ВЕРНУТЬСЯ

Күтумен сын сағатты,Қиындықты көп көріп.Атандарын жаратты,Тату достар – Бек, Берік. Қонар кімге бақ құсы,Ей, ағайын, қараңдар,-Той иесі – қарт кісіТұр айқайлап: Жарандар,- Кімде қандай сұрақ бар,Тарту көп               салт – дәстүрде.Болыңыздар құлағдар,Автокөлік –                     бас жүлде! Достар  тұрды қатарға әр,Қызықты бұл көр енді.Иір мойын атандар,Тапырақтай жөнелді. Шаң құндақтап өрісті,Солқылдайды кең алап.Көз сорады дөң үсті,Көзілдірік керек – ақ! Айқай – шуға толы маң,Топ тізбегі сөгілді.Әр атанның соңынанЖапырақ – із төгілді. Кім алмақшы жүлдені,Зор мәртебе – ұтқанға.Бек пен Берік ілгеріСуырылып шықты алға. Бектің бағы жанды да,Кетті озып Беріктен.Атан мініп барды даҚайтты үйге автокөлікпен.