ВЕРНУТЬСЯ

Жау  қолына  түсті  жігіт,Өнерлі  де  күшті  жігіт.Арқасына  нән  дойырданТаңба  түскен  үш  тілініп. Білмеуші  еді  бас  пайданы,Жанбады  оның  жастай  бағы.Жаулары  оған  кісен  салып,Мойнына  ауыр  тас  байлады. Жарты  әлемнің  ғұламасы –Дарға  асулы  тұр  ағасы.Көз  алдында  өзі  салған,Жатты  өртеніп  мұнарасы. Хан  мінді  де  қаһарына:«Даңқ  қосар  атағыма,Әлем  білген  бұл  шеберді,Жеткізіңдер   шаһарыма!»  Деп   бұйырып  жүре  берді,Жігіт  тағы  дүреленді.Қарқылдасты  көп  нөкерлер,«Қайдан  алдың  бұл  өнерді? - Қайтып  мұнда  келесің  бе?-Амалың  жоқ  ересің  де.Тіліп  түсер  өз  жоныңдыДойыр  өріп  бересің  бе? Деді  бірі: «Бұл  неменіСорсын  зындан  бүргелері».Жарақатын  ауырсыныпЖігіт  бірақ  үндемеді. Айлар,  күндер  өтті  жылжып,Шебер  жігіт  кетті  жүнжіп.Келе  жатыр  ол  айдалып,Мойнын  ысып,  жепті  қыл  жіп. Нан  пісетін  от – деміне,Азап  шегіп  бектері  де.Сегіз  айда  әлсірегенХан  әскері  жетті  еліне. Хан  жинатып  бар  халықты,Бар  даусымен жар  салыпты:«Талай  елді  талқандаймын,Болса – дағы  қанша  мықты! Ақындардан  өлең  қалды,Депті  олар  да  өнер  мәңгі.Бір  сөз  айтам  барлығыңаӘкеліңдер  шеберді  әлгі. Тұтқын  жігіт – бас  шеберімБоласың  сен  әсте  менің.Бас  бостандық  бермесем  де,Тегін  тамақ,  ас  беремін. Айтқанымды  істе  менің,Болар  алда  ішпегенің.Зәулім  сарай  тұрғызып  бер,Сан  мың  адам  күш  беремін». Жыбырлап  хан  қас – қабағы:«Берем  жайлы  баспананы,-Деді  жайлап, - Бүгін   дем  ал,Ертең  жұмыс  басталады!» Ойланды  да  білек  түріп,(О,  бұл  неткен жүректілік!)Кірісті  іске  тұтқын  жігіт,Әр  қимылын  жыр  етті  жұрт. Ғимарат   тез биіктеді,(Күн  де  тұрды  күйіп, тегі).Хан: «Жинасам  сарайымаКетсін  халқым  сыйып», - деді. Жігіт  жүрді  санап   күнді,Қол  сарайды  қамап  тұрды.Қабырғаға  ол  алтындыХан  көзінше  жалаттырды. Әшекейлеп,  сәнді  қылып,Ою  - өрнек  салды  жігіт.Түу  биікке  қараймын  деп,Қалды  бірде   хан  жығылып. Шындығында  бұл  кездеріКүнді  сүйіп  күмбездері,Биік  сарай  созып  мойын,Қызықтырып  тұрды өзгені. Бұл  шебердің  соры  ма  еді,Әлі  қанша  өріледі?Сарай  таңда,  түсте,  кештеӘр  түсті  боп  көрінеді. Жұмыс  бітті  бір  күндері,Хан  жүрегі  дүрсілдеді.Бірақ  жігіт  көңілді  емес,Қалыпты  тек  құр  сүлдері.Ханға  сарай  қатты  ұнады,Жарылуға  шақ  тұр,  әне.Тұңғыш  рет  бөркін  алып,Аспандата   лақтырады. Әкеткендей  мұңды  өзімен,Секіргендей  күн  көзінен.Шебер  жігіт  сол  сарайдыңҚұлап  өлді  күмбезінен. Басын  жұтқан  сан  айлардың,Соңында  оның  сарай  қалды.Тұтқын  салған  әшекейлерКүн  нұрымен  арайланды. Жұрт  ғалымнан  сұрады  енді:«Жігіт  неге  құлап  өлді?»Сырын  ашты ол,  әшекейлерЖазу  болып  шыға  келді: «Сүйем  ән – күй,  жырды  ғана,Көкейімде  құмды  дала.Күндер  өтер,  күмбездегіОқыр  сөзді  бір  ғұлама. Қош  бол,  туған  жерім  менің,Алдым  ханнан  елім  кегін.Өнер  биік  әрқашан  да,Ендеше  мен  төріңдемін! Болғаннан  соң  алдым  тұйықҚұсадан  мен  жандым  күйіп.Туған  жерді  көру  үшін,Бұл  сарайды  салдым  биік!