ВЕРНУТЬСЯ

Хас атбегі – дана адам,Сырын ішке сақтайды.Сәлден кейін аламан,Басталады ат бәйге. Тосқанда өзі құлағын,Дәл жаныма таяп кеп.Атамнан мен сұрадым-Ең жүйрік ат қай ат?- деп. Маңыз беріп өнерге ең,Деп ұрпаққа азық – ты.Ұлы Абай өлеңменАттың сынын жазыпты. Қысып бойын ар – намыс,Тұлпарларын баптаған.Қобыланды, АлпамысҚұртқан жауын қаптаған. Көңіліңе түй мұны,Өзгеше сын – сымбаты.Жүйріктердің жүйрігі –Батырлардың мінгі аты!