ВЕРНУТЬСЯ

Той  дегенде  тұрған  ба,Қызыққа  әрбір  жан  құмар.Ойын  қызып  бұл маңда,Түсте  көкпар  тартылар.Келгін  туыс, жақындар,Мереке  ғой   бүгін  нақ.Айтысқанда  ақындарКетті  ел – жұрт  шуылдап.«Жүрмей  босқа  сабылып,Қолдан  намыс  бермеңдер!»Кепшік, дабыл  қағылып,Мойнын  созар  кернейлер. Алтыбақан  тербеліп,Көтеріліп  ән  тәтті.Көкке  тиын, теңге  іліп,Хас мергендер  жамбы  атты. Бәйге  аттары  жарысып,Алға  шықты  кер  бесті.Анау  жақта  алысып,Палуандар  белдесті. Тыңда,  досым,  тұра  қап,Күй  кернеді  аспанды.Бітіп  «Тоғызқұмалақ»«Атан жарыс» басталды. Қарттардан  ап  бата  мың,Самғар  көңіл  қияға.Той  дегенмен  аты  оның,Той – кіші  олимпиада!