ВЕРНУТЬСЯ

Ерте,  ерте,  ертеде,Бір  қатыгез  хан  болды.Өнер  десе  жиіркенеҚарайтұғын  жан  болды. Кім  өнерлі,  даңқты,Хан  кесір  деп  таныпты.Басын  допша  қағыпты,Не  зынданға  салыпты. Буыны  жоқ  бишілерТөмен  бұғып,  жасыпты.Небір  әнші,  күйшілерКөрші  елдерге  қашыпты. Жүк  артып   көп  атанға,Нөкер  ертіп  саны  мың.Бірде  алыс  сапарғаАттандырды  хан  ұлын. Қатыгез  хан – ұлы  ханНардай  шөгіп,  солғаны.Өйткені  оның  ұлынанХабар – ошар  болмады. Не  тап  болды  сорына,Жер  шетіне  барды  ма?Түсті  ме  жау  қолына,Жоқ,  ауырып  қалды  ма? Жатыр  ма  той  өткізіп,Тауып  жайлы  бір  мекен?Қолға  олжа  көп  түсіп,Көтере  алмай  жүр  ме  екен? Болғаны  ма  елі  ұмыт,Қалай  бұған  сенеді?Сан  түрлі  ойға  беріліп,Хан  тамағын  жемеді.Отырғанда  ой  соңында,Жақтырмай  еш  жанды  да.Домбырасы  қолындаШал  келді  хан  алдына: «Тақсыр,  ханым,  өнердіңБар  ма,  сірә,  жаманы.Күй  тартқанды  елер  кім,Жабар  оған  жаланы. Сүйіншіңді  дайында,Күй  сарыны – дерт  емі.Сенің  ұлың  жайындаДомбырам  сыр  шертеді». Жалт  қарады  хан  сонда,Үміт  оты  тұтанып.«Бір  қап  алтын  алсаң  да,Қалман,-  деді,- жұқарып». «Тыңдаңызшы,  тәңірім,Мына  күйдің  сарынын.Жігер – күшті  жанығын,Балаңызды  танығын». Деп  отырып  көңілді,Бастап  кетті  шал  күйді.Шанақтан  үн  төгілді,Ал  қабағын  хан  түйді. Түнді  түріп  жарығы,Жұлдыз  сиреп,  таң  да  атты.Елтітіп  күй  сарыны,Ұзақ  ойға  хан  батты. Бір  керуен  келеді,Артқандары – олжасы.Бәйгекермен  желеді,Хан  баласы – қол  басы. Таң  жаңа  атқан  арайлап,Тұр  құлпырып  бар  аймақ.Келе  жатыр  мал  айдап,Бұл  керуен  сан  айлап. Жігіттері  ер  жүрек,Найза,  садақ  асынған.Жалаулары  желбіреп,Жаудың  құтын  қашырған. Хан  көңілді: «Жә!- деді,Белгі  беріп  қолымен,-Күй  тарттың  сен  әдемі,Көптен  құса  болып  ем. Шалым,  қиын  шақта  бұл,Көңілімді  демедің.Толтырам  да  қапқа  бірСаған  алтын  беремін. Айызымды  қандыра,Көңіл  шері  тарқасын.Отырып  ап  алдыма,Күн  сайын  күй  тартасың». Масаттанып  хан  тұрды,Айтты  күйші  табанда:-Алмаймын  мен  алтындыОн  саусағым  аманда. Күн  артынан  күн  өтті,Бір – бірінен  аумаған.Шал  да  күйін  үдетті,Хан  жүрегін  баураған. Бірде  ханның  құлағы,Түк  естімей  қалады.Таусылып  бар  шыдамы,Есінен  ол  танады. Жаспен  шайып  жанарын,Хан  төсекке  құлаған...Баласының  хабарынЖеткізе  алар  кім  оғанЖалба – жұлба  киімі,Бірақ  өткір  жанары.Сәлем  беріп  иіліп,Біреу  ханға  барады. Ақ  матаны  алдырып,Салды  сурет  әлгі  адам.Бояуына  жан  кіріп,Жақындады  хан  да  оған. Хан  отырды  шаттанып,Үстінен  жүк  ауғандай.Деп  күйшінің  тартқанын Салды  бұл  да  аудармай. Бір  керуен  келеді,Артқандары – олжасы.Бәйгекермен  желедіАлда  ұлы – қолбасы. Таң  жаңа  атқан  арайлап,Тұр құлпырып  бар   аймақ.Қолбасыға  қарайлапЖігіттер  жүр  мал  айдап. Бәрі  де  оның  ержүрек,Найза,  садақ  асынған.Жалаулары  желбіреп,Жауынан  құт  қашырған. Суретші  маңдайын,Сипап  қойды  жеңімен.Қақты  дағы  таңдайын,Хан  деді  оған: «Бері  кел. Отырғанда  арып  кеп,Қуанышқа  бөледің.Үйіңе  сен  алып  кет,Бір  қап  алтын  беремін». Болған  кезде  жүрмекші,Байлығы  асқан  жандай  бір.Айтты  оған  суретші:«Алтыныңды  алмаймын! Қуанғаны  көп  елдің,Маған  бақтың  қонғаны –Құдіретін  өнердіңТүсінсеңіз  болғаны». Шығара  алмай  артық  үн,Ойланумен  хан  қалды.Екінші  рет  алтынынӨткізе  алмай  таң  қалды.Ертесіне  таңертең,Ұйқысы  оның  келмеді.Жолға  қарап  хан  ерте,Өз  көзіне  сенбеді.Нөкерлері  қасындаСап  түзеген  қатардан.Ханның  ұлы  расындаКеле  жатты  сапардан. Алтын  толған  шелекпенЖұртқа  шашу  шашылды.Қуаныштан...кенеттенХан  құлағы  ашылды.«Ей,  халайық,  тыңдаңдар,Жасың  менен  кәрің  де.Босатыңдар   зынданнанӨнерлінің  бәрін  де».Атты  алысқа  шаптырып,Хан  жарлығын  таратты.Ел  оянып,  шат  күліп,Өзгеше  бір  таң  атты.