліп шыққандай көрініп кетті. Бірақ, бәріміз де о баста жадылықтан жаралған мақұлықтармыз. Біздің бойымызда тек ата-анамыздың қанымен тараған мінез-құлықты былай қойғаңда, әлдеқашан адыра қалған атам заманның алжыған ұғымдары мен сергелдең сенімдері де толып жатыр. Соның бәрі бізді айтқанына жүргізе алмаса да, етегімізден жармасып, омалтып отырғызып тастағысы келеді. Қолыма газет алсам болды, әр жолынан әлдеқашан кәрде шірігендердің атам заманғы сыпсың-сыбысын қайта естіген сияқтанам да отырамын. Бүкіл елді сондай үрейлі елес, әлі аруак, қаптап кеткен тәрізді. Құм топырақты санап тауысу қандай қиын болса, әлгіндей-әлгіндей әзәзіл елестерді де санап шығу сондай қиын. Ал, біз еңшең қорқақ, жарық күннің жарқын нұрынан үрейіміз ұшып, жүрісіміз мынау!
ПАСТОР МАНДЕРС. Е, әлгі оқымысты кітаптардан оқып үйренгендеріңіз осылар болды ғой. Тамаша екен, несін айтасыз! Әттең, осы бір қайдағы қағынған-соғылғандардың сандырағына толы шимай-шатпақ шығармасымақтар-ай!
ФРУ АЛВИНГ. Маған мұндай ой түсіріп тұрған кітаптар емес, мына сіздің өз сөздеріңіз. Сол үшін де сізге көп-көп рахмет.
ПАСТОР МАНДЕРС. Маған айтасыз ба?
ФРУ АЛВИНГ. Иә, мені әлгі бір қақсай беретін парыз, міндет дегендеріңізге мойынұсындырған мына сіз едіңіз ғой. Әуелі көнгім келмей, ат тонымды ала қашқан нәрсенін бәрін сіз майын тамыза мақтап бақтыңыз. Мен амалсыз сіз үйреткен тағылымдардың астарына кез жіберуге мәжбүр болдым. Содан мен сіз айтқан шариғаттан көңіліме түйткіл боп орнаған бір ғана түйіншекті шешіп кермек ем, сөйтсем әлгі аяқ-қолымызды матап қойған қайыс қағидаларыңыздың бәрі жөн-жөніне қақырап жүре бергені. Бақсам, соның бәрі әншейін тігісін жатқызып қойған сылдыр сөз ғана екен!
ПАСТОР МАНДЕРС. (Шошынып). Сонда менің емір бойғы күресімнің жеткізген жері осы болғаны ма!
ФРУ АЛВИНГ. Бұныңыздың бәрін жеңіс деп қанша желпінсеңіз де, түптеп келгенде, жерге қаратқан масқара жеңілісіңіз екен!
ПАСТОР МАНДЕРС. Жоқ, Элене, қателесесін, менің ол қылығым осы өмірде жалғыз-ақ рет қолым жеткен орасан зор жеңісім болатын. Мен сонда өзімді өзім жеңгем, құлқыны құрыған ашқарақ нәпсіні ақылға, құйқылжыма құштарлықты сабырға жеңгізгем.
ФРУ АЛВИНГ. Ол, шын мәнінде, мына екеуіміздің өзіміздің өзімізге істеген қиянатымыз болды. Өз обалымызға өзіміз қалыппыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Қиянат дейсіз бе, сіз. "Міне, мен келдім, құшағыңа ал", - деп алжасып келгеніңізде, ақылымды айтып, некелі күйеуіңізге қайтарып жіберсем, қиянат па?
ФРУ АЛВИНГ. Сол қылығың - қиянат екен.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ендеше, екеуміз бір-бірімізді түсінуден қалған екенбіз.
ФРУ АЛВИНГ. О да мүмкін.
ПАСТОР МАНДЕРС. Расын айтсам, мен сізге қашаңда өзге еркектің некелі жары деп қана қарадым.
ФРУ АЛВИНГ. Солай ма?
ПАСТОР МАНДЕРС. Элене!
ФРУ АЛВИНГ. Адам шіркін тап осынша ұмытшақ болар ма!
ПАСТОР МАНДЕРС. Жоқ, ұмытшақ мен емеспін. Баяғыда қандай болсам, алі де сондаймын.
ФРУ АЛВИНГ. (Даусын өзгертіп). Жарайды, өткенді еске ала беріп қайтеміз. Қайдағы-жайдағы комиссиялардың мәслихаттарымен басыңызды қатырып сіз жүрсіз, мыңда қараптан-қарап көзіме қос көрініп, өз ойыммен өзім арпалысып мен жүрмін.
ПАСТОР МАНДЕРС. Көзіңізге қос көрінсе, оны аластауға мен көмектесейін. Мен әлгі өз аузыңыздан айтқан сұмдықтарыңызды естіген соң, бұл үйде бейкүнә жас қызды бұдан әрі қалдыра алмаймын.
ФРУ АЛВИНГ. Ең дұрысы - оны бір жақсы адамға күйеуге беріп, құтты жеріне қондырған.
ПАСТОР МАНДЕРС. Әрине. Оған өзі де кетәрі бола қой-мас. Жасы да жетті. Айтпақшы, мен бұл мәселеде аса шорқақ адаммын.
ФРУ АЛВИНГ. Регина өте ерте бой жетті. ПАСТОР МАНДЕРС. Солай болса, солай шығар. Анада намазға жығуға әзірлегенде көрдім, дене жағынан жақсы жетіліпті. Әзірге әкесінің қарауына жібере тұру керек... Айтпақшы, Энгстран... Апырай, ол мені алдап жүр екен-ау! Есік қағылады.
ФРУ АЛВИНГ. Бұл кім болды екен! Кіріңіз!
ЭНГСТРАН. (Мерекедей киінген). Ғафу етіңіз!
ПАСТОР МАНДЕРС. Аһа! Гм!
ФРУ АЛВИНГ. Е, бұл сіз бе едіңіз, Энгстран?
ЭНГСТРАН. Қызметшілеріңізден ешкім көрінбейді, сосын есікті өзім қағуға тура келді.
ФРУ АЛВИНГ. Төрлетіңіз. Маған келіп пе едіңіз?
ЭНГСТРАН. Жоқ, ғафу етіңіз. Менің пастор мырзада бір ауыз сөзім бар еді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Е, солай ма? Менімен сөйлеспек пе ең?
ЭНГСТРАН, Иә. Сізге келіп ем.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, айта бер, не шаруамен жүрсің?
ЭНГСТРАН. Келген шаруам мынау еді, пастор мырза. Ана жақта біздің еңбекақымызды есептеп жатыр... Ханым сізге, көп-көп рахмет. Біз бұл жұмысымызды әй-шәй деспей, абыройлы аяқтадық. Енді, мынау қоштасар алдында соған дұға оқыталық деп едік.
ПАСТОР МАНДЕРС. Дұға дейсің бе? Приютте ме?
ЭНГСТРАН. Пастор мырза, алде олай етуге болмай ма?
ПАСТОР МАНДЕРС. О не дегеніңіз - әбден болады.
ЭНГСТРАН. Мен әр кеш сайын дұға оқып жүрем.
ФРУ АЛВИНГ. Солай ма?
ЭНГСТРАН. Иә, азды-көпті күнәмыз болса, соны жуайын деген далбаса ғой. Біз оқымаған қараңғы адамбыз. Біздікі әншейін тек ырымы. Енді, міне, пастор мырзаның өзі келді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ең әуелі, Энгстран, сенде бір сұрағым бар. Сіз әлгіндей мінәжатқа шынымен әзірсіз бе, ар-ұжданыңыз таза ма?
ЭНГСТРАН. О, тәңірім, күнәһарыңды өзің кешір. Мына бізде ар-ұждан жайлы әңгіме болушы ма еді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Жоқ, мінәжатқа келген адамның ең алдымен ары таза болуы керек қой. Сіз бұлтармай, шыныңызды айтыңыз.
ЭНГСТРАН. Иә, ол жағынан ептеп ұяттымыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Дегенмен, өзіңіз де мойындайды екенсіз. Ендеше, осы қазір атыңыздан жарылып айтыңызшы - Регина жайында не ойлайсыз?
ФРУ АЛВИНГ. (Сасқалақтап). Пастор Мандерс!
ПАСТОР МАНДЕРС. Жә, абыржымаңыз.
ЭНГСТРАН. Регина дейсіз бе? О аруағыңнан айналайым Ғайса пайғамбар! Сіз мені қатты шошыттыңыз ғой! (Фру Ал-вингке қарап). Бейшара қыз бірдеңеге ұшырағаннан сау ма?
ПАСТОР МАНДЕРС. Әзір ондайдан аман. Бірақ, мен білгім келгені - ол қыз кіміңіз болады? Жұрт сізді оның әкесі дейді. Өзіңіз айтыңызшы, сол рас па?
ЭНГСТРАН. (Абыржып), Иә, пастор мырзаға марқұм Иоханна екеуміздің арамыздағы әңгіме аян болғаны ғой, шамасы.
ПАСТОР МАНДЕРС. Бұлталақтамай, ашып айт. Сіздің марқұм әйелініз фру Алвингке бар сырын әлдеқашан айтып кетіпті.
ЭНГСТРАН. Қап, жүзіқ... Айтып қойып па еді...
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, сіздің әшкере болған жеріңіз осы, Энгстран.
ЭНГСТРАН. Ол маған ешкімге аузымнан шықпайды деп, жер көктегі әулиенің бәрін айтып қарғанып еді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Солай ма?
ЭНГСТРАН. Иә, өлердегі сөзін айтқан.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сонымен, сіз сүйтіп пәлен жыл бойы бұл шындықты менен жасырып келген болдыңыз ғой. Өзі шексіз сенген адамды көзапара алдау күнә емес пе екен?
ЭНГСТРАН. Амал қанша, сондай болғаны ғой енді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ол не істегеніңіз? Мен осы сізге әрдайым қол ұшын беріп, көмегімді тигізіп келген жоқ па ем.
ЭНГСТРАН. Сөз бар ма, сіз болмасаңыз, әлдеқашан бір палеге ұшырар ем ғой.
ПАСТОР МАНДЕРС. Соның қиуазын осылай қайтарғаныңыз ба? Шіркеу кітабына жалған нәрсе жаздырдыңыз. Ақиқатты әлденеше жыл бойы айтпай жасырып келдіңіз. Бұл қылығыңыз кешірілмейді, Энгстран, енді біздің арамыздағы әңгіме осымен тынады.
ЭНГСТРАН. (Күрсіпіп). Иә, сүйтетін түрі бар.
ПАСТОР МАНДЕРС. Әлде ақталатындай дәлелің бар ма?
ЭНГСТРАН. Осындай масқарасын жұртқа жасатып не көрінді екен оған? Пастор мырза, ойлаңызшы, марқұм Иоханнаның орнында өзіңіз болсаңыз, қайтер едіңіз?
ПАСТОР МАНДЕРС. Мені айтасыңыз ба?
ЭНГСТРАН. О тоба, өзің кешір! Тағы да жаңсақ сөйлеп тұр екем ғой! Егер өзіңіз жұрт көзге шұқитындай бірдеңе істеп қойсаңыз қайтер едіңіз дегенім ғой. Біздің еркек ағайынға әйел пақырды соншалықты жазғыра берген жөн бола қояр ма екен?
ПАСТОР МАНДЕРС. Мен оны емес, сізді жазғырып тұрмын.
ЭНГСТРАН. Пастор мырзаға бір сауал қоюға рұхсат па екен?
ПАСТОР МАНДЕРС. Сұраңыз.
ЭНГСТРАН. Сүрінгенді сүйеген кісілік пе, жоқ па?
ПАСТОР МАНДЕРС. Әрине.
ЭНГСТРАН. Адамның айтқан уәдесінде тұрғаны дұрыс па, бұрыс па?
ПАСТОР МАНДЕРС. Әрине, дұрыс, бірақ...
ЭНГСТРАН. О байғұс ағылшын ба, американдық па, әлде орыс па - бәрібір, әйтеуір бір желбастың қырсығынан абыройсыздыққа ұшырап, қалаға келді. Ол әуелі мені жанына жолатпай қойды, оған көк етікті керек, біз құсаған көн етіктіні қайтсын. Әлгібір би-билейтін үйде ашқарақ тәнін тояттатып, тоят таба алмай жөңкіліп жүрген матростарды дұрыс жолға үгіттеп барып, не көргенімді, пастор мырза, өзіңіз білесіз.
ФРУ АЛВИНГ. Гм...
ПАСТОР МАНДЕРС. Білем, Энгстран. О бұзық немелер сізді сатыдан лақтырып жіберіпті. Оны маған кеп өзіңіз айтқансыз. Сондағы тапқан жарақатыңыз сіздің абыройыңызды асырмаса, түсірмейді.
ЭНГСТРАН. Оны бетке ұстанып жүрген мен жоқ, пастор мырза. Менің айтайын дегенім, ол маған өзі келіп, не болып-не қойғанын көз жасын көл қып отырып, баяндап беріп еді. Пастор мырза, сонда ол маған соншалықты аянышты керініп кетті.
ПАСТОР МАНДЕРС. Солай ма өзі, Энгстран. Жарайды, айта бер.
ЭНГСТРАН. Мен оған: американ жігіті сайранды салып жүр, сен болсаң, Иоханна, абыройдан айырылып, бақытсыздыққа ұшырадың. Бірақ, Якоб Энгстран саған опық жегізбейді дедім тұспалдап.
ПАСТОР МАНДЕРС. Түсініп тұрмын. Айта беріңіз.
ЭНГСТРАН. Мен оны сүрінгенде сүйедім, шетелдік жігіттен жер соғып қалғанын жұрт білмесін деп, некеге отырдым.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіздің оныңыз өте игі қылық. Бірақ, тек сол үшін одан ақша алғаныңыз адамгершілікке жатпайды.
ЭНГСТРАН. Ақша дейді? Мен бе? Көк тиын алсам не дейсіз?
ПАСТОР МАНДЕРС. (Фру Алвингке қарап қойып). Алайда...
ЭНГСТРАН. Тоқтай тұрыңыз, жаңа есіме түсті. Иә, иә, Иоханнаның қайдағы бір қаражат туралы сөз қылғанын білуші ем. Бірақ, мен ол туралы естігім де келген жоқ. Әй, оныңды қой, күнәдан түскен ақша дәулет боп жарытпас, әттең әлгі итінді көрсем, бетіне лақтырар едім деп талай кіжіндім, пастор мырза.
ПАСТОР МАНДЕРС. Солай деңіз, қайырымды Энгстран?
ЭНГСТРАН. Солай болмағанда ше ? Біз Иоханна екеуміз ол ақшаны сәбидің тәрбиесіне жұмсауға ұйғардық. Соған жұмсадық. Одан көк тиын бойыма сіңірсем, мені құдайдың кәрі атсын!
ПАСТОР МАНДЕРС. Ендеше, мәселе басқаша.
ЭНГСТРАН. Бұл гәптің бар хикаясы осы, пастор мырза. Өз басым Регинаға күшім жеткенше өгейлік көрсеткем жоқ, әке орнына әке болдым. Өзіңіз білесіз, менің кейбір кемшіліктерім бары рас...
ПАСТОР МАНДЕРС. Жарайды, Энгстран. ..
ЭНГСТРАН. Марқұм әйеліммен тату-тәтті өмір өткіздім, сәбиді бақтым-қақтым, оқу оқыттым, кітапта жазылғандай, әдеіпті болуға үйреттім. Бірақ, сол үшін пасторға барып, осындай қайырымды іс қылдым деп мақтану ойыма кіріп-шықса не дейсіз? Якоб Энгстран түйедейін түймедей қып айтатын дарақы емес. Ол айтса, пасторға барып, азын-аулақ ісгеген күнасын айтады. Өйткені, жаңа өзім айттым ғой, ол жағынан ұятты да жайларымыз бар.
ПАСТОР МАНДЕРС. Қолыңызды әкеліңіз, Якоб Энгстран.
ЭНГСТРАН. О аруағыңнан айналайын, Ғайса пайғамбар! О, пастор мырза!
ПАСТОР МАНДЕРС. Дән ризамын! (Қолын қысып). Рахмет!
ЭНГСТРАН. Сізден, пастор мырза, көп-көп ғафу өтінем...
ПАСТОР МАНДЕРС. Жоқ, сіз емес, мен кешірім сұрауға тиіспін.
ЭНГСТРАН. Атай көрмеңіз!
ПАСТОР МАНДЕРС. Рас, шын жүректен өтінем, ғафу етіңіз. Мен сізді бекер жазғырдым. Бірақ, менің сізге деген көңілімнің түзу екеніне тағы да көзіңіз жетті ғой деп ойлайымын.
ЭНГСТРАН. Сізбен ақылдасатын және бір шаруам бар еді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Айтыңыз.
ЭНГСТРАН. Мынау құдай алдындағы абзал еңбегіме алған аз ғана қаражатыма қалада теңізшілерге арналған мекеме ашайын деп едім.
ФРУ АЛБИНГ. Сіз бе?
ЭНГСТРАН. Иә, о да сіздің осы мекемеңіздей кіріптар кісілерге баспана есепті. Байғұс теңізші қара жерге шыққанда жан-жағынан анталап аңдып тұрған әзәзіл аз ба? Мен оған сондай пәле-жәледен аулақ туған әкесінің үйіндей сезінетін сенімді баспана тауып берер ем.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз бұған не дейсіз, фру Алвинг.
ЭНГСТРАН. Рас, менің қаражатым аз, қолым қысқа, бірақ жасаған жар боп, киелі мекемелер қолғабысын тигізсе...
ПАСТОР МАНДЕРС. Жарайды, ол туралы кейін сөйлесерміз. Сіздің мына ойыңыз маған ұнайды. Қазір барып, шырақ жағып, әзірлей бер! Біз сонда бірге мінәжат қып, артынан әңгімелесерміз. Сіздің көңіліңіздің адалдығына енді тіптен шүбәм жоқ.
ЭНГСТРАН. Рахмет. Сау болыңыз, ханым, сөге жамандай көрмеңіз. Менің Регинама бас көз бола көріңіз. (Көзін сүртіп).
Марқұм Иоханнаның қызы ғой, өз баламдай боп кетіп еді. (Тағзым етіп шығып кетеді).
ПАСТОР МАНДЕРС. Енді не айтасың, фру Алвинг. Істің беті өзгерді-ау деймін.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, шынында да.
ПАСТОР МАНДЕРС. Өзің секілді пендені бекер ғайбаттаудан сақтан деген сөз осыдан қалған. Бірақ, өз қатеңнің қате екеніне көзің жеткені де әбден абзал іс. Солай емес пе?
ФРУ АЛВИНГ. Менің айтарым: сіз бұрын да жас баладай аңғал едіңіз, әлі солай көрінесіз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Мені айтасыз ба?
ФРУ АЛВИНГ. (Оның екі иығына қолын артып). Тағы да айтарым - сізді осылай құшақтап аймалағым келеді.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Кейін шегініп). О тоба, о не дегеніңіз?
ФРУ АЛВИНГ. (Күлімсіреп). Қорықпай-ақ қойыңыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіздің кейде осылай тым асыра сөйлейтін әдетіңіз бар. Жарайды, мына қағаздарды енді жинастырсам да болатын шығар. (Қағаздарды дорбасына салады). Сау тұрыңыз. Освальдқа абай болыңыз. Мен кейін соғармын. (Қалпағын алып шығып кетеді).
ФРУ АЛВИНГ. (Күрсінеді, терезеге қарайды, бөлмеден әлденелерді тәртіпке келтіреді, сосын асхананың есігін ашып, кіруге батылы бармай, жүрексінген дауыспен). Освальд сен әлі осында отырсың ба?
ОСВАЛЬД. (Асханадан). Иә, темекі шегіп отыр ем.
ФРУ АЛБИНГ. Мен сені әлдеқашан сыртта сейілдеп жүр екен десем.
ОСВАЛЬД. Мынадай шық-шылам күні қайтып серуендейсіз.
Стакан сынғырлайды. Фру Алвинг есікті ашық қалдырып, терезенің алдындағы диванға кеп отырады.
ОСВАЛЬД. (Асханадан). Жаңағы шығып кеткен Пастор Мандерс пе?
ФРУ АЛБИНГ. Иә. Приюгке кетті.
ОСВАЛЬД. Гм! (Тағы да стаканның графинге соқтыққан сыңғыры естіледі).
ФРУ АЛВИНГ. (Асхана жаққа үрейлене қарап). Балам, сол шарапқа көп үйір болмай-ақ қой. Өзі тым ащылау.
ОСВАЛЬД. Мынандай лайсаң күні қайта сонысы жақсы.
ФРУ АЛВИНГ. Мында келмейсің бе?
ОСВАЛЬД. Онда темекі тартуға болмайды ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Сигар шеккенге ештеңе ете қоймас.
ОСВАЛЬД. Ендеше, барайын. Тек мына шараптан тағы бір жұтып алайын. (Асханадан шығып, есікті жабады). Пастор қайда кеткен?
ФРУ АЛВИНГ. Приютке кетті деп айттым ғой жаңа.
ОСВАЛЬД. Айтпақшы, солай екен ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Дастархан басында сонша ұзақ отыруға болмайды ғой, Освальд.
ОСВАЛЬД. (Сигарын артына ұстап). Отырғым келсе, қайтпекпін енді, мама?! (Шашынан сипап). Мен үшін өз үйіме кеп, анамның ақ дастарханның басында анам әзірлеген тамақты асықпай-үсікпей, сораптап отырғаннан артық не бақыт бар деп едіңіз!
ФРУ АЛВИНГ. Айналайын!
ОСВАЛЬД. (Ерсілі-қарсылы жүріп). Сонда мен мұнда не істемекшімін. Жұмыс ісгеуге болмайды.
ФРУ АЛВИНГ. Неге болмайды?
ОСВАЛЬД. Мынандай сылбыраған күні жұмыс өне ме? Таң атқалы күннің көзі көрінген жоқ. Қолынды қусырып қарап отырғаннан асқан дозақ бар дейсіз бе?
ФРУ АЛВИНГ. Ендеше, үйге бекер оралған болдың ғой!
ОСВАЛЬД. Жоқ, мама, келуге тиісті едім, келдім.
ФРУ АЛВИНГ. Сенің бүйтіп күйзелгеніңді көргенше, келмей-ақ қойғаның дұрыс еді.
ОСВАЛЬД. (Қарсы кеп). Айтшы, мама, менің мында келгенім сіз үшін шынында да үлкен бақыт па?
ФРУ АЛВИНГ. Сөз болғаныңа!
ОСВАЛЬД. Меніңше, сізге менің бұ дүниеде барым да, жоғым да - бәрібір сияқты.
ФРУ АЛВИНГ. Анаңа осындай сөз айтуға аузың қайтып барады, Освальд?
ОСВАЛЬД. Мен жоқта онша жаман өмір сүрмепсіз ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, өмір сүрдім.
Үнсіздік. Ымырт түсе бастады. Освальд үй кезіп жүр.
ОСВАЛЬД. (Анасының алдына тоқпап). Мама, қасыңызға отырайын ба?
ФРУ АЛВИНГ. Кел, отыра ғой.
ОСВАЛЬД. Мен сізге бірдеңе айтайын деп ем.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, айта бер.
ОСВАЛЬД. Мен бұл азапқа бұдан әрі шыдай алар емеспін.
ФРУ АЛВИНГ. Не деп отырсың? Ол не азап?
ОСВАЛЬД Мен бұны хатқа жазуға батылым бармады, ал үйге келген соң...
ФРУ АЛВИНГ. Освальд ол не?
ОСВАЛЬД. Кешелі-берлі "әй, соны қойшы" деп қолды бір-ақ сілтейін десем де, ұмыта алар емеспін.
ФРУ АЛВИНГ. (Орнынан ұшып тұрып). Жұмбақтамай, айтсаңшы енді.
ОСВАЛЬД. Жә-жә, отыра беріңіз, қазір айтам ғой... Жолда әбден шаршап қалыппын.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, оның рас. Сонымен не болды?
ОСВАЛЬД. Жоқ, бұл тек шаршау емес.
ФРУ АЛВИНГ. (Тағы да ұшып тұрып). Сен осы ауырып тұрғаннан саумысың?
ОСВАЛЬД. Отыра бер, мама, сіз бұған абыржымаңыз. Ауыру еместікке қарағанда ауру емеспін. Мама, біртүрлі көнілім сергімей қойды, тұла бойымды бір батпан зіл басады да жүреді. Мен енді ешқашан жұмыс істей алмайтын шығармын. (Қолымен бетін басып, анасының тізесіне басын қойып жылап жібереді)
ФРУ АЛВИНГ. (Өңі кашып). Освальд, маған қарашы. Жоқ, жоқ, жалған айтасың.
ОСВАЛЬД. Рас айтам, енді жұмыстан біржола күдер үздім. Тірі өлік боп күн кешем! Анажан, бұндай да сұмдық болады екен!
ФРУ АЛВИНГ. О, бақытсыз, балам! Бұндай дертке қайдан ұшырап жүрсің?
ОСВАЛЬД. (Қайта отырып). Оған өзім де түсіне алмай қойдым. Мама, сен ештеңе ойлап қалма! Мен бұзақы қылық, бұралқы жүрістен атымен аулақпын.
ФРУ АЛВИНГ. Ондай ой мен де жоқ, Освальд.
ОСВАЛЬД. Сонда да осындай бақытсыздыққа душар болдым.
ФРУ АЛВИНГ. Ештеңе етпес, бұл әншейін өтпелі бірдеңе шығар. Қатты шаршағансың ғой. Көр де тұр, әлі-ақ айығасың.
ОСВАЛЬД. Басында мен де солай ойлағам. Бірақ, өйтетұғын түрі көрінбейді.
ФРУ АЛВИНГ. Маған басынан бастап, айтып берші бәрін де.
ОСВАЛЬД. Жарайды, айтайын.
ФРУ АЛВИНГ. Бұны қашан байқадың?
ОСВАЛЬД. Осында соңғы рет кеп, Парижге қайтқанда байқадым. Әуелі көк желкем қанқақсап көтертпей жүрді, құмы біреу темір құрсау сап, қысып жатқандай.
ФРУ АЛВИНГ. Сосын қайттың?
ОСВАЛЬД. Алғашында ер жеткен кезде бола беретін өтпелі бірдеңе шығар деп мән бере қойған жоқпын.
ФРУ АЛВИНГ. Иә,иә.
ОСВАЛЬД. Көп ұзамай ондай нәрсе емес екеніне көзім жетті. Жұмысқа зауқым жоғалды. Бір жаңа қартина бастамақшы едім, бар қабілеттен бір күнде сап болғандай, тұла бойымнан әл кетіп, не не ойлап, не қойғанымды білмейтін халге жеттім. Ақыры, шыдай алмай, дәрігер шақыртып ем - бар гәпті білдім.
ФРУ АЛВИНГ. Ол не гәп?
ОСВАЛЬД. Дәрігерге де жалынып-жалпайып зорға айтқыздым. Әуелден-ақ айықпас дертпен туыпсыз, французша: vermoulu, - деді. Иә, бір өтірігі жоқ, тап солай деді.
ФРУ АЛВИНГ. Бұл не дегені?
ОСВАЛЬД. Мен де қапелімде түсіне алмай, ашып айтпас па екенсіз деп сұрап едім, әлгі тас жүрек неме дүңк еткізіп, қойып қалғаны...
ФРУ АЛВИНГ. Иә, не деді?
ОСВАЛЬД. Күнәні әке жасап, азабын бала тартады деген осы деді.
ФРУ АЛВИНГ. Әкеңнің күнәсі деді ме?
ОСВАЛЬД. Мен бетінен тартып жібере жаздадым.
ФРУ АЛВИНГ. О тоба!
ОСВАЛЬД. Иә, ұнамсыз әңгіме. Әрине, мен оған сіздің бұл айтып отырғаныңыздың болуы еш мүмкін емес деп таласып бақтым. Ол жеңістік бермеді. Тек сіздің әкем жайлы жазған хаттарыңызды көрсеткенде барып...
ФРУ АЛВИНГ. Иә, сосын...
ОСВАЛЬД. ...Сосын әрине қатесін мойындады, мен де ақиқат шындыққа сонда көзім жетті. Бақсам, әуелден жолдастарымнан бойымды бөлек салып, ырду-дырдудан аулақ жүрсем, мұндай пәлеге ұшырамайтын екенмін. Мен жұрт істейтін қылыққа қауқарым жетпейтінін біліп, жөніме жүруге ақылым жетпепті, Енді бұның бәріне өзім кінәлімін.
ФРУ АЛВИНГ. Освальд, жалған, сенбе бұған!
ОСВАЛЬД. Ол маған бұл сырқаттың одан басқа ешқандай себебі болуы мүмкін емес деді. Ең жаманы да сол боп тұр. Үшқалақтықтан өз ғұмырымды өзім құртқаным жаныма батады. Арман, үміт - бәрінін күлі көкке ұшты... Енді ол туралы тіпті ойлауға да болмайды. Әттең, дүние-ай, өмірді қайта бастап, аяғымды жаңсақ кеткен қатемді қайта түзеу мүмкін болса, шіркін! (Диванға етпетінен құлайды).
Фру Алвинг үн-түнсіз бөлме кезіп кетті. Освальд басын көтеріп анасына қарайды.
ОСВАЛЬД. Егер бұл тұқым қуалаған дерт болса - амалым қайсы, көнер де едім. Сорлатқанда ол болмай түр ғой. Түк ойламаған селтеңбайлықтан өз бақытын, денсаулығын, болашағын, бүкіл өмірін біржолата құрту деген не масқара!
ФРУ АЛВИНГ. Жоқ, жоқ, балапаным, олай болуы мүмкін емес. (Ұлын сүйіп). Сонша күдер үзетіндей ештеңе жоқ.
ОСВАЛЬД. Білмейсің ғой, мама... (Орынан атып тұрып). Оның үстіне сенің де көзіңе күйік болдым-ау. Мен бұрын саған менің барым-жоғым бәрібір ғой деп ойлап, көп қиналмайтын едім.
ФРУ АЛВИНГ. Мен бе? Тігерге тұяқ жаңғыз ұлым, жаңғыз медетім сенен артық, сенен қымбат не бар маған бұ дүниеде?!
ОСВАЛЬД. (Анасының қолын сүйіп). Иә, көріп тұрмын. Соған көзім жеткен соң, бұрынғыдан бетер күйзеліп жүрмін. Енді сен бәрін білесің. Бұдан былай бұл туралы ауызға алмайықшы. Ол туралы ойлау маған өте ауыр тиеді. (Аулақ кетіп). Ішетін бірдеңе бар ма, мама!
ФРУ АЛВИНГ. Ішімдік пе? Не ішкің келеді?
ОСВАЛЬД. Не болса да бәрі бір. Салқын пунш табылмас па екен?
ФРУАЛВИНГ. Бірақ, балам-ау...
ОСВАЛЬД. Мама, жарайды, таласпай-ақ қойшы. Жанымды жегі боп жеп жатқан әлгі ойларды бірдеңемен басу керек емес пе! (Верандаға шығады, Фру Алвинг қонырау қағады). Оның үстіне мынау тас қаранғы кеш, ертеден кешке басылмай қойған сылбыр жауын еңсемді езіп барады. Осылай апталар ауысып, айлар таусылады. Бір иненің жасуындай жарық нұр табылса шіркіні бұл өлкеге қашан келсем де, тап осылай тұнжырайды да тұрады.
ФРУ АЛВИНГ. Освальд, сен тағы да мені тастап кетпек ойың бар ма?
ОСВАЛЬД. Гм... (Ауыр күрсініп). Мен ештеңе ойлап жүрген жоқпын. Бірдеңе туралы ойлап жатуға осы күні зауқым да жоқ.
РЕГИНА. (Асханадан шығып). Шақыртқан сіз бе, ханым?
ФРУ АЛВИНГ. Иә, шам әкелші.
РЕГИНА. Жарайды, қазір. (Кетеді)
ФРУ АЛВИНГ. Освальд, сен менен ештеңе жасырма.
ОСВАЛЬД. Мен ештеңе жасырғам жоқ, мама. (Столға барып). Жаңа бәрін айтып бергенім жоқ па?
Регина столға шам әкеп қряды.
ФРУ АЛВИНГ. Регина, барып шампан әкелші.
РЕГИНА. Әкелейін, ханым. (Кетеді)
ОСВАЛЬД. (Анасының басын құшақтап). Сөзімді жерге тастамайтыныңызды білдім ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Балам-ау, мен бейбақ сенің қай тілегіңе қарсы шыға алам?
ОСВАЛЬД. Шын айтасың ба, мама?
ФРУ АЛВИНГ. Не дейін деп ең?
ОСВАЛЬД. Қай тілегімді де орындайсың ба?
ФРУ АЛВИНГ. Бірақ, қымбатты Освальд...
ОСВАЛЬД. Тсс,
РЕГИНА. (Шампан, екі бокал әкеп столға қояды). Ашайын, ба?
ОСВАЛЬД. Рахмет, өзім ашам.

ФРУ АЛВИНГ. (Стол басына кеп). Жаңа қай тілегімді де орындайсың ба дегенде не демек болып ең?
ОСВАЛЬД. (Шампан ашып жатып). Әуелі ішіп алайық. (Бөтелке ашылады. Әуелі бір бокалға құйып, сосын екінші бокалға құймақшы болады.)
ФРУ АЛВИНГ. (Бокалды қолымен басып). Жоқ, маған құймай-ақ қой.
ОСВАЛЬД. Ендеше, өзіме тағы да құяйын. (Бірінші бокалды ішіп сап, тағы құяды, тағы ішеді, сосын барып орындығына отырады)
ФРУ АЛБИНГ. Иә?
ОСВАЛЬД. Маған бүгін дастархан басында пастор екеуіңіз бір түрлі көңілсіз отырған сияқты көріндіңіздер. Неге үндемей қойдыңыздар?
ФРУ АЛВИНГ. Оны аңғарған екенсің ғой?
ОСВАЛЬД. Иә... Айтшы, қалай, Регина саған ұнай ма?
ФРУ АЛВИНГ. Оны неге сұрадың?
ОСВАЛЬД. Тамаша қыз емес пе? Солай ғой?
ФРУ АЛВИНГ. Балам, сен оны менен жақсы білмейсің.
ОСВАЛЬД. Иә.
ФРУ АЛВИНГ. Регина ата-аналарының қолында көп тұрып қалды. Мен оны осында ертерек алуым керек еді.
ОСВАЛЬД. Дегенмен, ғажап қыз. (Тағы да шанпан құяды)
ФРУ АЛВИНГ. Регинаның кемшіліктері де жоқ емес.
ОСВАЛЬД. Онда не тұр екен?
ФРУ АЛВИНГ. Әйтсе де өзін жақсы көрем. Ол үшін жауап беретін де мен. Мен оның жамандық атаулыдан аман болғанын тілеймін.
ОСВАЛЬД. (Ашып тұрып). Мама, менің ендігі медет тұтарым - жалғыз Регина!
ФРУ АЛВИНГ. (Орынан тұрып жатып). Ол қалайша?
ОСВАЛЬД. Мен бұл азапқа жаңғыз өзім төтеп бере алмайтын түрім бар.
ФРУ АЛВИНГ. Анаңды қайда қоясың? Ол сенен көмегін аяр деп тұрмысың?
ОСВАЛЬД. Басында өзім де солай ойлағам. Мында келген себебім де сол еді. Бірақ одан түк шықпайтынына әбден көзім жетті. Мен енді бұл арада тұра алатын емеспін.
ФРУ АЛВИНГ. Освальд!
ОСВАЛЬД. Маған басқа өмір керек, мама. Сондықтан, сіздің көзіңізге күйік болмай, тезірек кеткенім дұрыс.
ФРУ АЛВИНГ. О бейшара балам-ау, ең болмаса, мынау ауруыңнан жазылғанша қасымда қалсайшы.
ОСВАЛЬД. Тек аурудан басқа уайымым болмаса, қалсам қалар да ем. Бұ дүниеде сенен басқа кімім бар?
ФРУ АЛВИНГ. Шынында да, солай ғой, Освальд.
ОСВАЛЬД. Бірақ, мынау жегідей жеп жатқан даусыз дертті. Өкініш пен уайымды, үрей мен қорқынышты, мына масқара сұмдықты қайтпекпін!...
ФРУ АЛВИНГ. Ол не сұмдық? Не айтып тұрсың?
ОСВАЛЬД. Сұрама. Оны өзім де білмеймін. Оны саған түсіндіре алатын дәрмен менде жоқ.
Фру Алвинг қоңырау қағады.
ОСВАЛЬД. Не істемексің?
ФРУ АЛВИНГ. Балам көңілін көтерсін, мына ойынан айықсын деймін. (Кірген Регинаға). Тағы да шампан әкел.
Регина кетеді.
ОСВАЛЬД. Мама!
ФРУ АЛВИНГ. Немене, біз мұнда өмір парқын білмей ме екенбіз?
ОСВАЛЬД. Өзің айтшы, тамаша емес пе! Тұлғасы қандай! Көркі қандай!
ФРУ АЛВИНГ. Отыр. Дұрыстап сөйлесейік.
ОСВАЛЬД. Мама, сен менің Регинаның алдында күнәлы екенімді, сол күнәмды жуғым келетінін білмейтін де шығарсың.
ФРУ АЛВИНГ. Сен бе?
ОСВАЛЬД Ойламаған жерден солай боп қойды. Өткен жолы осында келгенімде бейкүнә жас қыздың обалына қалдым.
ФРУ АЛВИНГ. Не дейді?
ОСВАЛЬД. Ол қайта-қайта Париждің жағдайын сұрай берді, мен сұрағына жауап қайтарып отырып, бір уақытта "Өзің сонда барар ма едің?" деп сұрарым бар емес пе?
ФРУ АЛВИНГ. Иә?
ОСВАЛЬД. Ол ду қызарып: "Әрине, сөз бар ма," - деді. Мен "Ендеше бір орайын табармыз", - дедім.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, содан?
ОСВАЛЬД. Сосын не болсын, мен оны ұмытып кетіппің. Міне, енді үш күнен бері одан осында ұзаққа қалғанымды қалайсың ба деп, соңынан қалмап едім.
ФРУ АЛВИНГ. Ол не деді?
ОСВАЛЬД. Ол маған таңырқай қарап: "Әлгі Парижге баратынымыз қайда?" - деді,
ФРУ АЛВИНГ. Қарай көр...
ОСВАЛЬД. Сөйтсем, менің баяғы сөзімді шын көріп, жатса-тұрса тек соны армандайды екен. Тіпті французша үйреніп қапты...
ФРУ АЛВИНГ. Солай де.
ОСВАЛЬД. Мен бұрын оған көп назар аудармайтынмын. Міне, енді сондай ғажап сұлу қыз қарсы алдымда құшағын өзі жайып тұрғанын көргенде...
ФРУ АЛВИНГ. Освальд!
ОСВАЛЬД.... Мені азап тұзағынан құтқаратын тек сол екен деген ой түсті. Өйткені, ол сондай мейірбан, сондай ақжарқын адам.
ФРУ АЛВИНГ. Ақжарқындықта тұрған не бар екен сонша?
РЕГИНА, (Шампан әкеледі), Кешіккенімді кешірерсіз. Көп іздеп қалдым.
ОСВАЛЬД. Тағы бір бокал әкел.
РЕГИНА. (Таңданып). Ханымға бокалды жаңа әкеліп ем ғой, Освальд.
ОСВАЛЬД. Енді өзіңе әкел, Регина.
Регина үрейленіп, фру Алвингке қарайды.
ОСВАЛЬД. Бол!
РЕГИНА. Ханым қалай қарайды бұған?
ФРУ АЛВИНГ. Әкеле ғой, Регина.
Регина кетіп қалады.
ОСВАЛЬД. Жүрісін көрдің бе? Қандай әсем, қандай кербез!
ФРУ АЛВИНГ. Одан күдеріңді үз, Освальд.
ОСВАЛЬД. Бұл - болары болып қойған мәселе. Босқа таласып қайтеміз. Өзіңіз көріп тұрсыз ғой.
Регина бокал әкеледі.
ОСВАЛЬД. Кел, отыр, Регина. (Регииа абыржып қарайды)
ФРУ АЛВИНГ. Отыр. (Регина есік алдындағы орындыққа отырады). Освальд жаңағы ақ жарқындық жайлы әңгіменді жалғастырмайсың ба?
ОСВАЛЬД. Иә, мама, мындағы жұрт өмір қуанышынан атымен бейхабар. Мен оны бұл арадан көре алмай қойдым.
ФРУ АЛВИНГ. Туған үйіңде ме?
ОСВАЛЬД. Иә. Сен, бірақ, бұған түсінбейсің, мама!
ФРУ АЛВИНГ. Бұрын түсінбесем, енді түсіндім ғой.
ОСВАЛЬД. Өмір қуанышы - ол еңбек қуанышы. Екеуінің арасында ешқандай айырма жоқ. Бірақ, мұндағы жұрт одан атымен бейхабар.
ФРУ АЛВИНГ. Бұл сөзіңнің жаны бар. Айта бер, Освальд. Әбден айтып шық.
ОСВАЛЬД Мындағы жұрт еңбекті істеген күнәңның жазасы азап деп біледі, ал өмірді тезірек құтылсаң, соғұрлым дұрыс болатын тозақ көреді.
ФРУ АЛВИНГ. Оның да шындық. Қайдағы жоқпен бас қатырып, өмірді тірдей көрер тозаққа айналдырып бара жатқанымыз әбден рас.
ОСВАЛЬД. Мен жүрген жақта олай емес. Олар әлгіндей өтірік үгітке ден қоймайды. Өмірдің қадірін жақсы біледі. Өмір сүру деген - аз-күн дәуреннің қызығын көру деп ұғады. Мама, менің шығармаларым да тек соған арналғанын өзің де көрдің ғой. Олардың шетінен жарық шұғыла, жарқын нұр, жадыраңқы көңіл, жайрандаған жандар бейнеленген. Менің мынау ішінен су кетіп түксиіген өлкеде қалғым келмей қорқатыным да сондықтан.
ФРУ АЛВИНГ. Неден қорқасың?
ОСВАЛЬД. Бойымдағы бар қасиетім бұл арада азғындыққа айнала ма деп қорқам.
ФРУ АЛВИНГ. Шыннан солай ойлайсың ба?
ОСВАЛЬД. Еш күмәнім жоқ. Бұл арада андағыдай тұрмыс құрсам - күшімнің не болатынын жақсы білем.
ФРУ АЛВИНГ. Мәселенің қайда жатқаны енді түсінікті болды.
ОСВАЛБД. Не түсіндің?
ФРУ АЛВИНГ. Жаңа түсіндім, ақылым жаңа кірді. Сұрасаң, айтайын.
ОСВАЛЬД. Мама, енді саған мен түсіне алмай тұрмын.
РЕГИНА. Менің кеткенім жөн шығар.
ФРУ АЛВИНГ. Жоқ, кетпе. Енді мен сөйлейін. Балам, бәрін де естіп ал. Сосын не істейтініңді өзің біл! Освальд, Регина...
ОСВАЛЬД. Тсс! Пастор келе жатыр!..
ПАСТОР МАНДЕРС. (Кіріп). Онымен жақсылап тұрып сөйлесіп келдім.
ОСВАЛЬД. Біз де мұнда жақсылап сөйлесіп отырмыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Энгстранның әлгі матростарға арналған мекемесіне көмектесу керек екен. Регинаның енді соған барып қолғабыс еткені дұрыс.
РЕГИНА. Жоқ, тәңір жарылқасын, атай көрмеңіз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Бұ не? Сіз де мұнда ма едіңіз? Қолыңыздағы бокалыңыз не?
РЕГИНА. (Бокалды столға қойып). Пардон!
ОСВАЛЬД. Регина менімен бірге кетеді, пастор.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сізбен бірге? Онысы қалай?
ОСВАЛЬД. Егер ол өзі қарсы болмаса, маған әйел болады.
ПАСТОР МАНДЕРС. О жасаған, бұл не тағы!
РЕГИНА. Менің бұл мәселеде ешқандай жазығым жоқ.
ОСВАЛЬД. Иә, менімен бірге осында қалады.
РЕГИНА. Осында дейсің бе?
ПАСТОР МАНДЕРС. Не дейсіз, фру Алвинг!
ФРУ АЛВИНГ. Ол айтқаныңның екеуі де болмайды. Ендеше, бұл мәселедегі барлық шындықты мен айтайын!
ПАСТОР МАНДЕРС. Жә-жә! Сіз шынында да айтқалы тұрғаннан саумысыз? Жоқ, жоқ..!
ФРУ АЛВИНГ. Иә. Айтам дегесін айтам. Одан ештеңе қараң қала қоймас.
ОСБАЛЬД. Мама, сіз менен не жасырып тұрсыз?
РЕГИНА. Ханым? Естіп тұрсыз ба? Осы жұрт сыртта неге шулап кетті? (Верандаға шығып, терезеден қарайды).
ОСВАЛЬД. (Терезеге барып). Не боп қалды? Мынау не жарық?
РЕГИНА. Приют өртеніп жатыр!
ФРУ АЛБИНГ. Распа?
ПАСТОР МАНДЕРС. Не дейді? Мүмкін емес. Жаңа ғана мен шыққанда сау еді ғой.
ОСВАЛЬД. Қалпағым қайда? Жә, табылмаса тұрсын... Қап, әкем салдырған приют еді... (Верандадан бақшаға жүгіріп шығады)
ФРУ АЛВИНГ. Орамалымды әкел, Регина! Түгел күйіп кететін болды-ау!
ПАСТОР МАНДЕРС. Сұмдық! Фру Алвинг, араздық пен азғындық жайлаған үйге тәңрім жіберген зауал шығар бұл!
ФРУ АЛВИНГ. Иә, әрине. Кеттік, Регина. (Регина екеуі шығып кетеді)
ПАСТОР МАНДЕРС. (Алақанын ұрып). Өзі қамсыздандырылған да жоқ еді! (О да шығып кетеді.)

 


 
ІІІ перде

 

Сол бөлме, барлық есігі айқара ашылған, Столда бұрынғы күйінде шам жанып тұр. Аула жақ қараңғы, тек сол жаққанатта әріректен қызыл шапақ көрінеді. Фру Алвинг мойнына орамал салып, верандада тұр. Регина да сонда сол кейініректе веранда да тұр.
ФРУ АЛВИНГ. Бәрі күйіп кетті. Ештеңе қалған жоң,
РЕГИНА. Подвал әлі жанып жатыр.
ФРУ АЛВИНГ. Енді құтқаратын не қалды, әлгі Освальд қайда жүр?
РЕГИНА. Қалпағын апарып берсем қайтеді?
ФРУ АЛВИНГ. Ол жалаңбас кетіп пе еді?
РЕГИНА. Иә. Қалпағы әне ілулі тұр.
ФРУ АЛВИНГ. Жарайды. Қазір өзі де келеді ғой. Мен барып көріп келейін. (Кіреді)
ПАСТОР МАНДЕРС. Фру Алвинг осында мә?
РЕГИНА. Жаңа ғана шығып кетті.
ПАСТОР МАНДЕРС. Дәл мұндай сұрқия түнді бұған дейін көрсем не дейсің?
РЕГИНА. Иә, бұл көз көрмеген сұмдық болды.
ПАСТОР МАНДЕРС. Айтатын жоқ.
РЕГИНА. Бұл қайдан тап болған кесепат?
ПАСТОР МАНДЕРС. Оны менен сұрамаңыз, йомфру Энгстран. Мен қайдан білейін? Әлде сіз де ... Әлгі сіздің әкеңіз...
РЕГИНА. Иә, оған не болды?
ПАСТОР МАНДЕРС. Әбден басымды қатырып бітті.
ЭНГСТРАН. (Алдынғы бөлмеден). Пастор мырза.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз әбден өкшелеп қалмай қойдыңыз ғой.
ЭНГСТРАН. Апыр-ай! Тіл-аузым тасқа! О, аруағыңнан айналайын Ғайса пайғамбар, өзің жар бол. Мынау қандай күнә болды, пастор мырза!
ПАСТОР МАНДЕРС. Қап десеңізші!
РЕГИНА. Бұл өрт қайдан шықты?
ЭНГСТРАН. Бұны істеген біздің әлгі дұғамыз. (Құлағына сыбырлап). Енді құс қолымызға өзі-ақ келіп қонды. (Дауысын күшейтіп). Менің ақылыммен бұл пәлені істеп жүрген мына пастор мырзаның өзі.
ПАСТОР МАНДЕРС. Энгстран, сіз де бір қайдағы жоқты айтады екенсіз.
ЭНГСТРАН. Енді оның ішіне барып, шырақ жаққан сізден басқа кім бар?
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз солай дейсіз, ал мен тіпті қолыма шырақ алмаған сияқтымын.
ЭНГСТРАН. Менің әлі кезге көз алдымда сайрап тұр. Сіз қолыңыздағы шырақтың күйесін бармағыңызбен сыпырып ап, жаңқаның үстіне тастай салдыңыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз соны өз көзіңізбен көрдіңіз бе?
ЭНГСТРАН. Иә, өз көзіммен көрдім.
ПАСТОР МАНДЕРС. Түсінсем не дейсің? Менің шырағданның күйесін бармақпен сүртетін әдетім жоқ еді ғой.
ЭНГСТРАН. Бұ қырсықты қойсаңызшы. Кісі пәлеге ұшырайын десе, бәрі оп-оңай боп кетеді емес пе, пастор мырза!
ПАСТОР МАНДЕРС. Не шатып тұрсың өзің?
ЭНГСТРАН. Пастор мырза, ол өзі қамсыздандырылып па еді?
ПАСТОР МАНДЕРС. Жоқ, жоқ деп тұрмын ғой мен сізге.
ЭНГСТРАН. Қамсыздандырмай тұрып, от қойдыңыз да, өртеп жібердіңіз. О жасаған! Бұ не кесепат!
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, солай боп шықты.
ЭНГСТРАН. Бүкіл қала халқы мен қаланың төңірегіне жұрт ұлан-асыр қайыр көреміз деп отырған киелі мекеме де мұндай күйге ұшырайды екен-ау! Енді газеттер сіздің тап онша мандайыңыздан сипай қоймас.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, менің де ойлап тұрғаным осы. Бәрінен жаманы сол зұлым ғайбаттар мен зымиян өсектер ғой. Оны ойласам төбе шашым тік тұрады.
ФРУ АЛВИНГ. Қанша сүйресем де келер емес. Сөндірмей кетпеймін дейді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ә, фру Алвинг, бұл сіз бе едіңіз?
ФРУ АЛВИНГ. Ертең салтанатты жиында қалай сөйлеймін деп көп қиналып едіңіз, міне, енді оп-оңай құтылдыңыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Ой, ол сөзді қойыңызшы.
ФРУ АЛВИНГ. Бірақ, бір есептен бұ да жақсы. Бүлінгеннен бүлдіргі алма деген. Сол приюттен жұрт не қайыр көре қояр дейсіз?
ПАСТОР МАНДЕРС. Сіз солай ойлайсыз ба?
ФРУ АЛВИНГ. Ал, өзіңіз ше?
ПАСТОР МАНДЕРС. Дегенмен бұл үлкен бақытсыздық болды.
ФРУ АЛВИНГ. Жарайды, бұл туралы енді таза іс бабында сөйлесейік. Сіз пасторға келіп пе едіңіз, Энгстран.
ЭНГСТРАН. Дәл солай.
ФРУ АЛВИНГ. Ендеше, отырыңыз.
ЭНГСТРАН. Рахмет, мен түрегеліп-ақ тұрам.
ФРУ АЛВИНГ. Сіз кемемен қайтатын шығарсыз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, ол бір сағаттан соң аттанады.
ФРУ АЛВИНГ. Әлгі қағаздардың бәрін өзіңізбен бірге ала кетіңіз. Мен енді ол туралы тіпті естігім де келмейді. Одан басқа да уайымым жеткілікті.
ПАСТОР МАНДЕРС. Фру Алвинг...
ФРУ АЛВИНГ. Кейін өзім кепіл хат жіберермін. Не істейім десеңіз де, өзіңіз біліңіз.
ПАСТОР МАНДЕРС. Бар шаруаны өз мойныма алам. Енді біз бұл сыйлығыңызды басқа мұқтажға жұмсамаймыз.
ФРУ АЛВИНГ. Әрине.
ПАСТОР МАНДЕРС. Меніңше әзірге былай істеу керек: Сульвиктегі усадьба осындағы қауымға көшеді. Жер қашанда қажетке асады ғой. Бұған пайдаланбасақ, басқаға пайдаланармыз. Сақтық кассадағы қаржының түсімдеріне қала халқы қайыр көретін бір мекемеге жұмсармыз.
ФРУ АЛВИНГ. Не істесеңіз де, өз еркіңізде. Енді маған бәрібір.
ЭНГСТРАН. Менің әлгі теңізшілерге ашатын үйімді де ұмытпаңыз, пастор мырза.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә, оның да ақыл. Бірақ, бұл туралы кейін ойласармыз.
ЭНГСТРАН. Ойлап не сайтаныма керек.. О, тоба!
ПАСТОР МАНДЕРС. (Күрсініп). Бірақ, жұрт маған бұл шаруаның бәрін жүзеге асыруға мүмкіндік бере қояр ма екен. Ел арасына қаңқу тарап кетсе, бәрінен де бас тартуға тура келетін шығар. Мына өрттің себебі қалай анықталары әлі белгісіз ғой.
ЭНГСТРАН. Якоб Энгстран тұрғанда оның несіне қиналасыз?
ПАСТОР МАНДЕРС. Бірақ, иә...
ЭНГСТРАН. Якоб Энгстран өзінің киелі қамқоршысын сын сағатта сатып кететіндей опасыз адам емес.
ПАСТОР МАНДЕРС. Алайда, қымбаттым-ау...
ЭНГСТРАН. Якоб Энгстран керек кезде ақ қанатты періштедей қорғай алады өзіңізді.
ПАСТОР МАНДЕРС. Жо-жоқ мен сізді көре-тұра құрбандыққа шала алмаймын.
ЭНГСТРАН. Жоқ, енді болар іс болды. Тайынатын ештеңе жоқ. Мен біреудің күнәсін өз мойнына алған бір адамды бұдан бұрын да көргенім бар.
ПАСТОР МАНДЕРС. Якоб! Сіз сирек кездесетін адамсыз. Бұның есесіне ертең әлгі мекемеңе көмегімді аямаймын. Сеніңіз маған!
Энгстран алғыс айтқысы келгенмен қатты толқығаннан жүрексініп, айта алмайды.
ПАСТОР МАНДЕРС. (Дорбасын мойнына іліп). Жүретін уақыт болды. Кәне, бірге кетейік!
ЭНГСТРАН. (Регинаға сыбырлап). Қызым, енді менімен бірге жүрсең, қор болмайсың!
РЕГИНА. Мегзі! (Алдынғы бөлмеден пастордың палыпосын әкеп береді)
ПАСТОР МАНДЕРС. Сау-саламат болыңыз, фру Алвинг! Үйіңізге бұдан былай еш жамандық жоламасын!
ФРУ АЛВИНГ. Сау тұр, Мандерс. (Верандаға беттейді, Освальд қарсы ұшырасады).
ЭНГСТРАН. (Регинамен бірге пастордың палыпосын кигізіп жатып.). Сау тұр, қызым. Бірдеңеге ұшырасаң, Якоб Энгстранды Кіші Гавань көшесінен табасың. (Фру Алвинг пен Освальдқа). Теңізшілерге арналған әлгі мекемені "Камергер Алвингтің үйі" деп айтамыз. Егер бәрі менің ойымдағыдай боп шықса, марқұмның аруағы бір риза боп қалады.
ПАСТОР МАНДЕРС. Иә! Иә! Кәне, жүрейік, қымбаттым! Сауболыңыз! Сауболыңыз! (Энгстран екеуі шығып кетеді.).
ОСВАЛЬД. (Столға беттеп). Жаңағы неменің айтып тұрғаны қайдағы үй?
ФРУ АЛВИНГ. Пастор екеуі тағы да приют сияқты мекеме ашпақшы.
ОСВАЛЬД. О да өртеніп кететін шығар.
ФРУ АЛВИНГ. Оны қайдан шығардың әлі!
ОСВАЛЬД. Бәрі өртенеді. Әкем байғұстан ат қалмайды! Мен де өртенем!
Регина таңдана қарайды.
ФРУ АЛВИНГ. Освальд, байғұс балам! Сен жаңа сол жерге бекер бардың!
ОСВАЛЬД. (Стол басына отырып). Солай болды ғой деймін.
ФРУ АЛВИНГ. Су-су боп қалыпсың, келші бетіңді сүртейін, Освальд. (Бетін сүртеді).
ОСВАЛЬД. Рахмет, мама!
ФРУ АЛВИНГ. Шаршадың ғой, Освальд. Ұйықтасаң қайтеді.
ОСВАЛЬД. Жоқ... жоқ... Ұйықтамаймын. Әншейін тек көзімді жұмып жатқаным болмаса, еш уақытта ұйқым келмейді. Ұйқысы құрғыр қанар-ау.
ФРУ АЛВИНГ. Сен, шындап сырқат екенсің, айналайын.
РЕГИНА. Алвинг мырза сырқат па?
ОСВАЛЬД. Бір түрлі қорқып отырмын. Есіктің бәрін жауып қойыңдаршы.
ФРУ АЛВИНГ. Жауып қойшы, Регина. Регина есіктің бәрін жауып, ауызғы бөлменің есігінің алдына барып кідірт калады. Фру Алвинг орамалын жұлып тастайды, Регина да сүйтеді. Фру Алвинг орындығын қозғап Освальдтың қасына барып отырады
ФРУ АЛВИНГ. Қасыңа отыра тұрайын.,.
ОСВАЛЬД. Иә, отыра тұр. Регина да отырсын. Регина енді менімен әрдайым бірге болсыншы. Сен маған қол ұшыңды бересің ғой, Регина, солай ма?
РЕГИНА. Түсінбей тұрмын.
ФРУ АЛВИНГ. Көмектесесің бе дегені ғой.
ОСВАЛЬД. Иә.
ФРУ АЛВИНГ. Освальд, анаң бар ғой. Анаң көмектеседі.
ОСВАЛЬД. Сен бе? (Күлімсіреп). Жоқ, мама, ондай көмекті сен көрсете алмайсың маған. (Езутартып!), Ха-ха! (Кенет байсалды қалыпта). Әрине, бұ дүниеде маған сенен жақын ешкім жоқ. Регина, сен маған неге "сіз" дейсің! Тіпті, Освальд десең де болады емес пе!
РЕГИНА. Ханым ұнатпай жүрмесе...
ФРУ АЛВИНГ. Иә, көп ұзамай солай да атайтын боласың, кел, жақынырақ отыр.
Регина қысыла-қымтырыла столдың қарсы бетіне барып отырады.
ФРУ АЛВИНГ. Міне, енді, бекер азап шеккен, бейшара балам, жаныңдағы қайғының бетін мен ашайын.
ОСВАЛЬД. Сен бе, мама?
ФРУ АЛВИНГ. Өзіңді өзің бекер жазғырып жүрген ыза мен өкініштен арылтайын.
ОСВАЛЬД. Ол сіздің қолыңыздан келе ме?
ФРУ АЛВИНГ. Келеді енді, Освальд келеді. Сен мана өмір қуанышы туралы айтқанда, менің өмірде көрген-кешкенімді басқа бір жаңа қырынан ұғып, жаным жадырайын дегендей болып еді.
ОСВАЛЬД. (Басын шайқап). Мен бұныңа түсіне алмадым.
ФРУ АЛВИНГ. Егер сен әкеңді баяғы жас лейтенант кезінде көрсең ғой. Асып-тасқан шадыман жігіт сол еді.
ОСВАЛЬД. Мен оны білем.
ФРУ АЛВИНГ. Жүзіне бір қарасаң болды - көңілің қуанышқа толып қоя беретін. Оның үстіне қажымас қайрат, сарқылмас жігерін айтсайшы.
ОСВАЛЬД. Иә, айта бер.
ФРУ АЛВИНГ. Өзі сондай бала сияқты еді. Сол бір ақжарқын аңғал сәби қуаныштан атымен ада шаттықтың орынына оңды-солды бұзақы дыр-думаны ғана бар, құлазыған қалада әскери қызыметтен басқа мақсат та жоқ, міндет те жоқ күлді-көмеш күн кешті. Бойындағы қайратын қайда жұмсарын білмеді. Өмірдегі шын қуаныштың не екенін айтып, ақыл айтар жолдасы да жоқ, серіктерінің бәрі арақ ішті, азғындыққа түскеннен басқаны білмейтін селтеңбайлар еді.
ОСВАЛЬД. Мама?
ФРУ АЛВИНГ. Сөйтіп жүріп, ақыры осындай халға тап болды.
ОСВАЛЬД. Ол қандай хал?
ФРУ АЛВИНГ. Кеше өзің осында қалсам, қандай халға тап болам деп ең?
ОСВАЛЬД. Сонда әкем де...
ФРУ АЛВИНГ. Ол мұнда өз бойындағы ақ жарқын сезіміне аят, құштарлығына тоят таба алмады. Мен де бұл үйге қуаныш боп кірмедім.
ОСВАЛЬД. Сен бе?
ФРУ АЛВИНГ. Маған жастайымнан парыз деген бар, міндет деген бар, соны тыңда, соны орында деп үйреткен, қапелімде мен де сол қысыр өсиеттің дегенінен шыға алмадым.
Әңгімелессек болды, оның міндеті не, менің міндетім не - соны ғана сөз қылдық. Содан бұл сенің әкеңе де тозақ боп көрінді ме деп қорқам.
ОСВАЛЬД. Сен неге бұл туралы бұрын маған ештеңе жазған жоқсың?
ФРУ АЛБИНГ. Бұрын оның бәрін мен дәл бұлайша ұға алмадым, әйтпесе, балам, өзіңе әлдеқашан айтар ем ғой.
ОСВАЛЬД. Сонда қалай деп ұқтың?
ФРУ АЛБИНГ. Мен онда әкеңді сен тумай тұрғанда-ақ құрып біткен азғын адам деп ұқтым.
ОСВАЛЬД. А-а! (Тұрып, терезеге барады.)
ФРУ АЛБИНГ. Оның үстіне, менің ойымша, бұл, балам, тек сенің ғана емес, Регинаның да өз үйі,
ОСВАЛЬД. (Жалт бұрылып). Регинаның ба?
РЕГИНА. (Атып тұрып). Менің бе?
ФРУ АЛВИНГ. Иә. Енді мұны екеуің де біліп алыңдар.
ОСВАЛЬД. Регина!
РЕГИНА. (Өз-өзіне күбірлеп). Е, менің анам сондай адам екен ғой!
ФРУ АЛВИНГ. Регина, сенің анаң көп жағдайда тамаша әйел болатын.
РЕГИНА. Әйтсе де, әлгіндей кісі боп шықты ғой. Бәсе, кейде өз көңіліме де сондай күдік қашушы еді-ау. Қалай дейсіз, ханым, енді маған осы қазір кетуге рұхсат етесіз бе?
ФРУ АЛВИНГ. Бұл шын ойың ба, Регина?
РЕГИНА. Әрине,
ФРУ АЛБИНГ. Еркің өзіңде, бірақ...
ОСВАЛЬД. (Регинаға). Бұл өз үйің болса, қайда бармақсың?
РЕГИНА. Мегзі, Алвинг мырза,.. енді сізді Освальд деуге әбден қақым бар екен. Бірақ, жағдай біз ойлағандай болмай шықты.
ФРУ АЛВИНГ. Сенің алдыңда мен айыптымын... Әлдеқашан-ақ айтуым керек еді.
РЕГИНА. Айтуға да ұят. Бірақ, Освальдтың ауру екенін білсем, бүйтер ме ем... Жарайды, енді ол екеуіміздің ойлағанымыздан ештеңе шықпайды... Жоқ, бұдан әрі мынау ел шетінде жастық шағымды, ауру бағып, азапқа қор қылатын жайым жоқ.
ОСВАЛЬД. Ол ауру кісі өзіңнің ең жақын адамың болса да ма?
РЕГИНА. Жоқ, біліп қой енді. Бейшара қызға жастық шағын бекер өткізу обал. Бір күні дәуренің қалай өтіп кеткенін білмей де қаласың! Жаңағы өзіңіз айтқан өмірге құштарлық менде де бар, мырза?
ФРУ АЛВИНГ. Иә, рас... Бірақ, басыңа ие бол, Регина!
РЕГИНА. Енді, бәрібір, болар іс болмай қоймайды. Освальд әкесіне тартса, мен анама тартыппын. Тағы бір сұрағым бар, ханым, пастор бұл туралы біле ме?
ФРУ АЛВИНГ. Пастор Мандерс бәрін де біледі.
РЕГИНА. Мен тезірек кетейін, әйтпесе кемеден кешігермін. Пастор жақсы адам - оның тілін алмауға болмайды. Жаңағы айтқан ақшасынан құр қалмайын, әйтпесе әлгі ағаш ұстасы бір өзі иемденіп кетер.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, игілігіңе бұйырғай.
РЕГИНА. Ханым, баяғыда-ақ мені зиялы адамның баласындай қып тәрбиелесеңіз қайтер еді, оның енді көп пайдасын көретін едім ғой. Жарайды, болар іс боды! (Шампанға қарап). Мен әлі-ақ зиялылармен бірге шампан ішіп шалқып отыратын болам.
ФРУ АЛВИНГ. Туған үйіңді сағынсаң, маған қайтып келерсің, Регина.
РЕГИНА. Жоқ, оныңызға кеп-кеп рахмет. Пастор Мандерс менен қолғабысын аямас. Жағдайым тіпті болмай бара жатса, қай үйге баратынымды өзім білем.
ФРУ АЛВИНГ. Ол не тағы үй?
РЕГИНА. Камергер Алвингтің приюті.
ФРУ АЛВИНГ. Регина, ол үйге барып опа таппайсың!
РЕГИНА. Жә, көрерміз! Асығып! (Тағзым етіп шығып кетеді)
ОСВАЛЬД. (Терезеге қарап). Кеткені ме!
ФРУ АЛВИНГ. Иә.
ОСВАЛЬД. Қалай-қалай оңбай кеткен бәрі де.
ФРУ АЛВИНГ. (Қасына барып). Освальд, бұның бәрі қабырғаңа қатты батып тұр ма?
ОСВАЛЬД. Әкемнің жайын айтасың ба?
ФРУ АЛВИНГ. Иә, әкең бейшараны айтам. Соны ойлап қатты қамығып тұрсың ба деп қорқам.
ОСВАЛЬД. Оны қайдан шығардың тағы? Әрине, таңғалуын таңғалдым. Бірақ, маған бәрібір соның!
ФРУ АЛВИНГ. Қалайша? Әкеңнің осыншама бақытсыз боп дүниеден өткені жаныңа батпай ма?
ОСВАЛЬД. Иә, тек ол ғана емес, оның орынында кім болса да, аяуын аяймын ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Бар айтарың сол ғана ма?
ОСВАЛЬД. (Тыжырынып). Әкең, әкең дей бересіз. Мен оны тіпті біліп жарытпаймын. Бір рет соның қырсығынан жүрегім айнып азапқа түскенім ғана есімде қалыпты.
ФРУ АЛВИНГ. Мынауың сұмдық қой! Сонда бала дегеннің өз әкесіне деген өзгеше бір қимас сезімі болмайтын ба еді?
ОСВАЛЬД. Ал, егер, әкесінен қимайтындай ештеңе көрмесе, тіпті оны дұрыстап білмейтін болса, қайтпекші?
Әлде сен осынша оқыған-тоқыған білімдар басыңмен ескіліктің әлгіндей-әлгіндей әсіреңкі ұғымдарына әлі сенесің бе?
ФРУ АЛВИНГ. Сонда әкені құрметтеу де ерсі ұғым болғаны ма?
ОСВАЛЬД. Мама-ау, түсінсеңші енді, бұның бәрі әу баста адамдарға қорқыныш болсын деп ойдан шығарылған көп қисынның бірі ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Кісінің әншейін үрейін ұшыратын қорқынышты елестей бірдеңе ғана болғаны ма!
ОСВАЛЬД. Иә, тіпті солай десең де болады.
ФРУ АЛВИНГ. Сонда сен мені де жақсы көрмейсің бе?
ОСВАЛЬД. Сені, әйтеуір, ең болмағанда білем ғой...
ФРУ АЛВИНГ. Одан басқа тағы не айтасың?
ОСВАЛЬД. Мені өліп-өшіп жақсы көретініңді де білем. Ол үшін өте қарыздармын. Оның үстіне маған мынадай ауру кезімде тигізер қайырың да ұшан-теңіз.
ФРУ АЛВИНГ. Иә, Освальд, рас айтасың? Сенің мына өз қасыма келуіңе мәжбүр қылған ауруыңа да ризамын. Сен мені жат санап, жатырқайды екенсің, ол ойыңнан айықтыру маған міндет болсын.
ОСВАЛЬД. (Тыжырынып). Иә, иә. Бірақ, соның бәрі әншейін әңгіме ғой. Сен, мама, менің ауру кісі екенімді ұмытпа. Маған өзгенің жайын ойлай беру пайда емес. Тіпті өз жайымды ойлау да оңайға түсіп жүрген жоқ.
ФРУ АЛВИНГ. Маған тек, Освальд, қасымда болсаң болғаны.
ОСВАЛЬД. Жабырқамайсың ба, мама!
ФРУ АЛВИНГ. Иә, балам, жабырқамаймын. (Қасына барып). Маған тек әлгі өзіңе өзің ыза боп, өз өтіңді өзің жұлып жегеніңді қойсаң болды.
ОСВАЛЬД. Иә, оны қойдым. Бірақ, мынау қыр соңымнан қалмай қойған үрейден қайтіп құтылам?
ФРУ АЛВИНГ. Ол не үрей?
ОСВАЛЬД. Регина болса, сұрамай-ақ білер еді-ау!
ФРУ АЛВИНГ. Түсінсем де дейсің. Ол үрейдің Регинаға қатысы қанша?
ОСВАЛЬД. Енді оған түсінуге өте кеш, мама.
ФРУ АЛВИНГ. Таң атып қалыпты. Тау шыңдарына нұр тарапты. Аспан ашық екен. Бүгін күннің көзін көретін болдық, Освальд.
ОСВАЛЬД. Жақсы болды. Менің алда әлі жарқырап атар талай таңым бар шығар - өмір қызығын осымен тауысқан жоқ болармын.

ФРУ АЛВИНГ. Әрине, балам.
ОСВАЛЬД. Егер жұмыс істей алмасам...
ФРУ АЛВИНГ. Айналайын, сен көп ұзамай жұмысыңа ораласың. Әлгі іштегі құсаңнан арылдың.
ОСВАЛЬД. Иә, ол азаптан арылтқаның әбден дұрыс болды. Енді біреуінен құтылсам... (Диванға отырады). Кел, тағы да,. сөйлесейік, мама!
ФРУ АЛВИНГ. Сөйлессек, сейлесейік! (О да диванға отырады.)
ОСВАЛЬД. Мен әңгімемді айтып болғанша, күн де шығар. Мен мынау үрейден де құтылармын.
ФРУ АЛВИНГ. Ол не әңгіме?
ОСВАЛЬД. Мама, мана кешқұрым маған қай қолқаңды да орындаймын демедің бе?
ФРУ АЛВИНГ. Иә, дегем.
ОСВАЛЬД. Сол сөзіңе тұрасың ба?
ФРУ АЛВИНГ. Одан қам жеме, жалғызым. Мынау жер бетінде тек бір сен үшін жүрмін ғой.
ОСВАЛЬД. Ендеше, тыңда... Сен, мама, қажырлы адамсың. Қазір менің әңгімемді естігенде абыржымайтын бол, өзіңді бекем ұста.
ФРУ АЛВИНГ. Соншалықты қорқынышты әңгіме ме?
ОСВАЛЬД. Өзіме бекем болам деп уәдеңді бер. Айқайламайсың, абыржымайсың, жайбарақат тыңдайсың. Келістік пе?
ФРУ АЛВИНГ. Келістік, айта бер!
ОСВАЛЬД. Әлгі бір айықпайтын шаршау-қалжырау, жұмысқа құлқым болмау - бар ауруым тек ол ғана емес.
ФРУ АЛВИНГ. Сонда тағы не бар?
ОСВАЛЬД. Әлгі дәрігердің тұқым қуалаған дертің бар деп жүргені, (Маңдайын көрсетіп), міне, мына жерде.
ФРУ АЛВИНГ. (Шошып). Освальд! Жоқ жо-жоқ!
ОСВАЛЬД. Айқайлама. Мен айқайлағанды ұнатпаймын. Иә, ол дерт тап осыңда тап берер сағатын тапжылмай тосып отыр. Бір күн болмаса бір күні шеңгелін салатын шығар.
ФРУ АЛВИНГ. Бұ не сұмдық!
ОСВАЛЬД. Тынышталшы тек... Менің жағдайым осындай...
ФРУ АЛВИНГ. (Атып тұрып). Бұның өтірік, Освальд. Олай болуы мүмкін емес. Жоқ, жоқ, жоқ!
ОСВАЛЬД. Ол бір рет ұстаған. Бірақ, тез айыққам. Артынан ол не ауру екенін анықтап білгенімде, мені бір үрей алды да, осында, үйге жеткенше асықтым.
ФРУ АЛВИНГ. Үрей, үрей деп жүргенің осы екен ғой!
ОСВАЛЬД. Иә, оны айтып жеткізу мүмкін емес. Алмай тынбайтын әншейін ауру болса, ештеңе емес қой. Мен өмірге қанша құштар болсам да, тап өлімнен есі қалмай қорқатындай су жүрек емеспін.
ФРУ АЛВИНГ. Жоқ, сен өмір сүресің!
ОСВАЛЬД. Бірақ, ол не оңған өмір. Қайтадан біреу тамақтандырып, біреу күтетін бейшара сәбиге айналам... Жоқ, одан өмір болмас.
ФРУ АЛВИНГ. Сәби болсаң - анаң күтеді.
ОСВАЛЬД. (Ұшып тұрып). Жоқ, оның бетін құдай көрсетпесін. Менің ең қорқатыным да тап сол бейшара тірлік. Солай тірідей көз күйік боп ұзақ өмір сүрсем, солай қартайып алжысам - одан сұмдық не бар? Сүйтіп жүріп, сен де өлерсің. (Анасының қасына кеп.). Жоқ, ол ауру енді ұстаса, артын ажал деп ұқ деген әлгі дәрігер. Ол мұны мидың жидуі дейді. (Кекесін күлкімен). Аты да тамаша ғой шіркіннің. Соны айтқанда көз алдыма өңі кеткен көкшіл барқыттай көгеріп кеткен ми елестейді, қолыммен ұстап көргім кеп кетеді.
ФРУ АЛВИНГ. (Ұшып тұрады). Освальд!
ОСВАЛЬД. (Тағы да бөлме кезіп). Сен мені Регинадан да айырдың. Ол болса, қол ұшын берер еді.
ФРУ АЛВИНГ. (Қасына барып). Не айтып тұрсың, балам-ау? Дүниеде саған дауа болар көмек болса, мен аянып қалар дейсің бе?
ОСВАЛЬД. Өткен жолы дәрігер бұл енді ұстаса күдеріңді үзе бер деп еді.
ФРУ АЛВИНГ. Өзі неткен тас жүрек кісі еді!
ОСВАЛЬД. Қапыда қалмайын, артыма айтып кететін өсиетім бар еді деп, жалынып-жалпайып айтқыздырған мен едім. (Күлімсіреп). Оным рас. (Қойып қалтасынан қорапша суырып). Мама, міне, көріп қой.
ФРУ АЛВИНГ. Бұл немене?
ОСВАЛЬД. Морфий.
ФРУ АЛВИНГ. (Шошып). Освальд, айналайын...
ОСВАЛЬД. Біраздан бері сақтап жүрмін.
ФРУАЛВИНГ. (Қолына жармасып). Маған бер, Освальд!
ОСВАЛЬД. Әзір ерте, мама. (Қайта тығып қояды)
ФРУ АЛВИНГ. Мынауың сұмдық екен.
ОСВАЛЬД. Шыдау керек. Регина болғанда, мен оған ақырғы қолқам - осы уды бер деп айтсам, ол бас тартпайтын еді.
ФРУ АЛВИНГ. Қайдағы жоқты айтпа!
ОСВАЛЬД. Артынан ол бейкүна сәбидей боп бейжай өліп жатқанымды бір-ақ көрер еді.
ФРУ АЛВИНГ. Регина, ғұмыры ондайға дәті бармайды.
ОСВАЛЬД. Жоқ, барады. Ол нені болса да ойланып-толғанып жатпайды, тез істейді. Оның үстіне ауру күтуден өзі-ақ жалыққан болар еді.
ФРУ АЛВИНГ. Ол қыздың жоғы жақсы болды ғой.
ОСВАЛЬД. Ендеше, мама, ол шаруаны енді өзің істейсің!
ФРУ АЛВИНГ. (Шыңғырып жібереді). Мен бе!
ОСВАЛЬД. Сенен басқа кім істейді?
ФРУ АЛВИНГ. Мен бе? Туған анаң ба?
ОСВАЛЬД. Иә.
ФРУ АЛВИНГ. Сонда өзім туып, өзім өлтірмекпін бе?
ОСВАЛЬД. Мен сенен өмір сұрағаным жоқ. Сондағы сыйлаған өмірің осы болса, адыра қалсын! Қайтып ал!
ФРУ АЛВИНГ. Ау, кім барсың? Көмектесе гөр! (Ауызғы бөлмеге жүгіреді).
ОСВАЛЬД. (Қуып жетіп). Мені тастай көрме! Қайда барасың?
ФРУ АЛВИНГ. Дәрігер шақырайын. Жібер, Освальд!
ОСВАЛЬД. Жібермеймін. Мұнда ешкімді кіргізбеймін. (Есікті бекітіп алады.)
ФРУ АЛВИНГ. Освальд! Освальд! Ұлым.
ОСВАЛЬД. (Екеуі қайтып келе жатып). Егер кеудеңдегі ананың жүрегі болса, менің мына азабыма қайтып шыдайсың, қайтып аямайсың, жанталасып жатқан ақырғы сағатымда қол ұшыңды қайтып бермейсің?
ФРУ АЛВИНГ. (Біраз ойланып барып). Міне, қолым.
ОСВАЛЬД. Енді келісесің ғой.
ФРУ АЛВИНГ. Ондай күн туып жатса, келіспеске амал бар ма? Бірақ, ол ешқашан болмайды. Болмайды! Болмайды!
ОСВАЛЬД. Аузыңа май. Лайым болмағаны жақсы. Онда екеуміз бірге ұзақ емір сүреміз. Рахмет, мама. (Диванның қасындағы креслоға отырады.).
ФРУ АЛВИНГ. (Освальдтың қасына барып). Енді тынышталдың ба?
ОСВАЛЬД. Иә.
ФРУ АЛВИНГ. (Еңкейіп). Освальд, бұл әншейін көзіңе қос боп көрініп жүрген бірдеңе шығар. Әрине солай. Анадағы аурудан қатты шошынғансың ғой. Енді өз үйіңде, анаңның қасында жақсылап демаласың. Бала кезіңдегідей не сұрасаң, сол табылады. Міне, көрдің ғой - әлгі ұстамалың да өтті. Көрдің бе, теп-тез өтті де кетті. Сені сезем ғой. Қарашы, Освальд, қандай тамаша таң атты! Күннің көзі қалай-қалай күлімдейді! Енді сен туған жеріңді бар көркімен көре аласың. (Столдағы шамды сөндіреді).
Күн шығып келеді. Шың басы, көл төңірегі түгел жарқырап тұр.
ОСВАЛЬД. (Терезеге қарап отырып), Мама, маған күнді алып берші!
ФРУ АЛВИНГ. Не дейсің, балам.
ОСВАЛЬД. Күн деймін, күнді алып берші!
ФРУ АЛВИНГ. Освальд, жаным, саған не болды!
Освальд креслоға шөге түседі, өңі бұзылып кеткен.
ФРУ АЛВИНГ. (Дірілдеп). Бұ не? (Шынғырып). Освальд! Не болды? (Алдына тізерлеп, қолымен жұлқылайды.). Освальд! Освальд! Қарашы маған! Танисың ба мені!
ОСВАЛЬД. Күн... Күн...
ФРУ АЛВИНГ. (Атып тұрып, шашын жұла айқайлап.). Жоқ, бұған төзе алмаймын! (Сыбырлап). Төзе алмаймын! (Кенет). Әлгісі қайда еді? (Баласының қойнын ақтарып). Міне, таптым! (Кейін шегініп). Жоқ, жоқ, жоқ! (Баласынан екі адым жерде, қос қолын төбесіне қойып, ұлына қарап сұлқ тұрып қалады.)
ОСВАЛЬД. (Сол отырған күйі). Күн... Күн...


Пьесада фраицузша келтірілген сөздердің аудармасы
Ғі dоnk - ту, ұят-ай!
Ріеd dе monton - маймақ
Bien - жақсы
Vermoulu - құрт жеген

Кітапты көшеру